|
|||
жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері..ХХ ғасырдың басона Қазақстандағы аграрлық мәселелердіңшиеленісуі өзінің шырқау шегіне жетті. Бұған империяның бұрынғы қоныстандыру саясаты және одан кейінгі жергілікті халықтан жерді тартып алуға бағытталған қаулылар әкеп соқты. Ресейдің еуропалық аудандарынан шаруалардың ағылып келуінің күшеюі үкіметті Қазақстанның бұрын жабық болған аудандарын қоныс аудару үшін ашуға мәжбүр етті. Бұл негізінен Түркістан генерал-губернаторлығының жерлеріне қатысты болатын. Оларға, Жетісу облысын қоспағанда, қоныс аударушыларды орналастыруға тыйым салынған еді. 1903 жылғы 10 маусымдағы «Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аудару туралы» ережелер бұл аудандарға сол кезгедейін іс жүзінде заңсыз болып келген қоныс аударуды заңдастырып берді. Бір жажабы, осы заңды талқылау кезінде үкіметтік комиссия 1891 жылғы дала ережесінің көшпелілер үшін артық болып шығуы мүмкін жерлер мемлекеттік органдардың қарамағына түседі делінген 120-бабына әйгілі ескертуге сүйенді. «Заңның жоғарыда келтірілген баптарын салғастыру арқылы, - делінген түсініктемеде, - қазіргі қолданылып жүрген заңдар негізінде мемлекеттің көшпелілерді қамтамасыз ету үшін өз қалауынша артық алқаптарына билік етуге толық құқығы бар, Жерге орналастыру және Егіншілік Бас басқармасының қарамағына берілуге тиіс деген қорытындыға келмеуге болмайды». . 1905—1907 жылдардағы революцияның Қазақстанның саяси дамуына әсері. Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы жөне үлттық зиялы қауымның нақты әрекетке көшуі 1905 жылғы бірінші орыс буржуазиялық-демократиялық революциямен тікелей байланысты.1916 жж. ұлт-азаттық қозғалыс және қазақ интеллигенциясының көзқарасы-1916 жылы 25 мусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық – түлік екі – үш есе қымбаттауы да халықтың наразлығына өршіте түсті. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. 14.ХХғғ. басындағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы, «Қазақстан», «Қазақ», «Алаш» т.б. газеттері: "Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал.1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин."Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына Ә .Ғалимов, С.Торайғыровқатысқан. Журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. «Алаш» газеті - 1916 жылдың 26 қарашасынан 1917 жылдың ортасына дейін Ташкентте шығып тұрған апталық газет. Редакторы - Көлбай Төгісұлы, шығарушысы - Мәриям Төгісова Қапсаламова. 1917 жылғы 22-санынан бастап редакторы - Т.Жанбайұлы. Кейбір зерттеушілердің еңбегіне қарағанда, осы жылы күзде газет бастапқыда Омбыға, сонан соң Петропавлға көшсе де, К.Төгісұлының белсенді саясатқа кіруіне байланысты жабылып қалады. 15». .Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан:Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914.ХІХ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан мәдениетінің дамуы. жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия). Антанта (Англия, Франция, Россия).Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды .Соғыстың себептері:Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:1. 40899244 пут мақта 2. 38 мың шаршы аршын киіз 3. 3 млн. пут мақта майы 4. 229 мың пут сабын 5. 300 мың пут ет 6. 473928 пут балық 7. 70 мың жылқы 8. 12797 түйе алынды 9. 14 мың киіз үй салынды. Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. 16.1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық және қазақ интелигенциясының көзқарасы.1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды.Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.
|
|||
|