Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi



4-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Yкiметi:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы әлеуметтiк қызмет көрсету мен әлеуметтiк қамсыздандырудың стандарттарын айқындайды;

3) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау саласындағы медициналық көмектiң тегiн кепiлдiк берiлген көлемiн бекiтедi;

4) кемтар балаларға арналған мектепке дейiнгi арнаулы тәрбие мен оқытудың және жалпы арнаулы бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын әзiрлеу, бекiту тәртiбiн белгiлейдi;

5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

 5-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:

1) бала тууға көмектесетiн мекемелерде, балалар емханаларында, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерiнде "қатер" тобындағы балаларды барынша ертерек анықтау үшiн скрининг ұйымдастыру және анықталған "қатер" тобындағы және кемтар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберу тәртiбiн белгiлейдi;

2) дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар балалар патологияларының диагностикасын, әр алуан түрлерiн емдеудi ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi;

3) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, "қатер" тобындағы балаларды ерте анықтау мәселелерi бойынша жалпы практика дәрiгерлерiн, балалар дәрiгерлерiн және орта буындағы медицина қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз етедi;

4) кемтар балалардың диагностикасы және оларды емдеу жөнiндегi халықаралық тәжiрибенi пайдалануға жәрдемдеседi;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.