Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ауа-тамшылы инфекциялардың диагностикасы көрсетілген бұйрық 20 страница



*құрсақішілік хламидиоз

*құрсақішілік герпес

 

#187

*!5 жасар ұл бала, жедел ауырған. Ауруы дене қызуының 38ºС дейін жоғарылауынан, әлсіздік , бір жақты конъюнктивит, іріңді баспа және лимфоаденопатиядан басталған. Эпидемиологиялық анамнезінен: үйінде 2 үй тышқаны (хомяк) бар.

 Қандай алдын ала қойылған диагноз ықтимал болады?

 

*Токсоплазмоз

*Вирусты гепатит

* Листериоз+

*Орнитоз

*Оба

 

#188

*!24 жасар әйел жүктіліктің 34 аптасында мерзімінен бұрын босанған, бала ауыр жағдайда, Апгар шкаласы бойынша 5 баллдан төмен, ерін және аяқ- қолдарының цианозы байқалады. АҚҚ төмендеген, пульстің әлсіз толуы, тахикардия. Петехиальді бөртпе, ауыз қуысының шырышты қабатында гранулематозды бөртпелер. Анасының анамнезінен белгілі: жүктіліктің 3 триместрінде анасы баспамен ауырған, 2 апта бойы дене қызуы көтерілген.

Төмендегілердің арасынан ең ықтимал диагноз қандай?  

 

*Аденовирусты инфекция

*Құрсақішілік листериоз+

*Иерсиниоз

*ЖРВИ аллергиялық бөртпе

*Энтеровирусты инфекция

 

#189

*!7 жасар қыз бала, жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, жұтынған кездегі ауру сезіміне, конъюнктивит, лимфа бездерінің ұлғаюына  шағымданып келген. Жер үйде тұрады. Мысықтары мен иттері бар.

Төмендегілердің арасынан ең ықтимал диагноз қандай?

 

*Листериоз+

*Жұқпалы мононуклеоз

*АИТВ инфекциясы

*Іріңді баспа

*Оба

 

#190

*!3 жасар қыз бала жедел ауырған. Ауруы дене қызуының 38ºСдейін жоғарылауынан, қалтыраудан, тәбетінің төмендеуінен,буындағы және іштегі , әсіресе, оң жақ мықын аймағының ауру сезімінен басталған. Қарап тексергенде: денесінде ұсақ нүктелі, білегі мен табанында « капюшон», «қолғап», «шұлық» типті бөртпелері бар. Полилимфоаденопатия. Ауыз- жұтқыншақта: айқын гиперемия. Гепатоспленомегалия.

Төмендегілердің арасынан ең ықтимал болатын болжам диагноз қандай?

 

*Токсоплазмоз

*Псевдотуберкулез+

*Хламидиоз

*Туляремия

*Жәншау

 

#191

*!7 жасар ұл бала 7 күннен бері ауырады. Ауруы дене қызуының 38ºС дейін жоғарылауынан, тәбетінің төмендеуінен, буындағы ауру сезімінен, құсу және шырышты сұйық нәжістен басталған. Қарап тексергенде: терісінде дақты- папулезді бөртпелер. Ауыз- жұтқыншағында: айқын гиперемия. Полилимфоаденопатия, іштегі, әсіресе, оң жақ мықын аймағының ауру сезімі. Гепатоспленомегалия. Эпиданамнезінен: жер үйде тұрады, үй жануарлары және құстары бар.

Төмендегілердің арасынан ең ықтимал болатын болжам диагноз қандай?

 

*аденовирусты инфекция

*лисериоз

*иерсиниоз+

*псевдотуберкулез

*энтеровирусты инфекция

 

#192

*!5 жасар ұл бала жедел ауырған . Ауруы дене қызуының 39С дейін жоғарылауынан, қалтыраудан, бас ауруынан, тәбетінің төмендеуінен,буындағы және іштегі ауру сезімнен, сұйық нәжістен басталған. Қарап тексергенде: денесінде ұсақ нүктелі, дақты- папулезді бөртпелер. Ауыз- жұтқыншағында: айқын гиперемия. . Полилимфоаденопатия. Гепатоспленомегалия. Нәжісі сұйық, сарғыш- жасыл түсті , 3-4 рет.

