Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Асқазан- ішектік қан кету. – 10



Асқазан- ішектік қан кету. – 10

1. Қабылдау бөліміне 58 жастағы ер адам «кофе қойыртпағы» тәрізді   көп мөлшердегі құсықтың болуымен келіп түсті. Екі апта бойы бұған қоса әлсіздік, бірнеше рет қара өзгерген нәжіс болған. Сонғы бірнеше жылдарда эпигастральды аймақтағы ауырсыну, жақында белге қарай тарала бастады. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта, пульс 96 рет/ мин, АҚҚ 105/75мм.с.б. Іші жұмсақ ауырсынусыз. Тік ішек арқылы тексергенде нәжіс мелена. Асқазан- ішек жолдарының жоғарғы бөліміндегі көп мөлшерлі қан кетуді ескере отырып, болжам диагноз қойыңыз?

А. өңеш венасының вариозды кеңеюі

Б. асқазан- 12 ішектің жарасы

В. асқазан рагі

Г. Мэллори-Вейсс синдромы

Д. геморрагиялық гастрит

Б

 

2. Қабылдау бөліміне 48 жастағы ер адам әлсіздік, есеңгіреу, «кофе қойыртпағы» тәрізд,  құсық және меленаның болуы шағымдарымен келіп түсті. Екі апта бойы қара өзгерген  нәжіс болған. Сонғы бірнеше жылдардағы эпигастральды аймағындағы ауырсыну  жақында белге қарай тарала бастады. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта, пульс 96 рет/ мин, АҚҚ 105/75мм.с.б. Жедел гастроскопияда асқазан бұрышы аймағында 3,0х3,0 см мөлшеріндегі терең жаралы кратер және жара түбіндегі ірі тамырдан белсенді қан кеткені анықталды. Қай қан тамыры қан кетудің көзі болып табылады? 

А. Асқазан- 12 елі ішектік артерия

Б. асқазанның оң жақ артериясы

В. асқазанның сол жақ артериясы

Г. асқазан- шарбы артерия

Д. асқазанның қысқа артериясы

В

 

3. Қабылдау бөліміне 48 жастағы ер адам әлсіздік,есеңгіреу, «кофе қойыртпағы» тәрізді құсық және меленаның болуы шағымдарымен келіп түсті. Екі апта бойы қара өзгерген  нәжіс болған. Сонғы бірнеше жылдардағы эпигастральды аймағындағы ауырсыну, жақында белге қарай тарала бастады. Қарап тексергенде науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, пульс 96 рет/ мин, АҚҚ 105/75мм.с.б. Жедел гастроскопия асқазан бұрышы аймағында 3,0х3,0 см мөлшеріндегі терең жаралы кратер және жара түбіндегі ірі тамырдан белсенді қан кеткені анықталды. Бұл жағдайда қандай тактика қолданған дұрыс?

А. Массивті гемотрансфузия

Б. қан кетуді эндоскопиялық тоқтату

В. қан кетіп жатқан тамырдың эмболизациясы

Г. асқазан резекциясы

Д. Гастротомия, қан кеткен тамырды тігу

Г

 

4. Қабылдау бөліміне 35 жастағы науқас құрамында қаны бар көп мөлшердегі құсыққа шағымданып түсті. Анамнезінде Боткин ауруымен ауырған, асқазанның ешқандай ауыруы көрсетілмеген. Болжам диагноз қойыңыз? 

А.асқазанның ыдыраған ісігі, қан кетумен асқынған

Б. өкпелік қан кету

В. эррозивті гастрит

Г. өңеш веналарының варикозды кеңеюінен қан кету

Д. асқазанның кардиальды бөлігінің жарасы

Г

 

5. Қабылдау бөліміне 35 жастағы науқас асқазан- ішек жолдарынан қан кету белгілерімен келіп түсті. Анамнез жинағаннан кейін және диагностикалық шараларынан  кейін Блекмор зондын қою шешілді. Блекмор зондтын қолданудың корсеткіші қандай?

