Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын талдаңыз



27.Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын талдаңыз

Екінші дүние жүзілік соғыс барысында 60 млн-ға таяу адам қаза болып, оның ішінде 27млн-ға таяуы Кеңес Одағының азаматтары және 6млн адам Польша мемлекетінен еді. Ондаған миллион адам жараланда және мүгедек болды. I дүние жүзілік соғыспен салыстырғанда Iiдүниежүзілік соғыстағы адам шығыны 6 есеге , ал материалдық шығына 12есеге көп болды. Германия мемлееттіне қолға түскен 4,5 млн кеңестік әскери қызметкерлердің тек 1,8млн ғана үйіне оралған болатын. Арнайы құрылған неміс лагерінде 11млн-нан астам адамдар өлтірілді, оның ішінде 6 млн еврей халқы бар. Барлық мұхиттар мен құрлықтарды, жер шарының 4/5 бөлігін қамтыған екінші дүниежүзілік соғыс адамзат балаының тарихындағы өте өзгерісті кезеңнің бірі. Екінші дүниеежүзілік соғыстың ең маңызды қорытындысы: фашизмді жеңу болды. Фашистік және соғысқұмар басқыншы мемлекеттер Германия, Италия, Жапония және олардың одақтасары толығымен талқандалды.                                                            Соғыстың ең бір маңызды қорытындыларының бірі-тұтастай бірқатар елдердің каписталистік емес даму жолына түсуі. Соғыс нәтижесінде Жапонияның тізе бүгуі және 1945-1949жж. азамат соғысының нәтижесінен кейін Қытайда билік басына коммулистік жаңа жүйе келді. 949жылдың 1қазан күні Қытай Халық Республикасы құрылды. Әлемде халықтық-демократиялық және социалистік елдер құрамдастыгы пайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың таы бір маңызды нәтижесі-отарлық жүйенің жойылуының басталуы болды. Азаматтық мақсаттар және соғыстың антифашистік сипаты, фашистік басқыншылардың талқандауы ұлт-азаттық қозғалыстардың өрлеуіне мүмкіндік жасады. Жапонияның басып алған Азия және Тынық мұхит елдері метрополия елінің қарамағынан, бақылауынан шықты. Жапонияның тізе бүгуінен кейін бұл елдер өз тәуелсіздігін жариялады. Ал басқа отар елдерде, әсіресе

Үндістан, Сирия, Ливан, Палестинада соғыс халық бұқарасының саяси белсенділігін оятты, олар белсенді түрде тәуелсіздікт талап ете бастады. Екінші жүниежүзілік соғыс салдарынан әлемдік аренадағы күштер салмағы да тез өзгеріске түсті. Германия,Жапония,Италия соғысқа дейін державалар қатарында болса, жеңілгеннен кйін уақытша болса да тәуелсізді елдерге айналды.                                                                           Жеңімпаз мемлекеттердің ішінде АҚШ соғыстан едәуір күшейіп шықты. Ал екінші «ұлы держава» Кеңестер Одағы болды. Ол капитализмге қарсы шыққан барлық қоғамдық күштерді шоғырландырды. Сонын нәтижесінде шартты түрде Шығыс пен Батыс деп аталған екі негізгі полюс, екі идеологиялық және әскери саясиблок құрылды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.