Төмендегілердің арасынан ең ықтимал болатын болжам диагноз қандай?

 

*Сальмонеллез

*Тырысқақ

*Иерсиниоз+

*Токсоплазмоз

*Дизентерия

 

#193

*!2,5 жасар қыз бала жедел ауырған. Ауруы дене қызуының 38ºС дейін жоғарылауынан, тәбетінің төмендеуінен, іштегі ауру сезімінен басталған. Қарап тексергенде: денесінің барлық бөлігінде дақты- папулезді бөртпелер. Полилимфоаденопатия. Нәжісі сарғыш- жасыл түсті , сұйық, 4 рет.

Диагноз қою үшін төменде көрсетілген зерттеу әістерінің қайсысы ең тиімді?

 

*вирусологиялық

*бактериологиялық+

*биологиялық

*иммунофлюоресцентті

*серологиялық

 

#194

*!8 жасар ұл бала жедел ауырған. Ауруы дене қызуының 39ºС жоғарылауынан, бас ауруынан, тәбетінің төмендеуінен,буындағы және іштегі, әсіресе, оң жақ мықын аймағының ауру сезімінен басталған. Қарап тексергенде: денесінде ұсақ нүктелі, білегі мен табанында « капюшон», «қолғап», «шұлық» тәрізді бөртпелер бар. Полилимфоаденопатия. Ауыз- жұтқыншағында: іріңді баспа.Гепатоспленомегалия.

Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысы диагноз қоюда ең маңызды?

 

*жалпы қан анализі

*ПТР+

*копрограмма

*құрт жұмыртқаларына нәжісті талдау

*жалпы зәр анализі

 

#195

*!5 жасар ұл бала жедел ауырған. Ауруы 7 күн бойы дене қызуының 38ºС дейін жоғарылауынан, тәбетінің төмендеуінен,буындағы және іштегі , әсіресе, оң жақ мықын аймағының ауру сезімінен басталған. Қарап тексергенде: денесінде ұсақ нүктелі, білегі мен табанында « капюшон», «қолғап», «шұлық» типті бөртпелері бар. Полилимфоаденопатия. Ауыз- жұтқыншақта: іріңді баспа.Гепатоспленомегалия.

Төменде көрсетілген зерттеу әістерінің қай түрі диагноз қоюда маңызды?

 

*вирусологиялық

*серологиялық

*бактериологиялық+

*микроскопиялық

*биологиялық

 

#196

*!9 жасар қыз бала. 1 ай бойы әлсіздік, шаршағыштық , тәбетінің төмендеуі байқалады. 2 күн бұрын дене қызуының 40ºС дейін жоғарылауы, қалтырау, тердің көп бөлінуі, тізе және жамбас- сан буындарында, бұлшықетте ауру сезімі пайда болған. Лимфоаденопатия. Бала әжесімен ауылда тұрады.

Диагнозды дәлелдеу үшін төмендегілердің арасынан қандай зерттеу әдісі маңызды?

 

*микроскопиялық

*Пауля- Буннель реакциясы

*Цуверкалов сынамасы

*қан сынамасынан бруцелланы бөліп алу+

*стерналды пункция

 

#197

*!9 жасар қыз бала. 1 ай бойы әлсіздік, шаршағыштық , тәбетінің төмендеуі байқалады. 2 күн бұрын дене қызуының 40ºС жоғарылауы, қалтырау, тердің көп бөлінуі, тізе және жамбас- сан буындарында, бұлшықетте ауру сезімі пайда болған. Лимфоаденопатия. Қыз ауылда тұрады, ешкі бағады.

Төмендегілердің арасынан қайсысы осы науқаста болуы мүмкін ең ықтимал диагноз?

