Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тоған биогеоценозындағы қоректік байланыстардың тұрақтылығы.



Тоған биогеоценозындағы қоректік байланыстардың тұрақтылығы.

Суқойма биогеоценозында ағзалардың қоректену тізбегі тұрақты, әрі бірнеше сатыдан тұрады. Мысалы, суда өсетін өсімдік қалдықтарын бактериялар пайдаланады, ал олар қарапайымдыларға қорек болады, өз кезегінде қарапайымдылармен үсақ шаянтәрізділер қоректенеді. Оларды балықтар қорек етеді. Балықтарды баска жыртқыш балықтар, күстар және суда тіршілік ететін басқа жануарлардың жеуі мүмкін. Биогеоценозқұрамындағы түрлердің барлығы дерлік бір ғана коректі пайдаланбайды, олар әр түрлі қорек заттарын пайдаланады. Қоректену тізбегінің құрамына түрлі ағзалар кіреді. Биогеоценоздағы қорек тізбегіне кіретін ағзаның бірі болмаса, онда қоректік тізбек бұзылмайды, ондай кезде қоректің басқа көзі пайдаланылады. Сонымен биогеоценоздағы түрлердің саны неғұрлым көп болса, ол соғұрлым тұрақты болады.

Су биогеоценозында да бастапқы энергия көзі күн сәулесі болады. Сол арқылы судағы өсімдіктер органикалық заттарды синтездейді. Суқоймада тіршілік ететін барлық жануарлардың биомассасы негізінен, су өсімдіктерінің биологиялық өнімділігіне тікелей байланысты болады.

Табиғи суқоймаларда өсетін су өсімдіктерінің өнімділігінің аз болуына автотрофты өсімдіктердің өсуіне қажетті минерадды заттардың (әсіресе азот пен фосфордың) жетіспеуі немесе судағы қышқылдық ортаның қолайсыздығы тікелей әсер етеді. Мұндай жағдайларда суқоймаларына қоддан минерадды тыңайтқыштарды шашу, кышкыдцы су ортасын әктеу және балықтарға корек болатын өсімдіктер түрлерін өсіру шаралары жүргізіледі. Осындай жолмен тоған балық шаруашылығының өнімділігін тез арттыруға болады.  



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.