|
|||
бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi6-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган: 1) мектепке дейінгі арнаулы тәрбие мен оқытудың және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарын белгiлейдi; 2) барлық бiлiм беру ұйымдары үшiн арнаулы бiлiм беру шарттарының бiрыңғай принциптерi мен нормативтерiн айқындайды; 2-1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 3) кемтар балалар оқитын арнаулы сыныптардың (топтардың) шектi толымдылығын айқындайды; 4) арнаулы бiлiм беру ұйымдарының типтерi мен түрлерiнiң тiзбесiн белгiлейдi; арнаулы бiлiм алуға мұқтаж адамдар үшiн бiлiм беру ұйымдарында қажеттi орын санын айқындайды; 5) кемтар балаларды оқытуды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-әдiстемелiк жарақтандырылуы мен қамтамасыз етiлуiне қойылатын ең төменгi мiндеттi талаптарды белгiлейдi; 6) оқушыларды аттестаттау әдiстемесiн айқындайды; 7) азаматтардың денсаулығын сақтау, оларды әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, кемтар балаларды оқытуға арналған техникалық құралдарға қойылатын нормативтiк талаптарды әзiрлейдi және бекiтедi; 8) бiлiм беру ұйымдарын ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң үйлестiрiлуiн жүзеге асырады; 9) арнаулы бiлiм беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк-құқықтық актiлердiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; 10) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11) <*> 12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13, (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
|
|||
|