|
|||
Электр және магнетизмЭлектр және магнетизм | Электр заряды, Кулон заңы, электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі, біртекті электр өрісіндегі электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар арасындағы байланыс, электрсыйымдылық; конденсаторлар; сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр өрісінің энергиясы. Электр тогы, ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі; толық тізбек үшін Ом заңы, электр тогының жұмысы мен қуаты, ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті, пайдаланылған энергия құны. Металдардағы электр тогы; асқын өткізгіштік, жартылай өткiзгiштердегi электр тогы, жартылай өткізгішті құралдар, электролит ерiтiндiлерiндегi электр тогы, электролиз заңы, газдардағы және вакуумдегi электр тогы. Магнит өрісі; тогы бар өткізгіштердің әсері, Ампер тәжірибесі, магнит индукциясының векторы; бұрғы ережесі; Ампер күші; зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі қозғалысы; заттардың магниттік қасиеттері; жасанды магниттер; соленоид. Магнит ағыны, электромагниттiк индукция, электромагниттiк индукция заңы; Ленц ережесі; магнит өрісінің энергиясы; электрқозғалтқыш және тұрақты токтың электрогенераторы.
| 1) Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуін сипаттау. | 1) Электр өрісінің қасиеттерін түсіндіреді және оның күштік сипаттамасын анықтайды; 2) Электр өрісінің қозғалыстағы заядтарға әсерін сипаттайды; 3)Гравитациялық және электростатикалық өрістердің қасиеттерін салыстырады; 4) Қарапайым электр тізбегіндегі конденсатордың ролін түсіндіреді. |
2)Тұрақты ток заңдарын түсіндіру. | 1) Толық тізбек үшін Ом заңын қолданады және қысқа тұйықталудың салдарын түсіндіреді; 2) Ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергі ұғымын түсіндіреді. 3) Тұрмыстағы электр құралдарының жұмыс құны мен қуатына практикалық есептеулер жүргізеді; | ||
3) Электр тогын сипаттайтын шамалар туралы заңдарды білу. | 1) Әртүрлі ортада электр тогының пайда болуын салыстырады; 2) Электролиздегі электр тогы шартын эксперимент арқылы анықтайды; 3) Жартылай өткізгіштегі құралдардың қолданылуына мысалдар келтіреді; 4) Асқын өткізгіштік құбылысы мен практикалық қолданылуын сипаттайды. | ||
4) Қозғалыстағы зарядқа әсер ететін заттың түрін (ток өткізгіштер, магниттік моменті бар денелер) сипаттау. | 1) Өткізгіштердің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды анықтайды; 2) Сол қол ережесін қолданады және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттайды; 3) Магнитті материалдардың заманауи қолдану аймағы мен қолдану үрдісін атайды. | ||
5) Электромагниттік индукция құбылысын сипаттау. | 1)Магнит ағыны өзгеру салдарынан электр қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіреді; 2)Ленц ережесін түсіндіреді; 3) Электромагниттік құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіреді; 4)Магниттік-резонанстық томографияның практикалық маңыздылығын түсіндіреді. | ||
|
|||
|