|
|||
Мембраналық ақуыздар. Мембраналық ақуыздардың түрлері мен қызметтері.Мембраналық ақуыздар. Мембраналық ақуыздардың түрлері мен қызметтері. Липидтердің мембраналардағы негізгі ролі - биқабатты құрылымды тұрақтандыру, ал ақуыздар биомембраналардың белсенді компоненттері болып табылады. Мембраналардың ақуыздық құрамы әртүрлілік, олардың молекулярлық массасы 10000-наң 240000-ға дейін жетеді. Құрамына сәйкес ақуыздар b-қабаттар мен a-спиральдарға бөлінеді. Мембранаға бекітілуіне қарай ақуыздар әртүрлі болады (2 сурет). Қызметіне сәйкес ферменттік, тасымалдаушы, реттеуші және тіректі-құрылысшы ақуыздар болады. Мембраналардың ақуыздары интегралды және перифериялық ақуыздарға бөлінеді. Перифериялық ақуыздары мембрананың сыртқы және ішкі үстіліктерінде электростатикалык күш есебінен орналасады. Мембрананы ақуыз молекулалары екі жағынан қаптап, оған механикалық зақымдануға тұрақтылық және иілгіштік қасиет береді. Бұл ақуыздар мембрана үстілігінің 75-80% алады. 2 сурет. Мембранаға ақуыздардың бекітілуі Интегралды ақуыздардың құрамына кең көлемді гидрофобтық аймақтар кіреді, және олар суда ерімейді. Бұл ақуыздар липидті биқабатты тігіп өтіп, жасушалық мембрананың таңдамалы өткізгіштігіне жауапты да басты компоненті болып табылады. Олардың кейбіреулері селективті каналдар жүйесін немесе иондық насостарды қалыптастырады және реттейді, мысалы, жасушаның электрохимиялық қозу жүйесі. Каналдар диаметрі 0,35-0,8нм құрайды. Олардың алатын аудан шамалы мысалы, эритроциттерде каналдардың барлық ауданы 0,06% (3 сурет). 3 сурет. Плазмалық мембрананың құрамы
|
|||
|