|
|||
ысылған шап жарығы – 10Қысылған шап жарығы – 10 1. Науқас Е ., 25 жаста оң жақ шап аймағындағы ісік тәрізді томпайып тұруына, жүрек айну, құсуға, газ бен үлкен дәреттің болмауына шағымданып, қабылдау бөлімінің хирургіне қаралды. Қарап тексергенде оң жақ шап аймағында 4х5 см мөлшердегі ауырсынатын түзіліс бар, ішастар тітіркену симптомы жоқ. Бұл жағдайдағы хирургтың тактикасы қандай? А. Спазмолитиктерді беру және жылы ваннада жарықты емдеу Б. ауруханаға жатқызу және динамикалық бақылау В.жедел операция Г. жарықты емдеу Д. ауырсынуды басатын дәрілік заттарды енгізу және ауырсыну синдромын жою В
2. Науқас Е,. 25 жаста 2 сағат бұрын қатты ауырып қалды. Физикалық жүктемеден кейін оң жақ шап аймағында мөлшері 4х5 см ісік тәрізді томпаю пайда болды. Аурудың үдей түсуіне байланысыты жедел жәрдем шақырған. Науқасты ауруханаға тасымалдау кезінде шап аймағындағы ауырсыну жоғалды. Қабылдау бөлімінің хирургі қарап тексергенде оң жақ шап аймағында патологиялық құрылым жоқ. Ішкі шап сақинасы өзгеріссіз, іш қусының тітіркену симптомы жоқ. Хирургтың тактикасы қандай? А. спазмолитиктерді тағайындау Б. ауруханаға жатқызу және динамикалық бақылау Д. жедел операция Г. жоспарлы операция Д.лапароскопия жүргізу Б
3. Науқас Е,. 25 жаста 2 сағат бұрын қатты ауырып қалды. Физикалық жүктемеден кейін оң жақ шап аймағында мөлшері 4х5 см ісік тәрізді томпаю пайда болды. Аурудың үдей түсуіне байланысыт жедел жәрдем шақырған. Науқасты ауруханаға тасымалдау кезінде шап аймағындағы ауырсыну жоғалды. Қабылдау бөлімінің хирургі қарап тексеріп, пальпация жасау барысында оң жақ шап аймағындағы құрылым өздігінен іш қуысына өтті, ішастар тітіркену симптомы жоқ. Науқасты ауруханаға динамикалық бақылау үшін жатқызу шешілді. Бұл жағдайда қандай диагноз қоясыз? . А. шап жарығының қысылуы Б. шап жарығы В. қысыла-босаған шап жарығы Г. сан жарығының қысылуы Д. түзетілген шап жарығы В
4. Қабылдау бөліміне науқас Х., 18 жаста келіп түсті. Шағымдары: оң жақ мықын аймағындағы қатты ауырсыну, ауыр бөренені көтергеннен кейін пайда болған. Бір реттік құсу. Ұстаманың басталғанынан 6 сағат өтті. Анамнезінде: бала кезіндегі өтпелі жарық, өздігінен қалпына келген.Іш қуысының басқа патологиясы анықталмады. Қарап тексеру кезінде мықын аймағында іш қуысына өтпейтін томпаю анықталды, пальпацияда кезінде шұрылдайды. Іш бұлшықеттері қатайған, Щеткин- Блюмберг симптомы оң. Қысылған шап жарығы диагнозын негіздеу үшін қандай зерттеу әдісін жүргізесіз? А. іш қуысының шолу рентгенографиясы Б. асқазанды контрасты зерттеу В. дугласты қалтаның пункциясы Г. ирригоскопия Д. жалпы қан анализі. А
