Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тарихи –мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің ролі мен маңызын талдаңыз



41.Тарихи –мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің ролі мен маңызын талдаңыз

Ескеркіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайды, сөйтіп келешек ұрпаққа тәлім –тәрбие беруде маңызы зор.1983 ж ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы «18 сәуір – тарихи ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың Халықаралық күні» деп бекітілді. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Табиғи және Мәдени мұралар тізіміне енгізу бағытында Сыр елінде де үлкен жұмыстар басталды. Соңғы екі жыл ішінде Сығанақ және Жаркент қалашығының қорғау аймағы белгіленсе, бүгіде Қорқыт ата ескерткіш кешені бойынша қаулы жобасы дайындалды. Алдағы уақытта Шірік Рабат және Жент қалаларында осындай жұмыстарды атқару кезегі тұр.

2004 ж Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен негізгі приоритеті тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставциялау, консервациялау , мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы жасалып, қабылданды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы бері қазірге дейін Айша-Бибі кесенесі Арыстанбаб,

Абат-Байтақ, Есімхан, Қара сопы, Ысқақ ата, Қараман ата қорымдарында, Петропавл қаласындағы «Резиденция абылай хана» кешені сияқты ескерткіштерінде жұмыстар атқарылды, 26 ғылыми қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген.

Қазақ халқы рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата- бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, шешендік сөздері, дастандары, ғасырлар бойы өз ұрпағын өнегелі де, өнерлі , адамгершілігі жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.

Қазір еліміз Тәуелсіз мемлекетке айналғалы, елдің рәміздері белгіленгенін білеміз. Рәміздер адамзаттты тәрбиелеуде улкен тәрбиелік мәнге ие.

 

42. Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту саясаты.$$$

Қазақстандық бірегейліки пен саяси тұрақтылықты нығайту саясаты « Қазақстан -2050» стратегиясысының, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100нақты қадам баршаға арналған қазңргң заманғы мемлекет» Ұлтжоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші бағытының міндеттерімен негізделген.

Тұжырымдама мынадай басты қағидаға негізделді;

1. Негізгі бағыт- ел президенті Н.Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясы

2. «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясысының біріктіруші құндылық тары –азаматтық теңдк, еңбексүйгіштік адалдық, 5ылым мен білі мге құрмет, зайырлы ел

3. Қазақстандық бірегейлік пен бірлік – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын үрдіс. Ол әрбір азаматтың этникалық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланаыстыруына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды. «Біздің бір ғана Отанымыз, бір ғана атамекеніміз бпр- ол Тәуелсіз Қазақстан». Бұл саналы таңдаудың мәнін ұғыну- бірігудің басы негізі.

4. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы-мәдени этникалық тілдік және діни әралуандыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар.

5.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.