Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бап. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар



 10-бап. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар

1. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды, айғақтамаларын анықтауды, оларға білiм берудiң түрi мен нысандарын айқындауды, оларды оңалтудың жеке бағдарламасын жасау мақсатында диагностика және психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер болып табылады.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметiн ұйымдастыру азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсе отырып бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелермен айқындалады.

2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар кемтар балаларды арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн ата-аналарының және өзге де заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен ғана жiбередi.

Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

 11-бап. Кемтар балаларға бiлiм берудi ұйымдастыру

1. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына және оқытудың жеке жоспарына сәйкес кемтар балалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды - үш жастан бастап, бастауыш және негiзгi орта бiлiмдi жетi - он жастан бастап алуына болады. Бұл ретте мемлекеттiк бiлiм беру бағдарламаларына сәйкес бастауыш және негiзгi жалпы бiлiм берудiң ұзақтығы он жылдан кем болмауға тиiс.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысы бойынша айғақтамалары болған кезде кемтар балаларды тәрбиелеу мен оқыту үйде жеке және тегін жүзеге асырылады.

2. Кемтар балалардың Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарында белгiленген тәртiппен бiлiм алуға құқығы бар.

Мемлекет кемтар балаларды кәсiби даярлауға жәрдемдеседi.

3. Жалпы білім беретін арнаулы білім беру ұйымдары ымдау тілін, Брайль әліпбиін, басқа да балама қаріптерді және қарым-қатынас әдістерін пайдалана отырып, тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру және (немесе) есту және (немесе) сөйлеу қабілеттері бұзылған балалардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды.

Арнаулы білім беру ұйымдары педагогтерді, оның ішінде ымдау тілін, Брайль әліпбиін, басқа да балама қаріптерді және қарым-қатынас әдістерін меңгерген мүгедектерді жұмысқа тартады.

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.