Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ж шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарасты талдаңыз.



34.  1955,1962 ж шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарасты талдаңыз.

 * Ел көшін бастау- маған сын , міне қостау –елге сын * деген президентіміздің сөзін ту еткен қандастарымыз елге қайта оралу үдерісін бастады. Тәуелсіздіктің арқасында ұлт ретінде түгелденніп жатырмыз. Әділдігі – шетелге қашуға мәжбүр болып , төрткүл дүниеге тарыдай тарыдай шашылған қазақтын өз еліне қайта оралуында . Өміршендігі м-мың өліп мың тірілген қазақтың жаңа сапалық , сандық өлшемге жетіп, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып дамуында .

 Атамекеннен айырылған қазақтардың қайта олралуы кеңес дәуіріндеде орын алғанын айтуымыз керек. Соның ішінде 1950 ж Қытайдан қайта оралғаг репартиаттарға ерекше қарауға болады. Қытай халық Республикасы 1955ж 17 қыркүйекте * Шекарадан тыс жердегі кеңес азаматтарын репариациялау жане оларды КСРОда еңбекпен қамту туралы* қаулы қабылдайды. Осы қаулы лар Қытайдан Шыңжаң –Ұйғыр автаномиялық ауданы мен т.б аудандарынан қазақ , ұйғыр , дүнген , орыстар қайта оралды. 1955ж Қытайдан қоныс аударған репартианттар ресми құжаттарда *кеңес азаматтары * деп аталды. Олар Харгос станциясынан Сарыөзекке жіберіліп, одан әрі қарай Іле, Алагөз,Отпар станциялары жанынан құрылған қабылдау- бөлу пунктері арқылы қабылданды. Көшіп келген кеңес азаматтарына көмек ретінде отбасы басына 3000 сом , мүшелеріне 600 сом қайтарылмайтын көмек ақша берілді. Әрбір отбасы мемлекеттік банктен жеке үй құрылысы үшін 15 мыңға дейін ,мал сатып алу үшін 3 мың сом көлемінде несие алуға құқылы болды.

 Сонымен, 1955ж тікелей өзіне қатысты мәліметтерді саралар болсақ , Қазақстан кеншарларына 240 отбасы көшіп келді. Қытайдан келген кеңес азаматтары ,Көкшетау, Павлодар ,Қостанай ,Батыс Қазақстан ,Ақтөбе облыстарына жіберілді. Себебі олар мал шаруашылығымен айналысатын.

1962 ж жағдай өзгерді. Сол жылы Қытайдан Іле –Қазақ Автаномиялық облысынан өткендердің саны 100 мың болды көпшілігі қазақтармен ұйғырлар . Шекара жабылды .

Партиялық жане үкіметтік органдар репарианттарды еңбекпен қабылдау еңбекпен қамтамасыз ету , орналастыру жане тұрмыстық жағдайларын реттеу мәселесін мейлінше қадағалауға тырысты . Қытайдан көшіп келгендерге арнайы жеңілдіктер жасалынды Қазақ КСР МИнистрлер кеңесінің 1962 ж 24 мамырдағы қаулы негізінде әрбір келген адамға 40 сом мөлшерінде көмек 1 сом тәулік ақы және азық- түлік , өнеркәсіп тауарлары беріліп, көмек көрсетілді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.