Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Іштің жабық жарақаты– 10



Іштің жабық жарақаты– 10

 

1. Қабылдау бөліміне 48 жастағы ер адам келіп түсті. Шағымдары: әлсіздік,бас айналу, сол жақ қабырға астындағы аздаған ауырсыну.Анамнезінде: 12 сағат бұрын баспалдақтан құлап, сол жақ қабырға доғасымен соғылған. Басында жағдайы қанағаттанарлықтай болған. Бірақ жүргеннен кейін 2 сағаттан соң аяқ астынан әлсіздік, бас айналу, естен тану жағдайында болды. Науқас мәжбүрлі күйде сол жақ бүйірімен жатыр. Тері жабындыларының түсі бозғылт, пульс 120 рет/ минутына.АҚҚ 90/50 мм.сб. Пальпация кезінде ішастар қабырғасының бұлшық еттері қатайған, сол жақ қабырға астында және іштің төменгі бөлігінде дыбыс тұйықталған.

Болжам диагнозыңыз қандай?

А. Сол жақ қабырғаның сынуы және диафрагманың жыртылуы, қан кету

Б.  Жуан ішектің сол жақ бөлігінің және шажырқайдың жыртылуы, перитонит

В. Көкбауырдың жыртылуы, қан кету

Г. Қабырғалардың сынуы, гемопневмоторакс

Д. Оң жақ бүйректің зақымдалуы, ішастар арты гематомасы

В

 

2. Қабылдау бөліміне 48 жастағы ер адам келіп түсті. Шағымдары: әлсіздік,бас айналу, сол жақ қабырға астындағы аздаған ауырсыну.Анамнезінде: 12 сағат бұрын баспалдақтан құлап, сол жақ қабырға доғасымен соғылған. Басында жағдайы қанағаттанарлықтай болған. Бірақ жүргеннен кейін 2 сағаттан соң аяқ астынан әлсіздік, бас айналу, естен тану жағдайында болды. Науқас мәжбүрлі күйде сол жақ бүйірімен жатыр. Тері жабындыларының түсі бозғылт, пульс 120 рет/ минутына. АҚҚ 90/50 мм.сб. Пальпация кезінде ішастар қабырғасының бұлшық еттері қатайған, сол жақ қабырға астында және іштің төменгі бөлігінде дыбыс тұйықталған.

Қандай диагностикалау шарасы науқас үшін маңызды ақпарат береді?

А. Кеуде қуысының рентгенографиясы

Б. Іш астар рентгенографиясы

В. Лапароцентез, “шолу катетері” қолдану арқылы

Г. Лапароскопия

Д.  Ішастар қуысының УДЗ

Г

 

3. Қабылдау бөліміне 48 жастағы ер адам келіп түсті. Шағымдары: әлсіздік,бас айналу, сол жақ қабырға астындағы аздаған ауырсыну.Анамнезінде: 12 сағат бұрын баспалдақтан құлап, сол жақ қабырға доғасымен соғылған. Басында жағдайы қанағаттанарлықтай болған. Бірақ жүргеннен кейін 2 сағаттан соң аяқ астынан әлсіздік, бас айналу, естен тану жағдайында болды. Науқас мәжбүрлі күйде сол жақ бүйірімен жатыр. Тері жабындыларының түсі бозғылт, пульс 120 рет/ минутына. АҚҚ 90/50 мм.сб. Пальпация кезінде ішастар қабырғасының бұлшық еттері қатайған, сол жақ қабырға астында және іштің төменгі бөлігінде дыбыс тұйықталған.

Науқаста қан құйылудың орнына байланысты, қан кетудің қандай түрі?

А. Ішекішілік қан кету

Б. Іш қуысына қан кету

В. Плевраішілік қан кету

Г. Ішастар артына қан  кету

Д. Капсула астылық қан кету

Б

 

4. Хирургия бөлімінің қабылдау бөліміне ішастарға қан кету қауіпімен науқас С,. 38 жаста келіп түсті. Анамнезінде: 5 сағат бұрын соққы алған. Қарап тексеру кезінде тері жабындыларының түсі бозғылт, іші қатайған, ішастар қуысының тітіркену симптомы оң. АҚҚ 90/60 мм.сб. Диагнозды қойып, нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

А. несеп қуықты пункциялау

Б. бауырды УДЗ

В. Лапароцентез

Г. Фиброгастроскопия

Д. іш қуысына шолу рентгенографиясы

В

 

5. Қабылдау бөліміне 48 жастағы ер адам әлсіздікке және іштің барлық аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданып,жедел жәрдем көмегімен жеткізілді. Анамнезінде: төбелес барысында ішінен соққы алған. 2 сағаттан кейін іштегі қатты ауырсынудан жедел жәрдем шақырған. Науқас мәжбүрлі күйде сол жақ бүйірімен жатыр. Тері жабындыларының түсі бозғылт, пульс 120 рет/ минутына, АҚҚ 110/70 мм.сб . Пальпация кезінде ішастар қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы және барлық бөліктерінде ауырсыну сезімі анықталды. Сол жақ қабырға астылық және іштің төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы байқалады, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Болжам диагнозыңыз қандай?

