Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Биопотенциалдардың жүруі және генерациясы (таралуы).



Биопотенциалдардың жүруі және генерациясы (таралуы).

Жасушаның негізгі мембраналық құрылымдары және олардың қысқаша сипаттамасы.

1. Плазматикалық мембрана. Плазматикалық мембрана жасушаны сыртқы ортадан шектейді. Оның құрамына арнаулы компоненттер кіреді, олар жасуша аралық байланысуларға және әрекеттесулерге қатысады, гормандық жауабы және молекулалардың алмасуы үшін жауап береді.

2. Ядролық мембрана. Интерфазалық қалыптағы жасушаның ядролық мембрананың түрі – екі элементарлы мембрана арасындағы перинуклеарлы кеңістік. Морфологиялық белгісі – саңылаутүрлі құрылымдар (диаметрі–600А). Олар октагоналды торды құрайтын, морфологиялық компоненттерден тұрады. Саңылаулар мРНК-ақуыз комплексіне ядродан цитоплазмаға, ал реттеуші ақуыздарға кері қарай өтуге мүмкіндік береді деп саналады.

3. Эндоплазмалық ретикулум (ЭР) – цистерна және түтікше тәрізді құрылымдардың күрделі желісі. Ол жануарлардың жасушасының ішкі көлемінің едәуір бөлігін қамтиды. Негізгі ролі – ақуыздар биосинтездендірілетін орын, олар содан кейін шығарылады және лизосомаларға не плазмалық мембранаға кіреді. Жасуша үшін қауіп туғызатын гидролиздік ферменттер ЭР-да процессингке ұшырайды. Құрамына рибосомалар кірмейтін, ЭР-ның облыстары майда ЭР болып аталады. Мұнда стеролдардың биосинтезі, детоксикация және май қышқылдардың денатурациясы жүзеге асырылады. Бұл процестер b5 және Р450 цитохромдардың қатысуымен жүретін, электрондардың алмасуының жүйесіне кіреді.

4. Гольджи аппараты.Бұл органелла жалпақ қаптардан (цистерналардан) тұрады. Негізгі қызметі – эндоплазмалық ретикулумда синтездендірілген, гликопротеиндерді посттрансляциялық модификациялау. Олар содан кейін плазмалық мембранаға кіреді және лизосомаларға жеткізіледі. Бұл органеллалардың құрамына гликозидазалар және гликозилтрансферазалар кіреді, олар ақуыз процессингке ұшырағанда, Гольджи аппаратының басынан (цис-облыс) оның аяғына барады (транс-облыс).

5. Лизосомалар. Бұл органеллалар макромолекулалардың деградациясы үшін жауапты және оның құрамына протеазалар және липазалар сияқты гидролитикалық ферменттер кіреді. Эндоцитозбен және фагоцитозбен алып қалынған заттар лизосомаларға везикулалар арқылы жеткізіледі. Лизосомаларда жасушалық компоненттер ыдырайды.

6. Пероксисомалар. Бұл органеллалардың құрамына тотықтандыратын ферменттер кіреді, олар АМҚ, ксантин және МҚ сияқты кішкене молекулаларды деградацияға ұшыратады. Пероксисомалардың құрамына асқын тотықтарды ыдырататын каталаза кіреді, сондықтан оларды солай атап кеткен.

7. Митохондриялар. Бұл органеллаларда тотықтандыру фосфорлендіру жүзеге асырылады, оның нәтижесінде сукцинат сияқты субстраттың тотықтануының нәтижесінде АТФ пайда болады. Митохондрияларды екі мембрана құрайды, олардың арасында аралық бар. Митохондриялардың ішкі аймағы матрикс деп аталады. Ішкі мембрана кристалдар деп аталатын далдаларды құрайды, олар электрондардың алмасуы мен АТФ синтезіне қатысады.

8. Хлоропласттар. Құрамына фотосинтездік аппарат кіреді. Құрамы - екі мембранадан тұрады, сыртқы жағы қабық және ішкі жағы строма. Строманың ішінде тилакоидтік мембраналар орналасады, олар фотосинтез процесі үшін жауапты.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.