|
||||
Тербелістер4. |
Тербелістер | Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер; механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық. Айнымалы ток генераторы; еріксіз электромагниттік тербелістер; айнымалы ток; электр тізбегіндегі кернеу резонансы; Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану.
| 1) Механикалық қозғалыстың физикалық шамасының периодтық өзгеруін түсіндіру. | 1) Эксперименттік, аналитикалық және графиктік тәсілмен гармоникалық тербелісті (х(t), v(t), a(t)) сипаттайды. |
2) Электр және магнит өрістері энергиясының өзара түрленуімен ұштасқан зарядтың, ток күшінің және кернеудің периодты өзгеруін сипаттау. | 1) Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді сәйкестендіреді; 2) Еркін және еріксіз тербелістердің пайда болу шарттарын сипаттайды. | |||
3) Сыртқы ЭҚК әсерінен туындайтын мәжбүрлі электромагниттік тербелістерді сипаттау. | 1) Физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен электр қозғаушы күшінің максималды және әсерлік мәндері) қолданып, айнымалы токты сипаттайды; 2) Резонанс шартын түсіндіреді және оның қолданылуына мысал келтіреді; 3)Трансформатор орамасындағы орам санын эксперимент арқылы анықтайды; 4) Генератор моделін қолданып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін зерттейді; 5) Электр энергиясын тасымалдау үшін жоғарғы кернеудегі айнымалы токтың экономикалық артықшылықтарын түсіндіреді; 6) Қазақстандағы электр энергиясы көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды. | |||
5. | Толқындар | Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы; радиобайланыс; детекторлы радиоқабылдағыш; аналогты-сандық түрлендірулер; байланыс арналары; байланыс құралдары. | 1) Электромагниттік толқынның таралу механизмімен танысу. | 1) Электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын түсіндіреді және олардың қасиеттерін сипаттайды; 2) Жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің модуляциясы мен детекторлауды сипаттайды; 3) Радиоқабылдағыш тың жұмыс істеу принципін түсіндіреді; 4) Аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіреді. |
|
||||
|