 

*туберкулез

*листериоз

*иерсиниоз

*псевдотуберкулез

*бруцеллез+

 

#198

*!6 жасар ұл бала. 10 күннен бері ауырады. Ауруы дене қызуының 38,8С жоғарылауынан, әлсіздік, тәбетінің төмендеуінен басталған.Терлеумен бірге кезектесетін қалтырау пайда болған. Тексергенде: жоғары тершеңдік, мойын және шат лимфа түйіндерінің ұлғаюы, тізе және тобық буындарындағы ауру сезімі, гепатоспленомегалия байқалды. ЖҚА: гипохромды анемия, лейкопения, лимфоцитоз, тромбоцитопения, ЭТЖ жоғарылауы. Эпиданамнезінен: ешкі және қойлары бар.

Осы науқаста төменде берілгендердің ішінен болуы мүмкін ең ықтимал диагноз?

 

*бруцеллез+

*листериоз

*иерсиниоз

*псевдотуберкулез

*энтеровирусты инфекция

 

#199

*!12 жасар ұл балада 6 күн бойы әлсіздік, шаршағыштық байқалды. 2 күн бұрын дене қызуының 39ºС жоғарылауы, қалтырау, тердің көп бөлінуі, тізе буынында, бұлшықетте ауру сезімі пайда болған. Қарап тексергенде: буындары өзгермеген. Шат және қолтықасты лимфа түйіндерінің үлкеюі, пальпация кезінде аздаған ауру сезімі анықталады. Эпиданамнезінен: 2 апта бұрын шикі сүт қолданған.

Жедел бруцеллез кезінде бактериологиялық зерттеу үшін қандай биоматериал ең маңызды?

 

*қан+

*зәр

*нәжіс

*ликвор

*асқазан шайындысы

 

#200

*!11 жасар ұл балада 7күн бойы әлсіздік, шаршағыштық байқалды. 2 күн бұрын дене қызуының 39ºС жоғарылауы, қалтырау, тердің көп бөлінуі, тізе буынында, бұлшықетте ауру сезімі пайда болған. Қарап тексергенде: буындары өзгермеген. Шап және қолтықасты лимфа түйіндерінің үлкеюі, пальпация кезінде аздаған ауру сезімі анықталады. Эпиданамнезінен: 2 апта бұрын шикі сүт қолданған.

Диагноз қою үшін төмендегілердің арасынан ең нақты зерттеу әдісі қандай?

 

*Райт және Хеддельсон реакциясы+

*жуан тамшыға қан алу

*Цуверкалов сынамасы

*тауық эмбрионында өсіру

*биологиялық сынама

 

#201

 

*!Облыстық ауруханаға 14 жасар ұл бала жеткізілген, шөл далаға әкесімен аңшылыққа шыққаннан кейін жедел ауырған. Қалтырау, әлсіздік, бас ауруы. Объектиивті: оң жақ қолтықасты аймағында шеттері айқын емес, ауру сезімді, мөлшері 4х6 см тығыз лимфа безі пальпацияланады, үсті гиперемияланған. Қан анализінде: эр- 4,0, гемоглобин- 124 г/л, лейкоциттер- 11,0 , т- 24%, с- 64%, л- 8%, э- 2%, ЭТЖ- 32 мм/сағ.

Төмендегілердің арасынан ең ЫҚТИМАЛ болатын болжам диагноз қандай?

 

*оба бубонды түрі+

*оба терілік түрі

*оба біріншілік- септикалық түрі

*оба біріншілік- өкпелік түрі

*оба ішектік түрі

 

#202

*!Облыстық ауруханаға 14 жасар ұл бала жеткізілген, шөл далаға әкесімен аңшылыққа шыққаннан кейін жедел ауырған. Қалтырау, әлсіздік, бас ауруы. Объектиивті: оң жақ қолтықасты аймағында шеттері айқын емес, ауру сезімді, мөлшері 4х6 см тығыз лимфа түйіні пальпацияланады, тығыздану үстіндегі тері гиперемияланған. Қан анализінде: эр- 4,0, гемоглобин- 124 г/л, лейкоциттер- 11,0 , т- 24%, с- 64%, л- 8%, э- 2%, ЭТЖ- 32 мм/сағ.

