|
|||
азақстандағы су мәселесі ⇐ ПредыдущаяСтр 4 из 4 Қазақстандағы су мәселесі Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі.Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық Азиядағы мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде, әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді? Сауал көп. Оған берілер жауаптың да аз еместігіне дау жоқ. Осы ретте аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық мүмкіндігін ғана танытып қоймай, қауіпсіздік және саяси мәселе сипатына көшетін сыңайы бар. Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек, оның әлдеқашан халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар, Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге енетін құбылмалылығымен де қиындық туғызуда. Өткенге біраз шегініс жасасақ, сонау 1992 жылдың ақпан айында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттері арасында Сырдария өзенінің су қатынастары мәселелерін реттеу, трансшекаралық су ағындарының режім проблемаларын шешу, әсіресе, жазғы суармалы мерзім кезінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Ал 1998 жылдың наурыз айында осы өзеннің су-энергетикалық ресурстарын келісілген шартпен іске асыру мақсатында Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы ұйымының үкіметаралық негіздемелік келісіміне қол қойылды. Алайда, соңғы екі жылда аталған келісімдердің ережелерін Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан мемлекеттер толығымен орындамай отыр. Мәселен, Қырғызстан қысқы мерзім аралығында энергетикалық режімге сәйкес 19,5 млрд. текше метрді құрайтын Тоқтағұл су қоймасынан суды көп мөлшерде жіберіп, осы өзеннің төменгі ағысында орналасқан біздің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының елді мекендерін су басу қаупін төндіруде. Ал Өзбекстан болса кейінгі кездері жылда түзілетін Сырдария өзенінің су ресурстарын пайдалану туралы, яғни жаз айларында алынған суға қырғыздың электр қуатын қабылдап, сәйкесінше Қырғызстанға газ беруге тиіс делінген мемлекетаралық келісім-шартты мойындамай келеді. Осы шарттың орындалмауы салдарынан бар ауыртпашылықтың салмағы төменгі сағада отырған Қазақстанның мойнына ауып отыр: жазда Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының егінді аймақтарын сумен қамтамасыз ету үшін біздің еліміз екі мемлекетке қатысты алынатын электр қуатын өтеуге мәжбүр болуда. Тағы бір айта кетерлігі, арнайы белгіленген шартқа сәйкес өзен ағысы бойындағы су шаруашылығы құрылыстары тек мемлекетаралық келісім бойынша салынуы тиіс десек, Өзбекстан бұл жерде де басқаша қадамға барып, ешқандай келісімсіз Арнасай су қоймасын салып алды. Ал бұл өз кезегінде Шардара су қоймасынан апатты жағдайда жіберілетін секөнтіне 2160 текше метр су өтімінің төмендеуіне әкеп соғуда. Басқаша айтсақ, Өзбекстан алдымен өзін сумен қамтамасыз ету жағына бет бұрып, трансшекаралық өзендерді пайдалану ережесін ескерусіз қалдырды. Қырғызстан мен Өзбекстан бұл мәселеде қазаншының еркі бардың рөлін атқаруға тырысып бағуда. Қазақстан тарапынан осы мәселелерді реттеу тұрғысында Халықаралық су энергетика консорциумын құру туралы ұсыныс енгізіліп, оның тұжырымдамасы да әзірленіп қойды. Оған Дүниежүзілік банк те өз тарапынан көмек көрсеткісі бар. Десек те аталмыш консорциумға жоғарыда аталған мемлекеттердің кіріскісі де, қатысқысы да жоқ. Себеп, әркім өз мүддесін ғана көздеп, географиялық жағдайларын көзір ретінде ұстануда. Тіптен өзінің басы қатқан мәселеге басқаның да басын қатырғысы бар. Мәселен, Қырғызстан жағы сонау Кеңес одағы кезінде жұмыс істеп, кейін жұмысы тоқтап қалған Қамбар ата су қоймасын қайтадан тұрғызу жағын алға тартуда. Тоқтағұлға емес, тап сол