5. Қабылдау бөліміне науқас Х., 18 жаста келіп түсті. Шағымдары: оң жақ мықын аймағындағы қатты ауырсыну, ауыр бөренені көтергеннен кейін пайда болған. Бір реттік құсу болды. Ұстаманың басталғанынан 6 сағат өтті. Анамнезінде: бала кезіндегі өтпелі жарық, өзігінен кеткен.Іш қуысының басқа патологиясы анықталмады. Қарап тексеру кезінде мықын аймағында іш қуысына өтпейтін томпаю анықталды,.пальпацияда кезінде шұрылдайды. Ішбұлшықеттеріқатайған, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Диагнозды напқтылау үшін іш қуысына шолу рентгенографиясы жасалған. Рентгенограммада нені көреміз? А. Клойбер тостағаншалары Б.асқазанның газ көпіршіктерінің үлкеюі В."жарық " диафрагма астында орақ тәрізді сызық Г.ішектің пневматизациясы Д."үштісті" және "екітісті" А
6. Науқас В., 35 жаста хирургия бөлімнің қабылдау бөліміне іштің төменгі аймағы мен санның жоғарғы медиальді бөлігінің ауырсынуына шағымданып, келіп түсті. Қарап тексеру кезінде іші біраз үлкейген, ішастардың тітіркену симптомы әлсіз оң. Диагнозды нақтылау үшін ішастардың шолу рентгенографиясында Клойбер тостағаншалары анықталған жоқ. Бұл жағдайда қысылудың қай түрі? А. Ретроградты Б. Нәжісті В. Эластикалық Г. Рихтеровтік Д. ішастар ішілік Г
7. Қабылдау бөлімінің хирургіне қарт жастағы науқас келіп қаралды. Қарап тексергенде төменгі шап аймағының байламдарында қалпына келмейтін, ауырсынусыз, 4х5 см мөлшерлі, дөңгелек формалы түзіліс анықталды. Науқастың айтуы бойынша бұрын ісіну болған, көлденең жағдайда жоғалады. Сіздің диагнозыңыз қандай? А. шап жарығы Б. аталық безінің су шемені В. сан жарығы Г.липома Д.лимфаденит В
8. Хирургиялық аурухананың қабылдау бөліміне шап жарығының қысылу симптомымен науқас келіп түсті. Мына көрсетілгендердің қайсысы шап жарығы қысылуының симптомы емес? А.Жарық топаюы үлкейген, жүргенде ауырсынады Б."жөтелу түрткісі"симптомы жарық қысылу аймағында оң В. ішек өткізгіштігінің бұзылуы Г. пальпация кезінде жарық томпаюының ауырсынуы Д. Жарық томпаюы тығыз және қысылған Б
9. Қабылдау бөлімінде кішкентай баланы хирург қарады. Баланың іш қатуы, кіндік аймағында 1,0х1,2 мөлшерлі эластикалық консистенциялы, жылау кезінде үлкейетін томпаю анықталған. Көлденең жағдайда және баланың тыныштық кезінде томпаю өздігінен жоғалады. Соған байланысты кіндік сақинасы дөңгелек диаметрі 1 см кем емес. Хирург қандай диагноз қойды? А.Эмбриональды жарық Б.кіндік жыланкөзі В .кіндік жарығы Г.кіндік жарығының қысылуы Д.кіндік маңы жарығы В
10. Қабылдау бөліміне науқас Х., 34 жаста келіп түсті.Оң жақ мықын аймағының қатты ауырсынуы сезімі ауыр бөрене көтергеннен кейін пайда болды. Бір реттік құсу. Анамнезінде: 2 жыл бойы жарық болған. Ол біртіндеп ұлғайып, ұмаға түскен. Қарап тексеру кезінде оң жақ мықын аймағында томпаю анықталды, пальпация кезінде шұрылдайды. Болжам диагнозыңыз қандай? А. Ущемленная бедренная грыжа Б.Тік қысылған шап жарығы В.Қиғаш қысылған шап жарығы Г. Қиғаш қысылған шап- ұма жарығы Д. Қысылған шап жарығы Г
|
|||
|