Б.Қаратаев-бірінші қазақ заңгері және қоғам қайтаркері.
27.Б.Қаратаев-бірінші қазақ заңгері және қоғам қайтаркері.
Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы1860 жылы Жайық өңірінің Қаратөбе ауданындағы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Ол Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі. 1890 жылы оны ІІ дәрежелі алтын медальмен үздік бітіреді. Алған мамандығы бойынша Петербургте, Кутаисиде және Орынборда бірнеше жыл тергеуші болып істейді. 1897 жылы туған жеріне қайта оралып, Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды. 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген. 1907-1916 жылдары ағартушылық жұмыстармен айналысып, «Қазақстан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмектеседі. 1918 жылы облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. Сол жылы наурызда әскери үкімет бүлік ұйымдастырып, облыстық кеңес мүшелерін (ішінде Қаратаев та бар) тұтқынға алды. 1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облревкомының құрамында ұлттар коллегиясын басқарды. 1919 жылы 24 шілдеде Қаратаев Қазақ әскери ревкомының мүшелігіне тағайындалды. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық І съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АССР-інің еңбекшілері құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. Қазақ АССР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің ІІ Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты.ІІ Мемлекеттік Думаның аграрлық комиссиясының құрамында М.Тынышпаев пен Б.Қаратаев болды.Бақытжан Қаратаев Думаның аграрлық заң жобасын жасауға араласады.1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда өткен кеңестердің Бүкілқазақстандық І съезіне Б.Қаратаев делегат болды.Б.Қаратаев Кеңестердің Бүкілқазақстандық ІІ съезіне де делегат болып қатынасады.
|