|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілеріТапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Физика» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1.Екі оқушы модулдері бойынша тең екі нүктелік зарядтар жүйесінің күш сызықтарын кескіндеді. (a) Қай суретте зарядтардың күш сызықтары дүрыс кескінделген? [1] (b) В нүктесі АС кесіндісінің ортасында орналасқан. Қозғалмайтын нүктелік –q заряды А нүктесінде, ал –2q заряды C нүктесінде орналасқан. В нүктесіндегі қорытқы кернеуліктің бағытын сызып көрсетіңіз.
[1] 2.Массасы зарядталған бөлшек біртекті электр өрісіне жылдамдықпен үшып кірді. (a) Суретте электр өрісінің күш сызықтары көрсетілген. Конденсатор пластиналарының таңбасын белгілеңіз. [1] (b) Суретте зарядқа әрекет ететін күш бағыты және зарядтың траекториясы көрсетілген. Осы мәліметтерді пайдаланып, зарядтың таңбасын анықтаңыз. [1] 3.Электр өрісі мен гравитациялық өрістің бір ұқсастығы мен бір айырмашылығын атаңыз. [2] 4.Астарларының арасында диэлектригі бар жазық ауа конденсаторы аккумуляторға жалғанған. Конденсаторды аккумулятордан ажыратпай, оның астарларының арасындағы диэлектрикті алып тастайды. Осы кезде конденсатордың электрсыйымдылығы және оның астарларының арасындағы потенциалдар айырымы қалай өзгереді?
[2] 5.Бойымен электр тогы өткенде төменде аталған орталардың қайсысында зат тасымалы болмайды? 1) металдарда; 2) жартылай өткізгіштерде; 3) электролиттерде; 4) газдарда. Бірнеше жауап болуы мүмкін. [2] 6.p-n - ауысудың негізгі қасиетін төмендегі жауаптар арасынан таңдаңыз және осы қасиетті қайда қолданатынын атаңыз: 1) қыздырғанда кедергісі азаяды; 2) жарық түсіргенде кедергісі азаяды; 3) бір жақты өткізгіш; 4) қыздырған кезде кедергісі артады. [1] Қолдануы: [1] 7.Төменде берілген тұжырымдар арасынан асқын өткізгіштікке тән қасиеттерді, құбылыстың байқалуын сәйкестікті көрсету арқылы анықтаңыз:
[3] 8.Екі параллелді көлденең металл пластиналар бір-бірінен 4,0 мм ара қашықтықта орналасқан. Потенциадар айырымы 480 В-қа тең тұрақты ток көзі пластинаға кілт арқылы қосылған.
Екі пластина арасында электр өрісі пайда болды. (і) Электр өрісі ұғымын түсіндіріңіз. [1] (іі) Суретте электр өрісінің күш сызығы мен бағытын көрсетіңіз. [1] (ііі) Екі пластина арасындағы электр өрісінің көрнеулігін есептеңіз. [1] 9.Білім алушы тізбектей жалғанған үш батареядан тұратын электр тізбегін жинады. Әр батареяның ЭҚК-і 2,0 В. Суретте K және L қысқыштарына жалғанған біртекті метал өткізгіштен, А амперметр және Х резистордан тұратын тізбектің схемасы көрсетілген.
(a) Үш тізбектей қосылған батареялардың жалпы ЭҚК-ін анықтаңыз. [1] (b) Егер біртекті металл өткізгіштің ұзындығын 2 есе қысқартса, онда Х резистордағы кернеудің түсуі қалай өзгереді. [1] 10.Суретте көрсетілген тізбектегі идеал амперметр 1 А-ді көрсетеді
(a) Егер ток көзінің ішкі кедергісі 1 Ом-ға тең болса, онда ток көзінің ЭҚК-і неге тең болады? [2] (b) Қысқа тұйықталудың себебі неде? [1] 11.Электрмашина батареясы қозғағыш моторды 96 А және 120 В болатын токпен қамтамасыз етеді. (a) Батареяда қандай энергия түрленулері болады? [1] (b) Мотордың 10 минут уақыт ішінде тұтынатын энергиясын анықтаңыз. Электр энергиясын кВт·сағ-пен өрнектеңіз. [1]
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|