Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тұщы суқоймасының биогеоценозы.



Тұщы суқоймасының биогеоценозы.

Әрбір табиғи суқойма мысалы, көл, тоғанды алсақ, ондағы ұсақ ағзалар, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жиынтығы өз алдына біртұтас, жеке биогеоценозды құрайды.

Мұндай табиғи жүйе, басқа биогеоценоздар сияқты, өздігінен реттеледі және жаңадан пайда бола алады.

Кез келген суқоймада тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар түрлері біркелкі таралмаған. Олардың жеке түрлері өздеріне қолайлы жерлерде ғана тіршілік етеді. Су жағалауы әрқашан ағзалардың тіршілігі үшін қолайлы болып келеді, өйткені ондай жерлерде су жылы, әрі күн сәулесі де мол түседі және су жағалауында оттегі де, басқа жерлермен салыстырғанда, көбірек болады. Күн сәулесі мол түсетіндіктен, су жағалауында әр түрлі көптеген жоғары сатылы өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар туады, Мұнда ұсақ балдырлар да көп кездеседі. Сонымен қатар, су жағалауы көптеген жануарлар түрлерінің тіршілігіне де қолайлы болады. Жануарлардың кейбір түрлері су өсімдіктерінде тіршілік етсе, енді бір тобы (балықтар, суда жүзетін жыртқыш қоңыздар, су қандалалары) су ішінде еркін жүзіп жүреді. Суқоймасының түбінде айқұлақтың, бунақденелілердің дернәсілдері, кұрттардың біраз түрлері, т. б, жануарлар мекендейді. Судың бетінде де әр түрлі жануарлар тіршілік етеді. Су жағалауы балықтардьщ тіршілігі үшін, әсіресе олардың қорегін табуына және көбеюіне, уылдырықтарының дамып жетілуіне қолайлы болып келеді, сондықтан да бұл жерде балықтар көбірек кездеседі.

Суқойманың терең кабаттарында ағзалар аз таралады, өйткені ондай жерлерге күн сәулесі нашар түседі. Мұндай жерлерде фотосинтез жүретін өсімдіктер мүлде өспейді. Судың терең қабаттары нашар жылынады және онда оттегі мөлшері де аз болады, Сондықтан мұндай жерлер тіршілік үшін-қолайсыз аймақ болып саналады.

Сукойманың ашық айдындары жақсы жылынады және онда жарық мол түседі. Сондықтан мұнда да көптеген су өсімдіктері мен су жануарлары тіршілік етеді. Онда ұсақ балдырлар, бактериялар және қарапайымды жәндіктер — кірпікшелі кебісшелер, талшықтылар және шаян тәрізділер, т. б. кездеседі. Осыңдай су ағынымен бірге жүріп тіршілік ететін ұсақ ағзалар жиынтығын планктон деп атайды. Суқоймадағы тіршілік тізбегівде және ондағы зат айналымында планктонның маңызы өте зор. Планктонды ағзалардың мөлшері бірнеше микрометрден (бактериялар) бірнеше метрге (кейбір медузалардың диаметрі 2 м, ал қармалауыштарының үзындығы 30 м) дейін жетеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.