Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жоспар. Кіріспе. Гидросфера



Жоспар

Кіріспе

1. Негізгі бөлім. Гидросфера

2. Тұщы суқоймасының биогеоценозы

3. Тоған биогеоценозындағы қоректік байланыстардың тұрақтылығы

4. Қазақстандағы су мәселесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп - тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.

Экологиялық факторлар дегеніміз - организм үшін кажет немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция жауап береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.

Гидросфера

Су - тіршілік ортасы. Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су - жер шарының барлық көлемінің 71% қамтиды. Судың негізгі қорын, ягни 94% - мүхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6% мәңгі мұздақтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1 500 000, өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді.

Құрылық пен мұхиттардағы организмдердің көп түрлілігі мен биомасса арақатынасын салыстырсақ төмендегідей қызықты тепе-тендікті көреміз. Мәселен, құрлықтағы жануарлардың көп түрлілігі мүхиттардағы жануарлар дүниесімен салыстырғанда көп болғанымен биомассасы керісінше аз, ал, өсімдіктер әлемінің құрылықта саны аз болғанмен, керісінше биомассасы мұхиттардан әлденеше есе артық болып келеді. Десе де, кұрылық жағдайы мұхиттарға қарағанда өзінің алуан түрлі табиғатының ерекшелігімен, ауа райының құбылмалы өзгерістерімен организмдер дүниесіне мұхиттарға қарағанда қолайсыз орта болып саналады. Мәселен, фаунасы мен флорасынын сан алуандығы және биомассасы мөлшері жөнінен экваториалды және тропикалық облыстардағы мүхиттарды (Тынық және Атлантика) ерекше атауға болады. Негізінен мұхиттағы организмдердің көп шоғырланган жерлері жер шарының қоңыржай белдеулер аймағына сәйкес келеді.

Су ортасы организмдер үшін қолайлы орта болғанымен өзіне тән ерекшеліктері болады. Олардың қатарына судың тұтқырлығын, тұз концентрациясын, қысым, оттегінің мөлшерін, су қабатының қозғалыстары мен ағыстарын, айналымдарды, қорек қорын, судың ащы немесе тұщы қасиеттерін жатқызамыз.

Судағы барлық организмдерге тән қасиет - жүзу. Дегенмен, көптеген балдырлар, кейбір бентосқа тән организмдер бекініп тіршілік етуге бейімделген. Жүзуге немесе баяу қозғалуға байланысты гидробионттарда құрылық организмдерінде болмайтын ерекше морфологиялық өскіншелер, жүзу немесе өсу аяқтары мен қанаттары, су жұқтырмайтын заттар мен көптеген қасиеттер пайда болған. Мәселен, тау өзендерінде тіршілік ететін балықтардың денесі дөңгелек әрі ықшамды ағысқа қарсы жүзуге бейім болып келсе, жазық жердегі көлдердегі балықтар, керісінше ірі, әрі жалпақ болып келеді. Ал, мұхиттардың әр түрлі терендіктеріндегі балықтардың морфологиялық құрылысы, дене тұрқы мен козғалуы мүлдем басқаша. Төменде біз су ортасының кейбір абсолюттік факторларына қысқаша тоқталамыз.

Организмдер үшін судың тұнықтығымен жарық режимі үлкен роль атқарады. Жарық, әсіресе, судағы өсімдіктерге шектеуші фактор болып саналса, ал судың тұнықтығы ұсақ организмдер мен балықтардың тіршілігі үшін қажет.

Су қабаты терендеген сайын күн сәулесін сіңіріп отырады. Нәтижесінде теңіз тұңғиығын қараңғылық басады. Терендеген сайын өсімдіктер мен жануарлардың түсі де, көптүрлілігі де өзгере бастайды. Мәселен, судың бетіне жақын көк-жасыл, одан соң қоңыр, тереңдікте қызыл балдырлар орналасады. Ал, жануарлардың түсі тереңдеген сайын көк-жасылдан қызыл түске карай ауысады. Себебі, судың түбіндегі кызыл түсі қара болып көрініп организм дерді жауларынан корғануға мол мүмкіндіктер береді.