Диагноз қою үшін төмендегілердің арасынан ең маңызды зерттеу әдісі қандай?

 

*бубоннан материалды егу+

*Жуан тамшыға қан алу

*Қақырықты егу

*Зәрді егу

*Ауыз- жұтқыншақтан жағынды алу

 

#203

*!12 жасар ұл бала , ауруханаға дене қызуының 39ºС жоғарылауына, сол жақ шап аймағындағы ауру сезімімен түсті. Объективті: жағддайы ауыр, тәбеті төмен, қозған. Сол жақ шап аймағында үлкейген, өзара бір- бірімен жабысқан, қозғалмайтын, ауру сезімді лимфа түйіндері анықталады, олардың үстіндегі тері ісінген, гиперемияланған. Эпиданамнезінен: мал бағатын әкесіне көмектеседі.

Қандай аурулармен салыстырмалы диагностикасын жүргізген дұрыс?

 

*Ішектік инфекциялармен

*Вирусты гепатитермен

*Зоонозды инфекциялармен+

*Вирусты инфекциялармен

*Экзантемалық инфекциялармен

 

#204

*!13 жасар ұл бала, Алматы облысының тұрғыны, жедел ауырған. Ауруы дене қызуының 39ºС жоғарылауымен, улану симптомдарынан басталған. Алдында жабысқан кенені алған білек терісінде ауру сезімді жара пайда болған. Келесі күні қолтықасты аймағында ауру сезімді лимфаденит байқалған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауыр, жара ашық түсті, ішінде іріңді- геморрагиялық сұйықтық бар, лимфаденит ауру сезімді, тығыз үлкейген қолтықасты лимфа түйіні анықталды.

Төмендегі болжам диагноздың арасынан қайсысы дұрыс болуы мүмкін?

 

*туляремия+

*оба

*листериоз

*пастереллез

*иерсиниоз

 

#205

*!14 жасар ұл бала, ауыл тұрғыны, жедел ауырған. Ауруы дене қызуы 39ºС және улану белгілерінен басталған. Алдында жабысқан кенені алған білек терісінде ауру сезімді жара байқалған. Келесі күні қолтықасты аймағында ауру сезімді лимфаденит пайда болған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауыр, жара ашық түсті, ішінде іріңді- геморрагиялық сұйықтық бар, сонымен қатар, лимфаденит, үлкейген ауру сезімді, тығыз қолтықасты лимфа түйіні анықталады

 Төмендегі көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін маңызды?

 

*жара мен бубон жағындысы+

*қан жуан тамшысын зерттеу

*Цуверкалов сынамасы

*тауық эмбрионында өсіру

*Райт реакциясы

 

#206

*!Қабылдау бөліміне 3жастағы ұл бала жеткізілді.Ауруының 2-ші күні, жиі құсумен,сулы сұйық нәжіспен басталды. Тексергенде бала мазасыз,айқын шөлдеу, көзі шүңірейген,іші кебіңкі, пальпацияда ауру сезімді.Нәжісі көп мөлшерде сулы, «күріш қайнатпасы» тәрізді. Ата-анасымен Үндістаннан келген.

Төмендегі диагноздардың арасынан қайсысы болжам диагноз болуы мүмкін?

 

*Эшерихиоз

*Тырысқақ+

*Сальмонеллез

*Иерсиниоз

*Ротавирусты инфекция

 

#207

*!Ұл бала 5жаста. Ауру жедел басталды.Балада дене қызуының37,5С көтерілуі,көп реттік құсу, шөлдеу, тәулігіне 12ретке дейін сұйық нәжіс.Қарап тексергенде: жағдайы ауыр,әлсіз, көзі шүңірейген,іші қабысқан  ауру сезімді.Нәжісі көп мөлшерде «күріш қайнатпасы» тәрізді.Эпид анамназ:ата-анасымен Үндістанда демалған.