Қамбар ата су қоймасын тұрғызуға, сөйтіп соның жұмысын жандандыруға консорциум құрайық деген ұсынысын айтып жүр бүгінде. Ал Өзбекстан ең алдымен өз жерінде су қоймаларын тұрғыза беру ниетінде секілді. Бірақ, консорциумға оның да қатысқысы жоқ. Яғни, бұл мәселе жөнінде де қайшылық жетіп жатыр. Аталған мәселелердің түйінін шешу мақсатында биыл Ашғабадта Орталық Азия мемлекеттерінің қатысуымен тағы да үлкен бір басқосу болады деп көзделуде. Бірқатар мәселелер сол басқосуда қозғалмақшы. Трансшекаралық су мәселесінің енді бір ұшы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа тіреліп отыр. Қытай жағының трансшекаралық өзендерге қатысты мәселеге әлі де болса өзімбілемдік сақтықпен қарап келе жатқаны байқалатындай. Неге десеңіз, Қытай су қатынастарына арналған бір де бір конвенцияға күні бүгінге дейін қол қоймай келе жатыр. Екі мемлекет арасында өткен жылдың қазан айында Шанхай қаласында Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының үшінші бірлескен отырысы өткен болатын. Онда Ертіс және Іле трансшекаралық өзендерінің суын пайдалану жөніндегі келісімді әзірлеу туралы Қазақстан тарапының ұсынысы талқыланды. Кейбір сарапшылардың сөзіне қарағанда, “Қара Ертіс-Қарамай” каналы іске қосылғаннан кейін Қытай жағы Ертіс өзенінен 800 млн. текше метр көлемінде су ала бастаған. Ал оның көлемі кейін 1,5 млрд. текше метрге дейін жетуі мүмкін деген болжам да айтылуда. Біле білгенге бұл болашақта қиын жағдайға душар ететін көрсеткіш. Егер де Ертістің жалпы су ресурсының мөлшері шамамен 9,8 млрд. текше метр екенін ескерсек, Қытайдың бұл ұстанымы Қазақстанның ғана емес, сонымен қоса Ресейдің экономикасы мен экологиясына едәуір залал келтіретін болады. Мәселенің қай жаққа қарай бағыт алуы сол отырыста Комиссия шешімі бойынша Қазақстан әзірлейтін келісімнің жобасына және оның қабылдануына байланысты болмақ. Дайын болған кезде Қытай тарапына дипломатиялық жолмен жіберуі тиіс бұл жобаны әзірлеу жолдары әлі күнге дейін қарастырылу үстінде. Сала мамандары өз кезегінде келісім жобасын жасау үшін алдымен арнайы ғылыми негіздеме енгізу, одан барып ғылыми-зерттеулер жүргізу керек дейді. Сонда барып бұл мәселе бір ыңғайына келетін болады деген ұстанымдарын алға тартуда. Ниет жағы баршылық, бірақ соның нақтылыққа айналу жағы жоқтың қасы. Әзірше жақсы бір шешім ретінде Қазақстан Қытаймен арада су көлігі қатынасын жандандыру жағына мықтап назар аударып отыр. Мамандардың пікірінше, екі ел арасында кеме қатынасының жұмысы жолға қойылатын болса, Қытай мемлекетінің Қара Ертіс суын көп мөлшерде пайдаланып кетуіне мүдделілігі азаяды. Бұл да көңілге демеу болмақ. Ал Ресей жағы ше? Сала мамандарының айтуына қарағанда, бұл елмен арадағы байланыс біртіндеп бірізділікке түсіп келе жатқандай. Десе де кейінгі кезде Ресей тарапынан да басқаша ұстаным бой көрсете бастапты. Волгоград, Саратов облыстары мен біздің Батыс Қазақстан облысы аралығындағы біраз сулар жәділік жүйе арқылы бір-бірімен жалғасқан десек, біраз жылдар бойы сол жүйелер арқылы олар бізге су жіберіп келген. Бірақ кейінгі кезде Ресей жағы суды тауарға айналдыру мәселесі жағын ойластырып бағыпты. Қашанғы бас шұлғи бермек біздің ел? Дәл осы мәселеге келісе қоймас. Себебі дейсіз ғой? Мұндайға жол берді деген сөз, домино қағидаты бойынша ұқсас мәселелердің шығуына жол берді деген сөз. Себебі, осы сияқты су жүйелері арқылы басқа елдерден бізге келетін өзендер баршылық емес пе? Ал егер Ресейге ақша төлеймін десек, Қазақстанның есептесу қауқары қарымды екен деп, мына жақтан Өзбекстан мен Қырғызстанның алақан жая келе, жалаңдауына тап-тамаша мүмкіндік табыла кетпей ме? Суды декларациялауға қол қоюға келіскен күннің өзінде мынадай