А. Сол жақ қабырғаның сынуы және диафрагманың жыртылуы, қан кету

Б.  Жуан ішектің сол жақ бөлігінің және шажырқайларының жыртылуы, перитонит

В. Көкбауырдың жыртылуы, қан кету

Г. Қабырғалардың сынуы, гемопневмоторакс

Д. Оң жақ бүйректің зақымдалуы, ішастар арты гематомасы

Б

 

6. Қабылдау бөліміне 48 жастағы ер адам әлсіздікке және іштің барлық аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданып, жедел жәрдем көмегімен жеткізілді. Анамнезінде: төбелес барысында тұйық затпен ішінен соққы алған. 2 сағаттан кейін іштегі қатты ауырсынудан жедел жәрдем шақырған. Науқас мәжбүрлі күйде сол жақ бүйірімен жатыр. Тері жабындыларының түсі бозғылт, пульс 120 рет/ минутына, АҚҚ 110/70 мм.сб . Пальпация кезінде ішастар қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы және барлық бөліктерінде ауырсыну сезімі анықталды. Сол жақ қабырға астылық және іштің төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы байқалады.Шолу рентгенографиясында диафрагма астында бос газдар анықталды. Болжам диагнозыңыз қандай?.

А. Сол жақ қабырғаның сынуы және диафрагманың жыртылуы

Б. Жыныс жолдарының жыртылуы

В. Көкбауырдың жыртылуы, қан кету

Г. Қабырғаның сынуы, гемопневмоторакс

Д. Оң жақ бүйректің зақымдалуы, ішастар арты гематомасы

Б

 

7. Қабылдау бөліміне 38 жастағы ер адам келіп түсті. Шағымдары: әлсіздік, бас айналу, естен тану жағдайы, сол жақ қабырға астында аздаған ауырсыну. Анамнезінде: 12 сағат бұрын ЖКА әсерінен жарақат алған. Тері жабындыларының түсі бозғылт, пульс 120 рет/ минутына, АҚҚ 90/50 мм.сб. Пальпация кезінде ішастар бұлшық еттері қатайған, сол жақ қабырға астында және іштің төменгі бөлімінде дыбыс тұйықталған. «Ванька- встанька» симптомы оң. Бұл жағдайда нені анықтауға болады?

А. сол жақ қабырғаның сынуы және диафрагманың жыртылуы

Б. ішектің жыртылуы, перитонит

В. ішке қан кету

Г. гемопневмоторакс

Д. ішастардан тысгематома

В

 

8. Қабылдау бөліміне 48 жастағы ер адам әлсіздікке және іштің барлық аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданып, жедел жәрдем көмегімен жеткізілді. Анамнезінде: төбелес барысында тұйық затпен  ішінен соққы алған. 2 сағаттан кейін іштегі қатты ауырсынудан жедел жәрдем шақырған. Науқас мәжбүрлі күйде сол жақ бүйірімен жатыр. Тері жабындыларының түсі бозғылт, пульс 120 рет/ минутына, АҚҚ 110/70 мм.сб . Пальпация кезінде ішастар қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы және барлық бөліктерінде ауырсыну сезімі анықталды. Сол жақ қабырға астылық және іштің төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы байқалады, Щеткин- Блюмберг симптомы оң. Осы жағдайда хирургтың тактикасы қандай болады?

А. Лапароцентез,  “ шолу катетері ” қолдану

Б. локальді гипотермия, кең спектрлі антибиотиктер

В. паранефральді  блокада

Г. жедел  операция

Д. ауруханаға жатқызу және динамикалық бақылауға алу

Г

9. Қабылдау бөліміне 48 жастағы ер адам ішімдікке масайған күйінде әлсіздікке және іштің барлық аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданып, жедел жәрдем көмегімен жеткізілді. Анамнезінде: 6 сағат бұрын соққы алған. Тері жабындыларының түсі бозғылт, пульс 120 рет/ минутына, АҚҚ 110/70 мм.сб . Пальпация кезінде ішастар қабырғасының бұлшық еттерінің қатаюы және барлық бөліктерінде ауырсыну сезімі анықталды. Сол жақ қабырға астылық және іштің төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы байқалады. Тік ішектік қарап тексеру кезінде ішектің алдыңғы бөлігінің салбырауы байқалды.Зәр жоқ, Зельдович сынамасы оң. Болжам диагноз қандай?

А. Сол жақ қабырғаның сынуы және диафрагманың жыртылуы, қан кету

Б. Іштің тұйық  жарақаты, жуан ішектің және шажырқайларының жыртылуы, перитонит

В. Іштің тұйық жарақаты, көкбауырдың жыртылуы, қан кету

Г.  Кеуде клеткасының тұйық жарақаты, қабырғалардың сынуы, гемопневмоторакс

Д. Іштің тұйық жарақаты, несеп қуықтың ішастар ішілік жыртылуы

Д

 

10. Қабылдау бөліміне 38 жастағы ер адам келіп түсті. Шағымдары: әлсіздік, бас айналу, естен тану жағдайы, сол жақ қабырға астында аздаған ауырсыну. Анамнезінде: 12 сағат бұрын ЖКҚ әсерінен жарақат алған. Тері жабындыларының түсі бозғылт, пульс 120 рет/ минутына, АҚҚ 90/50 мм.сб. Пальпация кезінде ішастар бұлшық еттері қатайған, сол жақ қабырға астында және іштің төменгі бөлімінде дыбыс тұйықталған. «Ванька- встанька» симптомы оң. Бұл жағдайда хирургтің тактикасы қандай?

А. Лапароцентез,  “шолу катетері” қолдану арқылы

Б. локальді гипотермия, кең спектрлі антибиотиктер

В. паранефральді  блокада, гемастатикалық  терапия

Г. жедел  операция

Д. ауруханаға жатқызу және динамикалық бақылауға алу

Г

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.