Қай зерттеу әлісі аурудың этиологиясын дәл анықтауда ең тиімді?

 

*Вирусологиялық

*Биологиялық

*Бактериологиялық+

*Иммунологиялық

*Серологиялық

 

#208

*!Қабылдау бөліміне 4 жастағы ұл бала жеткізілді,түннен бері ауырады. Балада дене қызуының 37,5С көтерілуі,көп реттік құсу,тәулігіне 10ретке дейін сұйық нәжіс.Қарап тексергенде:жағдайы ауыр,әлсіз,көзі шүңірейген,су ішпейді,іші қабысқан ауру сезімді.Нәжісі көп мөлшерде, «күріш қайнатпасы» тәрізді.Тері қатпарлары өте ақырын жазылады.

Қайсы зерттеу әдісі диагноз қою үшін ең тиімді

 

*Құсық және нәжіс массаларын себу +

*Жуан тамшыға қан алу

*Коопрограмма

*Жұмыртқа–құрттарға нәжісті талдау

*Ликворды себу

 

#209

 *!Қыз бала 12 жаста. Анасына сиырдың етін кесуге көмектескен.4күннен кейін оң жақ білек және қол аймағында жан жағы ісінген көпіршік пайда болды.Көпіршіктің ортасында қара қатпар бар.Дене қызуының38С көтеріліп жағдайының ауырлауына байланысты,жұқпалы ауру ауруханасына келді.Қарап тексергенде:жағдай орташа ауырлықта,оң жақ қолы,білегі ісінген, қара струп пайда болған.Көлемі 0,5см,айналасы көпіршіктермен қоршалған.Ішкі ағзаларда патология жоқ.

 Көрсетілгендердің қайсысы болжам диагноз болуы ең ықтимал?

 

*Оба

*Тырысқақ

*Туляремия

*Сібір жарасы +

*Стрептодермия

 

#210

*!Қыз бала 12 жаста. Анасына сиырдың етін кесуге көмектескен.4күннен кейін оң жақ білек және қол аймағында жан жағы ісінген көпіршік пайда болды.Көпіршіктің ортасында қара қатпар бар.Дене қызуының38С көтеріліп жағдайының ауырлауына байланысты,жұқпалы ауру ауруханасына келді.Қарап тексергенде:жағдай орташа ауырлықта,оң жақ қолы,білегі ісінген, қара струп пайда болған.Көлемі 0,5см,айналасы көпіршіктермен қоршалған.Ішкі ағзаларда патология жоқ.

Қандай зерттеу әдісі аурудың этиологиясын анықтауда ең тиімді ?

 

*Қанды вирусологиялық зерттеу

*Қан май тамшысынан жағынды

*Нәжісті бактериологиялық зерттеу

*жара құрамын қоректік ортаға себу +

*Қақырықты бактериологиялық зерттеу

 

#211

*!Ұл бала 13 жаста. Ауылдық амбулаторияға мынадай шағымдармен келді:дене қызуының көтерілуі,әлсіздік және оң қолдың сұқ саусағында қызарған көпіршіктер. Тексергенде:қолында геморрагиялық көпіршік, айналасы қызарған,ауырмайды.Эпид анамназінен 4күн бұрын мал өлімі болған сиыр қорасын тазалаған.

Қай зерттеу әдісі диагноз қою үшін ең тиімді?

