![]()
|
|||||||
А.Байтұрсынов-ғылым және қоғам қайраткері.28.Мұстафа Шоқайдың саяси қызметі мен тарихтағы орны. – бүкілсаналы ғұмырын қазақ халқының, жалпы түркі халықтарының бостандығы мен тәуелсіздігіне арнаған тұңғыш эмигрант күрескер, саяси қайраткер. Алаш алыптарының тобында Мұстафа Шоқай орны бөлек.Мұстафа Шоқай өмірінің соңғы 20 жылдан астамын жат жерде өткізді. Бірақ 1941 жылдың аяғында көз жұмғанша жас кезінде таңдап алған туған халқының тәуелсіздігі үшін күресі бір сәт толастамады. Мұстафа қоғамдық – саяси қайраткер ретінде 1-ші және 2-ші Ресейлік Думаның Мұсылмандар фракциясының хатшысы болып, олардың саяси қызмет атқаруына көмектесті. .Аса көрнекті саясаткер Мұстафаның ұстанған жолы – халыққа тәуелсіздікті қантөгіс арқылы емес, керісінше, дүние жүзіндегі демократиялық күштерді араластыру арқылы бейбіт жолмен алу болды. .Мұстафаның негізгі мақсаты Ресей топырағында тұратын күллі түркі ұрпақтарын біріктіріп, «Үлкен Түркістан» одағын құру болды. Сондықтан да Мұстафа Петербор университетін бітіре сала 1916 жылы «Түркістан бірлестігі» деп аталатын құпия ұйым ашты. Орыстардың жойқын қысымының күшіне қарсы тұру қамымен мұсылман саяси ұйымдары ассоциациясы (үлкен жамиғаты) мен мұсылмандар кеңесі (Шурай-Ислами), сондай-ақ, қазақ ұлттық«Алаш» партиясы бәрі күш біріктіре келе 1917 жылы наурызда Ташкентте Түркістан мұсылмандарының конгресін шақырып, онда орталық комитет сайлап, мұсылман орталығын құрды. Орталыққа Мұстафа Шоқай басшылық жасады. Мұстафа кеңестік Ресейдің түркі халықтарының одан әрі орыстандыру саясатына үзілді-кесілді қарсы шықты.1917 жылы қарашада Түркістан автономиясының Уақытша Үкіметі құрылды. Бас министр Мұхамеджан Тынышбаев, ол отставкаға кеткеннен кейін Мұстафа Шоқай бекітілді.Мұстафа Шоқайұлы өз заманында Түркістанда орнаған кеңестік биліктің отаршыл сипатын қатесіз тани білген және онымен ымырасыз күреске ғұмырын арнаған, сондай-ақ, бұл күреске бұрын Түркістан халықтары тарихында болмаған жаңа мазмұн беріп, оны өзінің қажырлы еңбегімен жаңа интеллектуалдық көкжиекке көтерген ұлы қайраткер екендігін дәлелденген тұлға Мұстафа Шоқай 1929 жылдан «Яш Туркестан» («Жас Түркістан») журналын шығаруды қолға алды. Шоқайды баспасөз саласындағы жетістігі «Яш Түркістан» журналы. 29.алаш париясының басшысы Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі.Әлихан НұрмұхамедұлыБөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. 30.А.Байтұрсынов-ғылым және қоғам қайраткері. Ахмет Байтұрсыновтың өмірімен қоғамдық-саяси қызметі. А. Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай округі, Торғай уезі, Тосын болысының 5-ауылына қарасты Сартүбек елді мекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген. А. Байтұрсынов 1886 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түсіп, оны 1891 жылы бітіреді. Сол жылы Орынбор мұғалімдер мектебіне оқуға қабылданып, 1895 жылы ОММ-нің Педагогикалық кеңесінің шешімімен «бастауыш училищенің оқытушысы» деген атақ беріледі. 1896-1901 ж.ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектепте, екі сыныптық училищеде оқытушылық қызмет атқарады. 1902-1904 ж.ж. Омбыда Торғай облысы Халықтық училище директорының іс жүргізуші лауазымын атқара жүріп, бұратана ұлтының санасын ояту мақсатында И.Крыловтың мысалдарын аударады. 1905 жылы қазақ оқығандарымен бірге Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып, тарихта белгілі Қарқаралы құзырхатын (петициясын) жазады. 1905-1908 ж.ж. Қарқаралыдағы орыс-қазақ училищесінің оқытушысы әрі меңгерушісі болып, екі міндетті қатар атқарады. 1908 жылы саяси көзқарасы үшін Қарқаралы абақтысына қамалады. 1910 жылы 9- наурызда Орынборға жер аударылады. 1911 жылы «Маса» өлеңдер жинағы жарияланып, басылым көреді. 1913-1918 ж.ж. қырғыз атанған жұртының атауын қайта жаңғыртып, «Қазақ» газетін шығарды. Газеттің ұйымдастырушысы әрі бас сарапшысы қызметін атқарады.және оның серіктерін «ұлтшылдар» және «шоқаевшылдар» ретінде қуғындауға теориялық негіз қалады. Қазақстандағы қуғын-сүргінді жергілікті басшы Ф.Голощекин жандандыра түсті. Ақырында алғаш Архангельскіде, соңынан Томскіде 1929-1934 жылдары айдауды болған Ахмет Байтұрсынов, көп кешікпей, 1937 жылы қуғын-сүргіннің жаңа толқынына ілігіп жазықсыз атылып кетті.
|
|||||||
|