Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жедел ішек өтімсіздігі – 10



Жедел ішек өтімсіздігі – 10

 

1. ЖМКА-ға науқас келіп түсті. Іштегі өткір ауырсыну, тоқтаусыз құсу, газ шығудың қиындауы және үлкен дәретінің болмауына шағымданады. Анамнезінде: ішастар жарақаты, апендэктомия, объективті қарағанда- іші үрленген, пальпация кезінде мезо- гипогастрий аймағында ауырсыну, АҚҚ 140/70, пульс 90рет/мин. Ішастардың шолу рентгенограммасында- ішектің айқын пневматизациясы,ұсақ Клойбер тостағаншалары. Сіздің диагнозыңыз қандай?

А. жедел холецистопанкреатит

Б.жедел  панкреатит

В.туберкулезді перитонит

Г.жедел ішек өтімсіздігі

Д.жедел гастроэнтероколит

Г

 

2. ЖМКА- ға толғақ тәрізді іштің ауырсынуы, көп реттік құсу, газдың шықпауы шағымдарымен 2,5 сағат соң науқас келіп түсті. Рентгенографияда Клойбер тостағаншалары көп. Жіңішке ішектің айналуы диагнозы қойылды.

Науқасқа қандай операция көрсетіледі?

А. Жіңішке ішекке резекция жасау 30-40см аз емес

Б. айналуды қалпына келтіру, жіңішке ішекті интубациялау

В. жүктемелі илеостоманы салу

Г. жүктемесізэнтеротомия, жараға екі қатарлы тігіс салу

Д. ішек ілмектерінінің арасына өтпелі анастомоз салу.

Б

 

3. Қабылдау бөліміне іштегі және оң жақ бел аймағындағы ауырсыну, жүрек айну, бір реттік құсу, іштің үрленуі, газдың шықпауы шағымдарымен науқас келіп түсті. Пальпация кезінде іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауырсыну, ішастар тітіркену симптомы жоқ, Пастернацский симптомы оң жағында оң. Қан анализінде лейкоцит 8,0х10*, зәр анализінде балғын эритроциттер. Бұл ішек өтімсіздігінің қай түрі?

А. странгуляциялық ішек өтімсіздігі

Б. салданбалы ішек өтімсіздігі

В. жабыспалы ішек өтімсіздігі

Г. обтурационды ішек өтімсіздігі

Д. инвагинациялы ішек өтімсізідгі

В

 

4. Қабылдау бөліміне науқас келіп түсті. Тік ішектік тексеру кезінде дәрігер- хирург тік ішек ампуласының балон тәрізді кеңеюі мен анустың ашылып тұрғанын анықтады. Қандай ауру туралы ойлайсыз?

А.Шырышасты  парапроктит

Б.сигманың айналуы

В.тік ішектің жарықшалары

Г.соқыр ішектің айналуы

Д.тік ішектің түсуі

Б

 

5. ЖМКА- ға 38 жастағы А. науқас келіп түсті. Шағымдары: іштің өткір ауырсынуы, тоқтаусыз құсу, газ шығудың қиындауы, үлкен дәретінің болмауы. Анамнезінде: апендэктомия операциясы, объективті қарағанда іші үлкейген, пальпация кезінде кіндік аймағында ауырсыну, АҚҚ 140/70, пульс 90 рет/ мин. Іш қуысының шолу рентгенограммасында- ұсақ Клойбер тостағаншалары. Бұл жағдайда хирургтың тактикасы қандай?

А.жедел  операция

Б.лапароскопия

В.тек қана консервативті ем

Г.сифонды  клизма

Д. барлық аталғандар

А

 

6. Ургентті ауруханаға оң жақ іш аймағының және кіндік маңының үздіксіз ауруына шағымданған жас әйел келіп түсті. Қарап тексергенде кіндік маңының үрленуіне байланысты іштің ассиметриясы байқалады. Шиман- Данс симптомы анықталды. Аускультация кезінде іште ашық метал тәрізді сипаттағы перистальтикалық шуыл анықталды. Іш қуысының шолу ренгенограммасында ішек ілмектері шар тәрізді үрленген және сұйықтықтың көлденең дәрежесі 16 см дейінгі мөлшерде.

Сіздің диагнозыңыз және тактикаңыз қандай ?

А. соқыр ішектің ісігі, оперативті ем

Б. илеоцекальді инвагинация,күту  тактикасы

В.түйін түзілісі, жедел операция

Г.соқыр ішектің айналуы,жедел  операция

Д. копростаз, консервативті ем

Г

 

7. ЖМКА-ға 58 жастағы А. науқас, келіп түсті. Іштің ауырсынуына шағымданады. Объективті қарағанда- іш тыныс алу актісіне жартылай қатысады. Пальпация кезінде кіндік аймағында ауырсыну, Спасокукоцский, Валь, Скляров, Греков, Цеге-Монтейфель симптомдары оң. Қандай хирургиялық патологияға бұл белгілер тән?

А. жедел  аппендицит

Б.асқазанның перфоративті жарасы

В.жедел  холецистит

Г.  ішек өтімсіздігі

Д. жедел панкреатит

Г

 

8. Қабылдау бөліміне жуан ішектің зерттеу қорытындысымен науқас келіп қаралды. Диагностикалық орталықта фиброколоноскопиялық зерттеуде жуан ішектің сол жақ бөлігінде ісік анықталды.

Болжам диагнозыңыз қандай?

А. Ішектің странгуляциялы өтімсіздігі

Б.Ішектің аралас өтімсіздігі

В. Обтурациялы ішек өтімсіздігі

Г. Жабыспалы ішек өтімсіздігі

Д. Салданбалы ішек өтімсіздігі

В

 

9. ЖМКА- ға науқаскеліп түсті. Шағымдары: іштегі толғақ тәрізді ауырсыну, бірнеше реттік құсу, газ шығуының қиындауы, үлкене дәреттің болмауы. Анамнезінде: аппендэктомия операциясы. Тілі құрғақ. Объективті қарап тексеруде- іші симметриялы, үрленген, пальпацияда мезо және гипогастрии аймағында ауырсыну, Щеткин- Блюмберг симптом оң. АҚҚ 140/70, пульс 90 рет/ мин. Іш қуысының шолу рентгенографиясында –ішектің айқын пневматизациясы, ұсақ Клойбер тостағаншалары. Жедел ішек өтімсіздігі кезінде хирург тактикасы неге байланысты?

А. өтімсіздіктің түрі және перитонеальды симптомдарға байланысты

Б.іштегі ауырсынудың таралуына байланысты

В.перистальтиканың интенсивтілігіне және аурудың таралуына байланысты

Г. тек қана ауырсыну синдромы

Д. құсу мөлшері мен ауыз қуысының құрғауына байланысты.

А

 

10. Қабылдау бөліміне іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, жүректің айнуы, құсу, газдың шығуының қиындауы, үлкен дәреттің болмауына шағымданып науқас келіп түсті. Анамнезінде: апендэктомиялық операция, тілі құрғақ. Қарап тексеру кезінде іші үлкейген, пальпацияда кіндік аймағында ауырсыну, Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Іш қуысының шолу рентгенографиясында - Клойбер тостағаншалары. Науқасқа сифонды клизма, назогастральды зонд , инфузионды ем тағайындалды. Тік ішектің өтімсіздігнің некрозға қауіптілігін ескере отырып консервативті емді неше реттен кем жүргізбеу керек?

А.-3 сағат

Б.-45 мин.

В. -6 сағат

Г.4 сағатқа дейін

Д.-2 сағат

Д

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.