|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Физика» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1.Қатты денелер кристалдық торына қарай үшке бөлінеді. (a) Төменде қатты денелердің кристалдық торлары көрсетілген. Қатты заттардың түрін жазыңыз. [1] (b) Кристалдардың физикалық қасиеттерін атаңыз.
[1] 2.(а) Термодинамиканың бірінші заңын тұжырымдаңыз.
[1] (b) Бірінші текті мәңгі қозғалтқыш болмайтынын термодинамиканың қай заңы дәлелдейді?
[1] 3.Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципін схема түрінде көрсетіңіз және сипаттаңыз.
[2] 4.Молекулалық кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын атаңыз және үшінші қағиданы дәлелдейтін мысалдарды келтіріңіз.
[2] 5.Білім алушы қатты денелер, сұйықтар және газдар туралы кейбір тұжырымдарды жазды. 1) Қатты денелер қатты болады, өйткені олардың молекулалары тербеліс жасайды. 2) Сұйықтар ағады, өйткені олардың молекулалары газ молекулаларына қарағанда жақын орналасқан. 3) Газдардың сұйыққа қарағанда тығыздығы азырақ, өйткені газ молекулалары ретсіз қозғалады.
Қай тұжырым дұрыс? Неліктен?
[2] 6.Суретте массасы тұрақты идеал газ күйінің өзгеріс графигі көрсетілген. (a) Газ қысымы қалай өзгерді?
[1] (b) Газ молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы қай күйде минималды болады?
[1] 7.Сұйықтың еркін бетінің қисықтығы – мениск деп аталады. Төмендегі суретте неліктен сұйықтар беті екі түрлі менискті көрсетеді?
Жұғу құбылысын сипаттаңыз.
[2] 8.Монокристалдардан тұратын кубты қыздыру арқылы параллелепипедке айналдыруға болады. Неліктен бұл мүмкін?
[2]
9.Суретте массасы тұрақты болатын идеал газ қысымының температураға тәуелділік графигі берілген. (a) 1-2 бөлігіне сәйкес келетін графикке сипаттама беріңіз. [1] (b) 4-1 бөлігіне сәйкес келетін графикке сипаттама беріңіз. [1] (c) Газ молекуласы концентрациясы тұрақты болып қалатын бөлікті көрсетіңіз. [2] 10.10 моль бір атомды идеал газды алдымен қысымын 3 есе азайта отырып, салқындатты, сосын 300 К бастапқы температураға дейін қыздырды. (a) Газ қай бөлікте жұмыс атқарды? [1] (b) 2 нүктеде газ температурасы қаншаға өзгерді? [1]
11.(а) Поршені бар ыдыстың ішінде қанықпаған бу бар. Оны қаныққан күйге келтіру үшін не істеу керек екенін төменде ұсынылған жауаптар ішінен таңдаңыз және себебін түсіндіріңіз. 1) Изобаралық қыздыру керек. 2) Будың көлемін арттыру керек. 3) Будың көлемін азайту керек. [1] (b) Суретте ылғалды ауасы бар екі ыдыс көрсетілген. Суретте көрсетілген мәліметтерді пайдаланып, әр ыдыстағы су бының массасын және олардың массаларының қатынасын анықтаңыз. ( кезінде су буының қысымы )
[2]
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|