|
|||||||||||||||||
азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білімСтр 1 из 7Следующая ⇒ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім
Тіркеу № _____________ «____»__________2020 жыл
ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАCЫ
ФИЗИКА (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) негізгі орта білім базасында
Нұр-Сұлтан 2020
Бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағытындағыжалпы білім беретін пәндер бойынша оқу-әдістемелік бірлестігіндеқаралды және ұсынылды Хаттама № 2 « 03 » шілде 20 20 жыл
Бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды Хаттама № 1 « 15 » шілде 20 20 жыл
Мазмұны
1. Түсіндірме жазба Үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленген. Ұсынылған әдебиеттер тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған. Мақсаты: білім алушылардың ғылыми дүниетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру. Міндеттері: 1) білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету; 2) білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру; 3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; 4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану. Қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған физика пәнінің үлгілік бағдарламасында 9 бөлім қарастырылған: «Механика», «Молекулалық физика», «Электр және магнетизм», «Тербелістер», «Толқындар», «Оптика», «Кванттық физика», «Нанотехнология және наноматериалдар», «Космология». Физика пәнінің жұмыс бағдарламасының жалпы сағат көлемі қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін 60 сағатты құрайды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар: - оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу процесін бақылау түрлерін таңдауға; - оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен); - оқу бағдарламасын оқуда оның ретін негіздеп өзгертуге.
|
|||||||||||||||||
|