жағдай қалыптасар еді: егер әр текше метр су 1 теңгеден тұрғанның өзінде мемлекет қоржыны жылына 1,5-2 млрд. қаржыға қағылар еді. Ал бұл өз кезегінде мемлекеттің негізгі бүйіріне едәуір нұқсан келтіруіне әкеп соғады. Сол үшін жақын арада Ресей жағымен осы мәселе жөнінен келіссөз жүргізіп, бір мәмілеге келу көзделіп отыр. Сонау бағзы заманнан халықтың басты қажетіне айналған судың жыры Қазақстан үшін енді қай бағытқа қарай бет бұрып, қай арнаға қарай ойысар екен. Көрші елдердің бір қолы — сағада, бір қолы жағада болып жүрмесін деңіз. Қорытынды Қазақстан үкіметі 2010 жылға дейінгі кезеңді қамтитын ауыз су бағдарламасын қабылдаған болатын. Президент Әкімшілігінің Жүйелі зерттеу орталығының директоры Азамат Әбдімамыновтың айтуынша, осы бағдарламға сәйкес 2010 жылға дейін сумен қамтамасыз етудің инфрақұрылымдарын жаңартуға 115 миллиард теңге қаржы жұмсау жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы Анатолий Рябцевтің айтуынша, әлемнің басқа елдері секілді Қазақстанда да сумен қамтамасыз ету ісі қатардағы мәселе емес. «Республиканың климатикалық жағдайына қарай ел аумағының көп бөлігі су қорларымен жеткілікті қамтылмаған. Елдегі ең ірі өзендер трансшекаралық. Бүгінгі бағдарламада тарнсшекаралық өзендер проблемасы қамтылмаған. Су қорларының жартысы трансшекаралық өзендер. Сондықтанда біз осы су қорларының есебінен мемлекетті, экономиканы сумен қамтамасыз етудің шараларын қолданудамыз. Осы мақсатта Ресей Федерациясымен 1992 жылы келісімге отырдық. Ол тұрақты жұмыс істеуде. Бүгінгі күні трансшекарлық суды бөлісуде Ресеймен арада проблема жоқ Қытай бірінші рет осындай келісімді Қзаақстанмен жасады. Қазақстан үшін бұл аса маңызды.Бұл Ертіс және Іле өзендері бойынша», - деді Су ресусртары жөніндегі комитеттің төрағасы Анатолий Рябцев. Гидросфера - тіршіліктің сұйықтық ортасы. Тіршілік алғаш рет суда пайда болган деп галымдар есептейді. Соңдықтан да оны өмір бесігі деп атауға да болады. Экосистемадарда су жан-жақты қызмет атқарады. Су мен оттектің негізінде тірі ағзалардағы барлық физиологиялық және биохимиялық ұрдістер жұреді. Ол өмір арқауын құрайды, себебі клетканың протоплазмасыңдаш барлық заттар суда еріген. Сонымен бірге су органикалық және минералдық заттарды ерітіп, өсімдіктердің қоректенуін жеделдетеді. Судың ағу қасиетіне байланысты ол органикалық және минералды заттарды тасымалдауда ерекше роль атқарады. Су көптеген ағзалардың өмір ортасы. Сонымен су - табиғаттың ғажайып туындысы. Бірде-бір организмнің сусыз тіршілігі жоқ. Гидросферадағы су жер бетіндегі барлық мұхиттармен теңіздердің, өзендер мен көлдердің, мұз тауларының және жер астының сулары жатады. Оның жалпы қоры 2 миллиард текше километрге жуық. Бұл көлемнің 1370 миллион текше метр километрі мұхиттарда, 400 миллион текше километрі жер астында, 30 миллион текше километрі мұз тауларында 750 мың текше километрі колдерге, 1000 текше километірі тірі ағзалар денесінде және 1,25 мың ағзалар текше километрі өзеңдерде жиналған. Яғни жер бетіндегі ағзалардың денесіндегі су жер шарыңдағы барлық өзеңдерден судан бес есе артық. Су жануарлар салмағын 50, ал өсімдіктер салмағының 70-95 пайызындай орын алады. Суда қарапайым өсімдіктердің барлық типтерінің, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілік типтерінің, омыртқасыз жанаурлардың барлық типтерінің және омыртқалылар класының өкілдері өмір сұреді. Бұлардың кейбіреулері (балықтар, ішек қуыстылар, балдырлар, т.