Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз.



37. Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз.

Тоқырау жылдары деп аталатын кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардыңортасына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде социалисттік бағдардағы мемлекеттер арасындағы жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағын ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті. Жыл сайын КОКП- ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор көріне бастады.

Қазақ елі тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет, өнер саласында көптеген жетістіктерге жетті. 1978 жылдың ең маңызды жаңалығы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төралқысы республиканың жаңа конституциясы жобасын «Бүкілхалықтық талқылауға» ұсынды және Кеңестік Қазақстанның соңғы конституциясы қабылданды.

Сонымен қатар тоқырау жылдарындағы «Жас тұлпардың» ықпалымен көптеген елдерге танымал болған ансабльдер: Гүлдер, Айгүл, Дос-Мұқасан.

Бүгінде ол – өзіндік қолтаңбасы бар, ұлттық бояу-бедері қалыптасқан шоғырлы ұжымдар болды. Шетелдерде өнер көрсетіп, талайлардың таңдайын қақтырған ұлттық ансамбльдер биік белестерді бағындырып, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеді.

1975 ж сонымен қатар Олжас Сүлейменовтың жарық көрген «Аз и Я» кітабы түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Бұл кітабында «Игорь жасағы туралы» жырға талдау жасалған. Алайда «Аз и Я» кітаы тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталды.

38. Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсерін талдаңыз.

Қайта құру кезеңі – Совет Одағының коммунистік партия билеушілерінің 1985-1991 жылдарындағы жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы. Сол жылдары КСРО- да көптеген реформалар қабылданып, елеулі өзгерістер орын алды. Бұл идеяның қозғаушысы –КОКП ОК бас хатшысы Михаил Сергеевич Горбачев болып табылды. Пленумда Горбачев баяндама жасап , социалисттік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі.Қоғамды түбегейлі өзгерту және әлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып , өндірісте тәртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып , машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1.7 есеге арттыру міндеттері белгіленді.

Экономикалық салада дағдарыстың белгілері ;

1. Шаруашылықты жүргізудің шығындық тәсілі.

2. Ғылыми- техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.

3. Бақылаусыз басқару аппараты.

4. Инфляция

5.Тауар зәрулігі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.