|
|||
Физика» пәнінен. тоқсандық жиынтық бағалаудың тест спецификациясы. МАЗМҰНЫ. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмСтр 1 из 14Следующая ⇒
«Физика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың тест спецификациясы 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2019 МАЗМҰНЫ 1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты.. 3 2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар. 3 3. Күтілетін нәтижелер. 3 4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4 5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу. 5 6. Жиынтық бағалауды өткізу ережелері 5 7. Модерация және балл қою.. 5 1 - тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы... 6 2 - тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы... 16 3 - тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы... 23 4 -тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы... 30 1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған. Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді. 2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар Негізгі орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11 сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. 3. Күтілетін нәтижелер Білім алушы: Білу: - механиканың, молекулалық физика мен термодинамиканың, электромагнетизмнің физикалық шамалары мен ұғымдарын; - бастапқы физикалық ұғымдарды; - практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін; - физикалық шамалардың өлшем бірліктерін; - механика, молекулалық физика мен термодинамика, электромагнетизм бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды; - физикалық құбылыстарды; Түсіну: - шамалардың физикалық мағынасын, механиканың, молекулалық физика мен термодинамиканың, электромагнетизмнің негізгі терминдері мен заңдарын; - физикалық құбылыстардың маңыздылығын;
Қолдану: - процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді; - тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін; - қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын; - нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді; - өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін; - алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге; Талдау: - эксперимент нәтижесінде алынған деректерді; - графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; - заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;
Жинақтау: - кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; - гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми моделдерді және дәлелдемелерді; - эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын; Бағалау: - жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.
|
|||
|