Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Стольпиннің аграрлық реформасының Қазақстанда жүргізілуі.



Қазақ қоғамындағы дәстүрлі билер және батырлар инситуты және дәстүрлі көшпелі қазақ мәдениеті.Билердiң саяси ықпалы олардың сан жағынан басымдылығы мен қарамағындағы рулардың қуаттылығымен анықталып отырды. Қазақ ұлыстарында билер ерекше құқыққа ие болды: олар сот, әкiмшiлiктiк және әскери билiктi iс жүзiне асыра, сұлтандармен қатар жалпымемлекеттiк басқару iстерiне араласып отырған. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер институты өкілдерінің бойына тән негізгі төрт лауазымды қасиеттер: әскери қолбасшыØ әкiмшiлiктiк тұлғаØ төрешiØ дала аристократиясының өкiлiØ Билердiң саяси салмағы едәуiр болғаны соншалық, кей жағдайда, тіпті ханның өзі аталмыш институттың беделді өкілдерімен, ақылдаса отырып, хан кеңесiнде қарастырылған мәселелер шешімін біріге қабылдап отырғанБилер қазақ елiнiң бүкiл аумағы бойынша тармақталған саяси институтØ болды, сол себептен олардың iс-әрекетi қоғам мүшелерiнiң басым көпшiлiгiн қамтып отырды; Билердiң қолында әскери, саяси-әкiмшiлiктiк, сот және заң шығарушы билiк тетiктерiнiң шоғырлануының өзi хандық билiктi тежеуге ықпалын тигiзiп отырды; Құрылтайда әрбiр жүз немесе ру-тайпаның мүддесiн белгiлi бiр биØ қорғағандықтан, аумақтық мүдделердiң өзара тепе-теңдiлiгi қамтамасыз етiлетiн; Билер қоғам мүшелерiн сот үкiмiнiң шешiмiн бұлжытпай орындауғаØ жоғарыдан «қысым көрсетiп» мiндеттемеген. Өз төркінін ежелгі түркінің «бек» және «бей» сөздерінен өрбітер «би» этимологиясы негiзiнен «басқару», «билеу», «билiк ету» ұғымдарын бiлдiредi. Тарихи материалдардың жан-жақты сараптамасы негізінде, көшпелi тұрмыс-тiршiлiк үрдiсiне сүйенген қоғам жағдайындағы билер институты [мұрагерлiк заңына негiзделген дәстүрлi бекзадалық билiк, хандық институтына қарағанда, халықтың қайнаған ортасының өзi тарихи қалыптастырып шығарған демократиялық билiк тұтқасы ретінде бағалана алатын институт-дәстүр деуге тұрарлық. Өзiнiң XVIII-ғасырдағы дәстүрлі қазақ қоғамына тән классикалық үлгiсiне дейiн билер институты бiрнеше сатыдан өттi: қазiргi Қазақстан территориясында қалыптасқан көшпелi қоғамдардың ертеØ кезеңiндегi, ақсақалдар кеңесi, ру-тайпалық құрылымның өзiн-өзi басқару тәрiздi қоғамдық тетiгi ретiнде бек, би институтарының пайда болуының негiзгi алғы шарты болып табылды;қастерлегенiн айғақтап тұр. Қазақ халқының құқықтық мәдениетiнiң тағы бiр көрiнiсi — ол айыпталушының ақыр сөз айтуға құқығы (дат). Шын мәнiсiнде „дат“ түсiнiгiнiң ұғымы кең және оның түп астарында үлкен әлеуметтiк мағына жатыр.

 Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар.Қазақ қоғамы өзіне тән әлеуметтік қатынастардың күрделі даму үрдісінен өтті. Кеңестік дәуірдің тарихнамасында адамзат қоғамының дамуын қоғамдық-экономикалық формацияға “бес мүшелі“ схемалық тұжырымдамада пайымдады. Оның негізгі нысанасын, қоғам дамуының кезеңдерін тек өндіріс әдісі мен өндірістік қатынастар бойынша ғана анықталатын формациялық шеңбер құрады. Бұл кезеңнің зерттеулерінде қоғамдық-экономикалық формацияда материалдық примат қоғамның руханилығынан үстем қарастырылды. Қоғамның дамуындағы қоғамдық ойлау, мәдениет, идеология тыс қалып отырды. Рухани өмірдің динамикасы-тарихи прогрестің негізгі факторы ретінде ескерілмеді. Қазақ қоғамының дамуы капитализмге дейінгі біртұтас қоғамдық-экономикалық формациядан өткендігі қабылданып, қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік және мәдени-рухани даму ерекшелігі ескерілмей қалды. Қазақ қоғамын зерттеуге арналған еңбектерде негізінен таптық қанау, тап арасындағы күрес формасы терең қарастырылды. Сонымен қатар қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктеліс мәселесі әлеуметтік топтың экономикалық мүддесі тұрғысынан анықтау орын алды. Бұл жағдайда дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымның саяси және рухани жағынан атқарған тарихи қызметін қарастыру мүмкін болмады.Тарих ғылымындағы соңғы кезеңдердегі зерттеулердегі басымдылық танытқан тұжырымдар адамзат тарихының дамуын “бес мүшелі“ схема бойынша анықтау жеткіліксіз болатындығын көрсетті. Мұнда өркениетті халықтардың мәдениетін, шаруашылық тәжірибесін, саяси құрылыс нысандарын, идеологиясын қабылдай отырып, көптеген халықтардың тұтас даму сатыларына соқпай өтетіні анықталды /1/. Осыған орай қазақ қоғамның даму үрдісінде көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдардың өркениеттілік ерекшеліктері және қазақ қоғамының өркениеттілік ерекшеліктерін талдау қажеттілігі туындады. Қазақ қоғамын зерттеудегі бағыттардың бірі “көшпелі қоғам“ тұрғысында болды. Номадизмді зерттеушілер арасында көшпелі қоғамды дәріптеушілер немесе оның артта қалушылығын қолдайтын көзқарастар қалыптасты. Көшпелі мәдениеттің отырықшы мәдениетсіз өмір сүруі мүмкін емес деп, кейбір жағдайда екеуін бір-біріне қарсы қою да зерттеулерде орын алды. Соңғы уақыттағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастар тұрғысындағы зерттеулер оның рулық-тайпалық, әдеттік-құқықтық, саяси билік, рухани ерекшеліктеріне қатысты бағыттарда жүргізілуде.

10 Абылай хан ішкі және сыртқы саясаты.XVIII ғасырдың 60-жылдарының аяғына қарай Казақ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арқасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды. 1770 жылы сұлтан қырғыз жерлеріне тағы бір жорық жасады. Шату асуы арқылы Қызылсу және Шамси өзендерінің аңғарына өтіп, қазақтар қырғыз жасақтарын ауыр жеңіліске ұшыратты. Көптеген тұтқындар Орталық Қазақстанға көшіріліп, онда Абылайдың жеке вассалдары-төлеңгіттері құкығымен коныстандырылды.1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасканнан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандыктың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ыкпалды жырау Бұқар Қалкаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар, Нұралы ханды коспағанда, Кіші жүз қазақтарының, билеушілері, Орта жүз бен ұлы жүздің өкілдері сөзсіз колдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде казақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды. А. И. Левшиннің айтқанындай, ол «оған (атаққа) торғауыттарды жеңуі аркылы және Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін, барлық қырғыз-қазақ ордаларының ғана емес, түркістандықтар мен ташкенттіктердіңде сайлауы арқылы ие болды». Сөйтіп Абылай Казақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды.Ресейдің өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетінін түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ғана ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге билігін танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда, Троицкіде, тіпті Петропавлда да ант беруден бас тартты. Отаршылдық өкімет орындары хан ордасына шенеунік жіберуге де келісті, алайда хан «мен өз дәрежеме халықтың сайлауымен әлде қашан-ақ бекітілгенмін» деп мәлімдеп, ант беруден үзілді-кесілді бас тартты. Ханның мұндай мінез көрсетуін оның 1773—75 жылдардағы Пугачевтің көтерілісінен кейін Ресей империясының күш-қуатына шүбәлана қарауымен түсіндіруге болады, ал ол көтерілістің барысында Абылай жалған атақ жамылушыны қолдап, тіпті онымен бірлесе отырып орыс бекіністеріне шабуыл жасауға да ниеттенген еді. Ханға ықпалын мүлдем жоғалтудан қорқып, Ресейдің өкімет орындары 1779 жылы оған 300 сом және 200 пүт ұн мөлшерінде жыл сайынғы жалақы тағайындады бірақ 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Ресеймен қандай да болсын катынастарының бәрін мүлде үзді

12 Стольпиннің аграрлық реформасының Қазақстанда жүргізілуі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.