 

*Жалпы қан анализі

*Жалпы зәр анализі

*Жараның бактериоскопиясы +

*Биохимиялық қан анализі

*Қан жуан тамшысынан жағынды

 

#212

*!Қабылдау бөліміне 4 жасар ер бала түсті. Шешесінің айтуынша 1 жеті бұрын баланың зәрі қысқа уақыт қоңырланып, көзінің ағы сарғайған. 3 жеті бұрын баланың апасы Жедел вирусты гепатитпен ауруханада емделген. Қарау кезінде: шағымы жоқ, тәбеті қанағаттанарлық, көзінің ағы сарғайып, бауыры – 233 см ұлғайған.  

Төмендегілердің қайсысы ЕҢ ДҰРЫСТАУ алғашқы диагноз болуы мүмкін?

 

*вирусты гепатит А, атипті, сарғаюсыз түрі

*вирусты гепатит А, типті түрі+

*вирусты гепатит А, атипті, көмескі түрі

*вирусты гепатит А, атипті, латентті түрі

*вирусты гепатит А, атипті, субклиникалық түрі

 

#213

*!Ер бала 13 жаста. Ауырғанына 4-ші күн. Дерт сәл көтеріңкі қызумен, құсумен, іштің ауыруымен басталған. 3 күннен соң қызуы қалпына келіп, бірақта зәрі қоңырланып, көзінің ағы мен терісі сарғайған. Бала жаз бойы ауылда болып, 2 күн бұрын қане келген. Ауылдағы көптеген ересектер «Сары аурумен» ауырып, тіпті бір жүкті әйел қайтыс болған. Бауыры -2-2-3 см., тығыздау, шеті жұмыр, сезімтал.

Төмендегілердің қайсысы ЕҢ ДҰРЫСТАУ алғашқы диагноз болуы ықтимал?

 

*вирусты гепатит Е, типті түрі+

*вирусты гепатит А, типті түрі

*вирусты гепатит А, атипті түрі

*вирусты гепатит Е, атипті түрі

*вирусты гепатит В, типті түрі

 

#214

*!7-жастағы ұл баланың ауырғанына 2-ші күн.Вирусты гепатитпен ауырған бір класстағы баламен қарым-қатынастан кейін 14 күннен соң ауырған. Шағымдры: жүрегінің айнуы, құсу, нәжісінің сұйық болып өтуі және оң жақ қабырға доғасы астының ауыруы.

Төменде көрсетілгендердің қайсысы бұл баладағы Жедел вирусты гепатиттің сарғаюалды кезеңінің түрлеріне тән?

 

*диспепсиялық+

*артралгиялық

*астеновегетативтік

*катаральдық

*абдоминальдық

 

#215

*!6 жастағы ұл балада дәрігер аздаған жалпыуыттануды, терісінің сарғаюы мен бауырының 3 см ұлғаюын анықтады. Биохимиялық анализінде: жалпы билирубин-120 мкмоль/л, тікелей фракциясы-95 мкмоль/л, АЛТ–2,4 ммоль/л, тимол сынамасы -6 бірлік.

Бұл баланың клиникалық-лабораторлық көрсеткіштері төмендегі Жедел вирусты гепатиттің қандай ауырлық дәрежесіне сәйкес?

 

*жеңіл түріне

*орташаауыр түріне+

*ауыр түріне

*қатерлі түріне

*субклиникалық түріне

 

#216

*!6 жастағы ұл балада дәрігер аздаған жалпыуыттануды, көзінің ағы мен терісінің сарғаюын және бауырының 4 см ұлғаюын анықтады. Биохимиялық анализінде: жалпы билирубин-195 мкмоль/л, тікелей фракциясы-136 мкмоль/л, АЛТ–18,4 ммоль/л, тимол сынамасы -15 бірлік.

Бұл баланың клиникалық-лабораторлық көрсеткіштері төмендегі Жедел вирусты гепатиттің қандай ауырлық дәрежесіне сәйкес?