б. ағзалар) тек суда гана өмір сұре алса, ал кейбіреулерінің (қос мекенділер) омірі белгілі бір кезенде ғана сумен байланысты. Біраз жәңдіктердің (инелік, маса, сона) даму кезеңі де суда отеді. Суда өмір сұретін ағзалар бірнеше экологиялық топқа бөлінеді. Су тұбіңде тіршілік ететін ағзалар бентос деп аталады. Бентосқа жататын организмдер кобіне орнынан қозғалмай, басқа нәрселерге жабысып отырады немесе баяу жылжиды. Олардың көрнекті өкілдері: қос жақтаулы моллюскалар (устрица, тіссіз молшоскалар), тері тікенділер (теңіз жұлдызы, теңіз кірпілері, теңіз лилиялары), ішек қуыстыларлар (корел полиптері). Ашық суда өмір сұретіндер пелагиялық ағзалар деп аталады. Олар екіге бөлінеді. Тез қимылдап, қашық аралықтарға өз бетімен жұзіп, саяхат жасай алатын ағзалар - нектон деп аталады. Оған балықтар, көптеген бас-аяқты моллюскалар, киттер, тюлендер жатады. Су ішінде қалқып жұретін, теңіз толқыны және ағыстарымен қозғалатын кішірек және қарусыз козге көршбейтін микроорағзалар планктонға жатады. Әсіресе, фитопланктан (өсімдіктер) мен зоопланктан (жануарлар) биосферадағы зат пен энергияньщ айналуында ұлкен қызмет атқарады. Сөзіміз дәлелді болу ұшін бірнеше цифрлар келтірейік. Мұхиттар мен теңіздердің 100 метрге дейінгі, ал экваторлық суларда 200 метрге дейінгі тереңдікте микроскоппен байқалатын кішкене балдырлар мен жәндіктер толып жұреді. Олардың салмағы кейде 1 га су айдынында 3-4 тоннаға дейін жетеді. Олар органикалық заттардың 44 пайызына дейінін құрайды, бұл 270 миллиардтай тоннаға жақын. Фитопланктанмен судағы барлық жануарлар қоректенеді. Соның ішінде олар алып киттердің де басты қорегі су тұбінде, әлденеше, қозғалмайтын жануарлар омір сұреді. Тек жағаға таяу жерлерде 50-1000 метр тереңдікке дейін жасыл балдырлар жайқалып өседі. Теңіз тұбіңде кұн сәулесін қажет етпейтін терітікендірлер, губкалар, паноформоллюскалары сияқты жануарлар лайға сіңген органикалық заттармен қоректенеді. Оларды аса ұлкен тереңдіктерде (10000 метрге жететін) кездестіруге болады. Әрбір шаршы сантиметрге бірнеше тоннадан салмақ қысымы тұсетін бұл тереңдіктерге жанаурлардың омір сұруі таңғажайып құбылыс. Су бетінің тек кейбір жерлерінде ғана жанды дұние жоқ. Мұндай сулар ағзалар тіршілік етуге өте қолайсыз. Мәселен, Палестинадағы өлі көдде ешқаңдай өсімдік те, жәндіктерде жоқ, себебі оньщ суының тұздылығы 25 процентке жетеді. Бізде Қаратеңізде 200 м тереңдіктен кейін тіршілік иелері ; кездеспейді. Оның онда өрбуіне мұмкіншіліктер жоқ. Теңіз тұбінен көтерілген кұкіртті сутекті газы ешқандай тіршілкке аяушылық етпейді. Биосфера атмосферасындағы газдардың қазіргі ауа қатнасы бұрынғы замандағыдай емес. Өйткені, атмосфералық процестерге (газ шығару, техникалық қоқыстар т.б.) адамзат баласының араласуымен байланысты оттек қорының азаюы жұріп жатыр. Ал оттектің тіршілік өмірде алатын орнын, атқарар ролін егжей-тегжейлі айтып жатудың қажеті болмас. Ол барлық тіршіліқ иелері мен жердің жасыл желегінің өсіп-дамуына қажетті экологиялық факторлардың бірі. Оттектің басқа элементтермен қосылуы тотығы, немесе биологиялық жану деп аталады. Тотығу реакциясы кезінде биосфераға белгілі мөлшерде жылу бөліп шығарады. Атмосферадағы оттек топырақ пен судағы тіршілік иелері мен өсімдіктердің және бүкіл биосферадағы жан-жануарлардың тыныс алуын қамтамасыз етіп отырады. Клеткалардағы қоректік заттарды оттектің тотықтыру тірі организмдердің өсіп-өнуіне қажетті знергия болып есептелінеді. Оттек көп мөлшерде жұмсалынып отырады. Таскөмірді, мұндайды, газдарды жағу кезені жыл сайын биосфераға жердің жасыл желегінің бөліп шығаратын оттекті 10 процентіне дейінгі көлемі бостан-босқа шығын болып кетіп отырады. Су - тіршілік тірегі Сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде-бір мемлекет жоқ. Тіпті теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жонінде халықаралық келісімде жасалған. Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың топырақтың ластануы ең ақыргы шегіне жетті Әсіресе бұл проблема халық оте жиі орналасқан оңдірістік аудаңдарда тым ұлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орыңдардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мыңдаган километр алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер шарының алыс тұкпірлеріне қауіп тудыруда. Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі тұрлеріне жерді радиоактивтік заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зияңды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен ғана шектелмейді. Судың ластануына әсіресе онеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалдықтардың химиялық құрамының әр тұрлі болуыңа сәйкес, олардың тигізер әсеріде әр тұрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады. Ұй тұрмысында және өнеркәсіпте өте коп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас. Сондай-ақ, ол судың оттекті бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттарды ыдырататын бактерияларды құртып, балықтарды улайды. Өңдеу кезіңде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның әр тұрлі тұздары мен көмірді кокстеу кезіңде пайда болатын фенол, цианидтер нағыз ретіңде әсер етеді. Еңді біреулері (қышқылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зияңды микроорганизмдердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болсада суда бұрын болмаған (немесе аз мөлшерде ғана кездесетін) бейтаныс қосыңдылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір суретін организмдерге қауіпті. Суға түскен органикалық заттардың ыдырауы ең алдымен аэробтық (оттекпен тыныс алатын) микроорганизмдердін қатысуымен жүреді. Бұл ретте көбіне зиянсыз қарапайым заттар түзіледі. Әрине бұл процесс органикалық қоспалар белгілі мөлшерде түскенде ғана қалыпты жүретіні белгілі. Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуга өте көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сондай ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуынша жағдай жасайды. Бұл жағдайда тұзілетін заттардың сапасы бөлек. Оңца метан, амиңдер, күкірт және фосфор улы қосындылары пайда болып, су саси бастайды. Отгектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына, онан кейін су өсімдіктердің шіруіне әкеп соғады. Сөйтіп, бұл тіршілік ортасы - су біртіңдеп кедейленеді. Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның шаруашылық қажеттері тартады. Әзірде тұщы су қорының басты көзі өзен болып есептелінеді. Ал оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту - өте қиын және қымбатқа тұсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін қауіп мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір затгардан толықтай тазартады деп айту қиын. Судың ластануы өнеркәсіп салаларына да үлкен зиян келтіреді. Онда кейбір химиялық заттардың көп болуы суда сүзу қондырмаларына, химия, қагаз жасау және тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға жарамсыз етті. Сондықтан да мұндай сулар алдымен қосымша өндеуден өтіп, өнеркәсінке пайдаланылады да, артынан оған тағы да бірнеше улы заттар (жаңа технолошя негізінде) қосылып, өзенге жіберіледі. Тущы судың ластануы - қоғам алдында тұрған үлкен проблема. Оның зардаптарының тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Соңдықтан да қазірде барлық елдерде суды тазарту мәселесі бірінші басты проблема ретінде саналады. Ал қазақ жеріңдегі суларды тазарту проблемасы зор роль атқарады. Өнеркәсіп қалдықтарымен теңіз суларды да қатты ластануда негізінен алғанда ол әр түрлі қалдықтарды көметін орынға айналған. Әрине, теңізге түсетін заттардың көлемінен теңіздердіі көлемі әлде неше есе артық, онда