Судың тұздылығы да организмдер үшін аз роль атқармайды. Су тамаша еріткіш болғандықтан, онда карбонатгар, сульфаттар, хлоридтер көп кездеседі. Мәселен, тұщы судың 1л көлемінде 0,5г тұз болса, ал теңіз суларында 35г/л болады.

Тұщы су организмдері үшін кальцийдің ролі үлкен. Әсіресе, моллюскалар шаян тәрізділер мен омыртқасыз жәндіктер кальцийді известі қауашақтар түзу үшін пайдаланады. Тұщы суларда өсімдік өзеннің немесе көлдің түбіне дейін өсетіндіктен еріген оттегігебай келеді. Судағы еріген оттегінің мөлшерінің көбеюі атмосфераның енген оттегі байланысты және су өсімдіктерінің фо­тосинтез процесінің есебінен болады. Әсіресе, тау өзені суларын­да оттегі көбірек болады. Осыған байланысты бұл ортада форель, тау албырты, хариус жақсы сезінсе, оттегі аз көлдерде: сазан, ка­рась, жайын, табан балықтар еркін өмір сүреді. Ал, кейбір маса, хирономид, аз қылтанақты құрттар, т.б. көптеген омыртқасыз жәндіктерге тіптен оттегінің қажеті де болмады.

Су ортасының факторларына байланысты гидробионттарды бірнеше экологиялық топқа бөледі. Судың қалың қабатын - пелегиаль деп, оны екі топқа бөледі: нектон және планктон.

Планктон дегеніміз- судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін ұсақ омыртқасыз жәңдіктер. Планктондардың өзі - зоопланктон және фитопланктон деп бөлінеді. Фитопланктондардың су организмдері үшін маңызы зор. Оларға: диатомды, көк-жасыл балдырлар, өсімдік қоректі талшықтылар т.б. жатады. Ал, зоопланктондар мен бактериялар балдырлардан тереңіректе тіршілік етуге бейімделген. Оларға: шаян тәрізділер, қарапайымдылар, моллюскалар, медузалар, сальпалар және кейбір құрт тәрізділер жатады.

Нектондардегеніміз — судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін балықтар т.б. организмдер. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу қанаттары, жақсы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар. Оларға балықтардың түрлері, кальмарлар, киттер, тюленъдср, морждар, дельфиндер, т.б. түрі кездеседі. Теңіз тұңғиығынан балықтардың ұсқыны мен формалары әр түрлі жыртқыш, паразит түрлерін, өзінен тоқ шығаратын скаттарды, ара балықшы, доп тәрізді тікенекті сан алуан өкілдері кездеседі. Мәселен, электрлі скат өзінен 220-240В тоқ шығарса, судағы организмдердің 600-ден астам түрі жатық шығарады екен. Осы құбылыстардың бәрі гидробионттардың жоғары ұйымдасқан бейімделу қабілеті болып саналады.

Бентостар дегеніміз- судың түбіндегі субстраттарда (шөгінділерде) тіршілік ететін организмдердің жиынтығы. Бентостар: фитобентосжәне зообентосдеп бөлінеді. Негізінен бәрі де баяу козғалатын немесе қозғалыссыз өмір сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді.

Теңіздердегі фитобентосы, бактериялар мен балдырлар құрайды. Тұщы су фитобентосы да бактериялар, диатомды және жасыл балдырлардың өкілінен тұрады.

Жалпы алғанда судағы барлық өсімдіктерді тіршілік ету сипатына карай гидрофиттсржәне гидатофиптердеп бөледі.

Гидрофиттер суға жартылай көміліп өссе, ал, гидатофиттер қатарына суға көміліп өсетін өсімдіктер жатады.

