Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бап. Мемлекеттiк статистикалық есептiлiк



 12-бап. Мемлекеттiк статистикалық есептiлiк

Ескерту. 12-бап алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

 13-бап. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау iсiн қаржыландыру

Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау iсiн қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

 14-бап. Кемтар балаларды еңбекке даярлау және оларға кәсiби бiлiм беру

1. Кемтар балалар Қазақстан Республикасының бiлiм беру туралы заң актiлерiне сәйкес кәсiби бiлiм ала алады.

2. Кемтар балаларды еңбекке даярлау отбасында, арнаулы бiлiм беру ұйымдарында жүргiзiледi. Кемтар балалардың болашақ кәсiби қызметiнiң мүмкiндiктерi мен сипатын айқындау үшiн кәсiби-консультациялық орталықтарда, арнаулы бiлiм беру ұйымдарында кәсiби диагностика жүргiзiледi.

3. Кемтар балаларға техникалық және кәсіптік білім беру арнаулы білім беру ұйымдарында, арнаулы түзеу ұйымдарында жүзеге асырылады.

Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13, 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

 

4-тарау. КЕМТАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢДЫ ӨКIЛДЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

15-бап. Кемтар балалардың құқықтары

1. Кемтар балалардың:

1) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепiлдiктi түрде тегiн алуға;

2) мемлекеттiк медициналық ұйымдарда, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмдерiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тегiн тексерiлуге және тегін медициналық көмек алуға;

3) дене немесе психикалық кемiстiктерi байқалған сәттен бастап, оның көрiну дәрежесiне қарамастан, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегiн медициналық-психологиялық-педагогикалық түзеуге;

4) медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен протез-ортопедия бұйымдарымен және аяқ киiммен, арнайы қарпi бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткiш аппаратурамен және сигнал бергiш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегiн қамтамасыз етiлуге;

5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына сәйкес арнаулы бiлiм беру ұйымдарында немесе мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында тегiн мектепалды және жалпы орта бiлiм алуға;

6) мемлекеттiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру бағдарламалары шегiнде конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуға;

7) оқу бiтiргеннен кейiн алған бiлiмiне және (немесе) кәсiби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналасуға құқығы бар.

2. Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттiк тегiн бiлiм алу, бiлiм беру гранттарын алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткiштерi басқалармен бiрдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптау бөлiмдерiнiң қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алуына болатын I және II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер басым құқыққа ие болады.

3. Жетiмдер қатарындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, толықтай мемлекет қамтамасыз ететiн кемтар балалар арнаулы бiлiм беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейiн және кәмелеттiк жасқа жеткен соң, жергiлiктi атқарушы органдар оларды заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз етедi.

Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.