жүретін физикалық жәю биохимиялық процестерің нәтижесінде бұл заттар тез арадаг зиянсыз қалыпқа өзгереді деп айта алмаймыз. Бірақ кейбір теңі: аймақтарының, әсіресе, құрлық жағалауларының қайта ластануы үлкен зиян келтіретіні белгілі. Мысалы, Солтұстік Америка мен Европаның әйгілі жаға-жайлары (пляждары) жағалауға жақын орналасқан қалалардың қоқыстармен ластанатыны белгі болды. Теңіз суларының ластануы сонымен бірге суда тіршілік ететін организмдердің ара қатнастарын бұзып, зияңды тұрлердің көбеюіне жол ашады. Өзеннің құтылар ағысында улы заттардың артуы тұщы суға улдырық шашуға шығатын балықтардың көтерілуіне кедергі жасайды. Егер басқа химиялық заттар теңіз суларында біраздан кейін тазаланады деуге болады, ал басқа қалдықтардың биологиялык жолмен тазалануы мұмкін емес. Өйткені ластанған суларк қосындыларды ыдыратын микроорганизмдер қырылып қалады. Жоғарыда ескерткендей мұнай су бетін ұлпек қабықпен жауып. ауа жібермейді және өте жай ыдырайды. Осы себепті ол барлык мемлекеттерді де ойландыратын ірі мәселеге айналды. Осы уақытта сол ұшін танкерлерді жуға жуындыны жағалаудан 50 милт жақынға төгуге тиым салынған. Әйтседе де, жағалаулардын ластану жылдан-жылға артып келеді, себебі мұнай көбіршіктері әдетте толқындармен жағалауға жиналады және кейінгі уақытта мұнай қисапсыз көп мөлшерде өсіп кетті. Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкерлер атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуарларың жуғаңда немесе олар апатқа ұшырағанда құйылады, әсіресе, ірі танкерлердің күйреуі аса қауіпті. Бұл уақыт асуға 200-300 мың тоннадай мұнай өнімдері теңіз суларына ақтарылып, орасан зор алқапқа жаиылады. Оның әсері барлық тірі организмдерге бірден қауіпті. Теңіз суының мұнай қаддықтары мен былгануы адамға да тікелей қауіпті. Мысалы осы уақтта асқа пайдаланылатын устрица және моллюскалар денелеріңде рак ауруын туғызатын бензпирин сияқты улы заттар жиналатыны бегілі болып отыр. Бұл затгың моллюскалар денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарында белгілі ғылыми деректер осы кұнге дейін жоқ. Бірақ, жорамал ретіңде — оның моллюскалардың денесіне бензпириннің жиналу себебі қоректік заттар арқылы келуі мұмкін. Мысалы, су тұбіндегі тұнбада мұнай қаддықтарынан пайда болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр. Олармен моллюскалар қоректенуі мұмкін. Мұнай қалдықтарының зюшда әрекеттерін болдырмайтын қандай шаралар бар? 1954 жылы Лондоңца кемелерді жуған суды шектелген жерден тыс төгуге тиым салган халықаралық келісім шарт жасалынды. Теңіздегі тіршілік иелерінің байырғы қатнасын сақтаудың басты шарты теңізге ешқаңдай мұнай жуыңдыларын төкпеу ғана болу мұмкін. Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын адаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көптүрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдіруімен аяқталады. Су айдындарының ластануы: Биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микоорганизмдер Химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер Физикалық ластану: жылу қызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздың құрамы, еріген бөлшектер, температура әртүрлі болу мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден стам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ287482 бойынша 30міндетті көрсеткішпен анықталады. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58% минералдық заттар 42% тей болады. Қазіргі кезде ашық өзен, көл сулармен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі көздері: өнеркәсіп өнімдеін сақтайтын қоймалар химиялы заттар және тыңайтқыштар тұрмысық қалдықтар жер асты суымен жалғанатын құбырлар ірі құрылыс учаскелері сузгі алаңдар, бұрғы скважиналар болып табылады. Іле Балқаш бассейнінің суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар ауыр металдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу, Тентек, Лепсі, Көксу өзендерінің сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда.Әсіресе, арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр. Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтық экологиялық тыныс тіршілігін шиеленістіріп отыр. Оның үстіне Еділ және Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын улндыра түсуде. Мәселен, 1995-2000 жылдар аралығында кәіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді. Атырау, Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұоғы скважиналардың бүлінуі, мұнайдан жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Ақтөбе облысынждағы су айдындарының да экологиялық жәйі нашар. Мәселен, Елек өзені амин өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда. Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласындағы Карбид өндірістік бірлестігініен шыққан сулар Нұра өзенін барынша ластауда. Жамбыл фосфор зауытының сарқынды лас сулары Талас, Асы өзендері мен оның алқаптарын фтор және сары фосформен ластап отыр. Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі істер жүргізілуде. Табиғат бір-бірімен теңестірілген көптеген табиғи байлықтары бар бір тұтас экологиялық жұйе. Олардың биологиялық тепе-теңділігінің бұзылуы заттар мен энергияның қалыптасқан айналымының өзгеруіне алып келеді. Өнеркәсіптің жедел қарқын-мен өркендеуі осы кездің өзінде көміртек, кұкірт, азот және т.б, заттардыц диоксидтері табиғаттағы биологиялық тепе-тенділіктің бұзылуын тудырып отыр. Адамзат баласының және жер бетіндегі бүкіл тіршілік иелерінің даму айналадағы ортаның ластануымен және табиғаттағы экологиялық тепе-теңдіктің қалыпты жағдайда өтуіне тікелей байланысты. Экологиялық проблемалар барған сайын өткір сипатқа ие болуда. Бұл проблемалардың дұрыс және дер кезінде сындарлы шешілуі, сөз жоқ халық шаруашылық жоспарларын ойдағыдай орындап шығуға септігін тигізеді. Табиғаттың айналадағы табиғи ортасын (жер, су, ауа, өсімдік әлемі, жануарлар дұниесі) яғни радиоэкология проблемасы бүгінгі танда жер бетіндегі бүкіл адамзат баласын толғандырып отыр. Оның бұгінгі заманның негізгі проблемаларының бірі болып есептелінеді. Бұлар әсте кездейсоқ проблема емес. Сондықтан да табиғатты қорғау жөніңдегі іс-әрекетімізді жандандырып, ұлғайта беру оңда қоғам, адамзат баласы ұшін қолайсыз, зардапты өзгерістерді боддырмау барлық саналы жәие сауатш адамдардың қасиетті борышы. Экологияның жеке ғылым ретінде: зерттеу объектісі (экологиялық жүйелерді материалдық және математикалық модледеу), гылыми тілі (өзіндік терминологиясы) және нақты алдына қойған теориялық, практикальгқ мақсаты бар. Кейінгі кезде адамзат баласы өзінің іс-әрекетін табиғи зат алмасу процестерінің ауқымынан шығарып, өзін табиғаттан жоғары қоюда. Осы арқылы адам өзін биосферадан тысқары ұстап, глобалды бірегей қызмет ететін жұйе ретіндегі табиғатта өзінің тәртібіндегі шекті қорларды бұзуда. Адамның қызметінің осы жағына байланысты мәселелер мен міндеттер шеңбері кеңіп, мұның өзі табиғат қорғау саласындағы экологиялық тілдік, терминдерді белгілі бір жұйеге келтіру -кезек кұттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр. Сондықтан да бұл жұмыс осы уақыттың талабына сай жазылған еңбек деп есептейміз. Бұл еңбек, осы бағьпта жинақталған алғашқы қадам болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер: 1.Бисенова А.С. «Экология». Алматы, 2002 ж. 2.Оспанова, Баешев «Экология», Алматы, 2002ж. 3.Одуv Ю. «Экология». Москва, 1976 ж.
|
|||
|