Су өсімдіктерінің тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктері де әр түрлі. Біріншіден, су өсімдіктерінің тамыр, жапырақ, генеративтік мүшелері жетілген. Тамыр жүйесі судағы субстраттарға бекіну ролін атқаруға бейімделген. Сондықтан тамыр жүйесінде тамыршалар болмайды. Қоректі сіңіру бүкіл денесі арқылы жүзеге асады. Су өсімдіктері жүзуге немесе қалқып тұруға бейімделгендіктен өн бойына қалтқы тәрізді өскіншелері пайда болған. Бұл өскіншелер өсімдікті суда жеңіл жүзіп немесе қалқып тұруға жеңілдік туғызады. Гидатофиттердегі бір ерекшелік жапырақтарының жалпақ немесе әр түрлі болуы. Бұл құбылыс газ және зат алмасу процесін жеңілдетеді. Көптеген су өсімдіктері гүлден тұқым беру кезінде гснеративті мүшелерін су бетіне шығарып тозаңдандыруға жол береді және тұқымының жел, су арқылы таралуына жол ашады. Су өсімдіктерінде болатын бейімделудің жоғары деңгейін біз - мүгі, элодей, су сарғалдагы, т.б. өкілдерінен көреміз.

Жануарлардың суға бейімделуі де сан алуан. Олардың біз ана­томия-морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлық және басқа да бейімделу қабілеттерін байқай аламыз. Мәселен, судың қалың қабатында тіршілік ететін организмдерде жүзгіштік, икемділік, денесіндегі үзгіш қанаттары жақсы жетілсе, ал бентос топтарында керісінше жүзуге икемсіз және су түбіндегі заттарға жабысып калуға бейімделген мүшелері жақсы жетілген.

Планктондар суда жүзуге бейімделмегендіктен олардың дене тұрқы кішкене, қалқып жүруге икемді, әрі жеңіл мүшелері жақсы жетілген.

Су организмдерінің ішінде медузалар, екі жақты моллюскалар, инеліктің личинкасы өз денесінен атқылаған су энергиясының күшімен тез жүзуге бейімделген. Бұл құбылыс, әсіресе, бас аяқты моллюскада жақсы байқалады. Ал, осы әдіспен қозғалатын кальмардың жылдамдығы сағатына 40-50км алатын көрінеді. Ірі киттерде жүзуді жүзеге асыратын жақсы жетілген әрі қуатты жүзгіш қанаттары мен ескек аяқтары болса керек.

Тұщы су гидробионттарының кейбірі су бетінде кәдімгі құрлықтағыдай сырғанап та жүреді. Мәселен, тоқтау сулар мен көлшік бетіне көңіл аударсаңыз «жүзгіш» насекомдардың біраз өкілін көреміз. Олар - кәдімгі су қандалалары мен су қоңыздарының өкілдері.

Көптеген гидробионттар (бентостар) судың түбінде, топырақ арасында тіршілік етуге бейімделген. Тіпті, кейбір ірі балық өкілдері: скаттар камбалалар, миногалар, өзінің тіршілігінің біраз бөлігін топырақ астында өткізетіні ғылымға белгілі. Мұндай фактілерді омыртқасыз жәндіктер өкілдерінен де көруге болады.

Теңіз жануарларының көбі жоғары қысым жағдайында тіршілігін жалғастырады. Мәселен, глотурия, погонофоралар, теңіз лилиясы, теңіз жұлдызы, т.б. организмдер 3000-10000 м тереңдікте еркін өмір сүреді. Бұларға тән ерекше қабілеттер дене тұрқының үлкеюі, известі сауыттардың болмауы, көз мүшесінің редукцияға ұшырауы, сезім мүшелерінің жақсы жетілуі, денесіндегі пигменттердің болмауы. Ең бастысы жоғары қысымды көтеру үшін тұз, су алмасу механизмінің жақсы жетілуі болып табылады. Бұл процесті — осмостық реттелу дейді . Балықтарда осмостық реттелу төмендегідей формада жүзеге асады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.