Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кеңестер одағының ыдырауы және ТМД ның құрылуы.



40 Кеңестер одағының ыдырауы және ТМД ның құрылуы.

1922 ж. 30 желтоқсанда шақырылған аталған төрт республика кеңестері өкілдерінің 1-съезі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (КСРО немесе Кеңес Одағы) құру жөнінде Декларация қабылдады. Декларацияда КСРО-ға кіру теңқұқылық пен еріктілік негізінде жүзеге асырылады және Одақтан өз еркімен шығу құқы сақталады, әрі басқа да жаңадан құрылған республикалар одаққа өз еркімен кіре алады деп көрсетілді. Съезд КСРО-ны құру жөніндегі келісімшартты бекітті. Одақтың жоғарғы органын – КСРО Орталық Атқару Комитетін сайлады. ОАК-нің тең төрағалары болып М.И. Калинин, Г.И. Петровский, Н.Н. Нариманов, А.Г. Червяков сайланды. 1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы Конституциясын бекітті. 20 ғ-дың 20-жылдарының бас кезінен бастап, әсіресе, Ленин қайтыс болғаннан кейін, Кеңес Одағында билік үшін талас-тартыс басталды1929 жылы КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бесжылдық жоспары жасалды. 1934 жылы алғашқы бесжылдық жоспарды мезгілінен бұрын орындау қорытындылары қаралып, 2-бесжылдық жоспар жасалды. 1953 ж. көктемде Сталин қайтыс болып, үкімет билігі үшін тартыс қайта басталды. Үкімет басына келген Н.С. Хрущев партияның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. 1954 ж. алғашқы атом электрстансасы салынды, 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды, 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ бұл жұмыстардың барлығы тоталитарлық жүйе тәртібімен жүргізілгендіктен, ішкі қайшылықтары көп болды. Орыстандыру саясатының күшеюіне қарсылық ретінде ұлт республикаларында наразылықтар бой көрсетті. 1964 ж. Хрущев орнынан түсіріліп, билікке Л.И. Брежнев келді. Жаңа үкімет басшысы жүргізген реформалар ақырына дейін жеткізілмей, сәтсіздікке ұшырады. 1979 ж. Ауғанстанға Кеңес Одағы әскерлері кіргізілді. Жанталаса қарулану одан әрі шегіне жетті. 1977 ж. қабылданған КСРО-ның үшінші Конституциясы елдің қоғамдық-саяси өміріне, әлеуметтік-шаруашылық тұрғыда дамуына серпін бере алмады. 1980 жылдың бас кезінде Кеңес Одағы экономикалық тоқырауға ұшырады. 1985 ж. билікке М.С. Горбачев келуімен бірге елде саяси-экономикалық реформалар басталды. Кеңес жүйесін реформалауға тырысу КСРО-ны дағдарысты жағдайға алып келді. Халықтың саяси белсенділігі бірден көтеріліп, ұлттық партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Қазақстанда (қ. Желтоқсан көтерілісі), Балтық теңізі жағалауы елдерінде, Кавказ республикаларында халықтың жаппай бас көтерулері болып өтті. Экономика тұралап қалды, шахтерлердің, кеншілердің, мұғалімдер мен студенттердің, дәрігерлердің үкіметтің саясатына қарсы ереуілдері басталды. Кертартпа күштердің 1991 ж. тамызда мемл. төңкеріс жасау әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Кеңес Одағының бұдан әрі өмір сүруі мүмкін болмай қалды. 1991 ж. желтоқсанда Минск қаласында КСРО-ның бастапқы құрылтайшылары болған одақтас республикалар Беларусь, Ресей, Украина басшылары өздерінің КСРО-ны тарататындықтарын жариялады (қ. Беловеж келісімі). Сөйтіп, КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1991 ж. 21 желтоқсанда бұрынғы КСРО республикалары Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина Алматы қаласында өздерінің Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құратындықтары жөніндегі декларацияға қол қойды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.