А.Гастростаз

Б.жаралық қан кету

В.қан аралас қайталама құсу

Г.өңеш веналарының варикозды кеңеюінен қан кету

Д.зондпен тамақтандыру мақсатында

Г

 

6. Қан аралас қайталама құсу, сұйық қара нәжіске байланысты түскен 26 жастағы науқаста гемоглобин 80г/л, эртроцит 2 млн, гематокрит 22, оцк жетіспеушілігі 25%, пульс 110 рет/мин, АҚҚ 100/60 мм.с.б. Жедел гастродуоденоскопияда 12 елі ішектің созылмалы жарасы тамырлардың тромбозымен анықталды және асқазанның түбінде аз мөлшерде «кофе қойыртпағы» . Бұл жағдайда қандай тактика жүргізесіз?

А. жедел операция

Б. асқазан тамырларының эмболизациясы

В. медикаментозды емдеу

Г. гемотрансфузия

Д. локальді гипотермия

А

7. Қабылдау бөліміне асқазаннан қат кету белгісімен науқас келіп түсті.Мына көрсетілген симптомдардың қайсысы қансыраған асқазан- 12 елі ішектік жараға  тән?

А. іштегі ауырсынудын күшеюі бел аймағына таралады, қара нәжіс

Б. бұл периодта ауырсыну синдромының болмауы, «кофе қойыртпағы» тәрізді  құсық, мелена

В. «таңқурай желесі » тәрізді нәжіс, «кофе қойыртпағы» тәрізді  құсық, іштегі қатты ауырсыну

Г. эпигастрий аймағындағы қатты ауырсыну, суық тер, акрацианоз

Д. іштегі ауырсыну, қан аралас нәжіс

Б

 

8. Қабылдау бөліміне 48 жастағы ер адам келіп түсті. Шағымдары: әлсіздік, есеңгіреу, көз алдында шіркейлердің елестеуі, көздің  қарауытуы, суық тер, коллапс. Анамнезінде түнгі уақытта эпигастрий аймағындағы ауырсыну. Бұл шағымдар қай аурудың сипаты болып табылады?

А. асқазанның ыдыраған  ісігі, қан кетумен асқынған

Б. 12 елі ішектің жарасы, қан кетумен асқынған

В. эррозивті гастрит, қан кетумен асқынған

Г. өңеш веналарының варикозды кеңеюінен қан кету

Д. асқазанның кардиальды бөлігінің жарасы, қан кетумен асқынған

Б

 

9. Қабылдау бөліміне 58 жастағы науқас коллапстан 3 сағаттан кейін қайталанатын көп мөлшердегі «кофе қойыртпағы» тәрізді құсық және қайталама меленамен келіп түсті. Екі апта бойы бұған қоса әлсіздік, көп реттік қара өзгерген нәжіс бар. Науқустың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, пульс 96 рет/мин, АҚҚ 1052/75 мм.с.б. Бұл жағдайда гомеостаздың қандай жылжуы байқалады?

А. гематокриттің жоғарлауы

Б. Гемоконцентрация

В. Аутогемодилюция

Г. Гиперволемия

Д. Нормоволемия

В

 

10. Қабылдау бөліміне 48 жастағы ер адам келіп түсті. Шағымдары: әлсіздік, есеңгіреу, көз алдының қарауытуы, қан аралас құсу. Анамнезінде 2 күн бойы ішімдік қолданған, түскен кезде бірнеше рет асқазандағыларын құсып тастаған, одан кейін қан аралас құсады. Түскен кезде асқазан- ішек жолдарынан қан кету белгілері болған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

А. Меллори-Вейс синдромы, қан кетумен асқынған

Б. 12 елі ішек жарасы, қан кетумен асқынған

В. эррозивный гастрит, қан кетумен асқынған

Г. өңеш веналарының варикозды кеңеюінен қан кету

Д. асқазанның кардиальды бөлігінің жарасы, қан кетумен асқынған

А



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.