 

*жеңіл түріне

*орташаауыр түріне

*ауыр түріне+

*қатерлі түріне

*субклиникалық түріне

 

#217

*!8 жасар ер бала ауруханаға ауырғанының 17 күні келіп түсті. Көзінің ағы мен денесінің терісі айқын сарғайған, денесінің терісі қышынып, қасынған іздер бар. Тәбеті қанағаттанарлық, жүрегінің айнуы, құсу және геморрагиялық көріністер жоқ. Бауыры 4-5-6 см ұлғайған, талағы үлкеймеген. Зәрі қоңыр түсті, нәжісі түссізденген. ИФА: анти-HAV 1gM.

Бұл балада төмендегі Жедел вирусты гепатиттің қайсы түрі болуы мүмкін?

 

*ВГА, субклиникалық түрі тасымалдаушы

*ВГА, сарғаюлы түрі

*ВГА, сарғаюсыз түрі

*ВГА, холестатикалық түрі+

*ВГА, қатерлі түрі

 

#218

*!Вирусты гепатиттің ошағынан шыққан ер баланың бауыры ұлғайған, сарғаюы жоқ. Биохимиялық анализінде: АЛТ-2,0 ммоль/л.; ИФА-анти-HAV Ig M.

Бұл баланың клиникалық-лабораторлық көрсеткіштері төмендегі Жедел вирусты гепатиттің қайсы түріне лайықты?

 

*ВГА, тасымалдаушы

*ВГА, холестатикалық

*ВГА, сарғаюсыз түрі+

*ВГА, сарғаюлы түрі

*ВГА, субклиникалық түрі

 

#219

*!8-айлық ер бала жедел ауырып, қызуы  39°С дейін көтеріліп, әлсіреп, емшектен бас тартып, құсты. Дертінің 4-ші күні сарғаю пайда болып, мазасызданып, тырыспасы ұстап, "кофе түстес" құсты. Бауыры оң жақ қабырға доғасының деңгейінде. Эпид. мәліметтерден анықталғаны, балаға 2 ай бұрын эритроцитарлық масса құйылған.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздердің қайсысы бұл балада ЕҢ ДҰРЫСТАУ болуы мүмкін?

 

*вирусты гепатит "В", ауыр түрі, прекома

*вирусты гепатит "В", қатерлі түрі, прекома+

*вирусты гепатит "В", орташаауыр түрі, ТІҚШҰ, прекома

*тұмау, нейротоксикоз, ТІҚШҰ, прекома

*вирусты гепатит "Д", ауыр түрі, гепатодистрофия, прекома

 

#220

*!5-жасар ұл бала жансақтау бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Ақыл-есі – жоқ, көзі мен терісінде айқын сарғаюлық, шанышқан жерінің қанауы, құсу. Бауыры оң жақ қабырға доғасының деңгейінде. ИФА: HBsAg, HDV-PHK.

Төмендегі диагноздердің қайсысы ЕҢ ДҰРЫСТАУ болуы мүмкін?

 

*жедел вирусты гепатит В Д, орташаауыр түрі, кома

*жедел вирусты гепатит В Д, гепатодистрофия, кома. +

*жедел вирусты гепатит Д, ауыр түрі, ТІҚШҰ, кома

*жедел вирусты гепатит В, ауыр түрі, кома

*жедел вирусты гепатит Д, ауыр түрі, қозу кезеңі, гепатодистрофия, кома

 

#221

*!Ұл балаға-5 жас. Ауруханаға ауыр жағдайда келіп түскен. Қызуы 39°С дейін көтеріліп, әлсіздік, тәбеті төмендеп, іші ауырып, құсқан. Бауыры - 5 см., талағы – 2 см қабырға доғаларынан. Эпид. мәліметтерден анықталғаны, балаға 3 ай бұрын гемотрансфузия жасалынған. ИФА: HBsAg, анти-HBcor IgM, анти-НDV IgM.

Төмендегі диагноздердің қайсысы ЕҢ ДҰРЫСТАУ болуы ықтимал?

 

*ВГВВГД, холестатикалық түрі, жедел ағымы

*ВГВВГД, атипті, сарғаюсыз түрі, жедел ағымые+

*ВГВВГД, типті түрі, жедел ағымы



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.