|
|||
МЕМБРАНА ҚҰРЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МОДЕЛДЕРІМЕМБРАНА ҚҰРЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ МОДЕЛДЕРІ Мембраналарды зерттеуде ғалымдар, көптеген ағзалардың мембраналарын салыстырмалы зерттеудің арқасында жетістіктерге жетті. Бактериалды жасушалардың сыртқы мембранасы өте қарапайым, оларды модификациялауға болады. Вирустар жануарлардың жасушаларына олардың цитоплазмалық мембранасы арқылы енгізіледі. Вирустық ақуыздардың пісіп-жетілуін зерттеу арқылы мембраналық ақуыздардың биосинтезі процесін түсінуге болады. Мембрананың липидтік құрамы. Мембрананың құрамына липид молекулалары (май қышқылдарына негізделген) кіреді. Липид молекуласы екі бөліктен: дипольді бастарынан және көмірсутегі құйрықтарынан тұрады. Кез-келген мембрананың құрылымын екі фосфолипидті қабат құрайды. Фосфолипид молекулаларының гидрофильді, яғни дипольді бастары сыртқы және ішкі мембрананың үстіліктерін, ал гидрофобты «құйрықтары» көмірсутекті бимолекулярлы қабаттың ішін, яғни мембрананың ішін қалыптастырады (1 сурет). Липидтердің негізгі класы - глицерофосфатидтер. Глицерола деп аталатын гидроксильді топ, құрамына фосфат кіретін, полярлы топтанумен байланысты. Екі басқа гидроксильді топ гидрофобтық қалдықтармен байланысады. Табиғаттағы фосфолипидтер конфигурациясы D болады. Фосфоглицеридтердің көбісінде фосфаттық топ глицеролдың sn-З-қалыпында жатады, ол холинді, этаноламинді, миоинозитольды, серинді немесе глицеролды тобымен байланады.
1 сурет. Фосфолипид молекуласының құрамы Майлы қышқылдардың құрамына ылғи көміртек атомдарының жұп саны креді (14-тен 24-ке дейін). Ең жиі кездесетіндері - С16, С18 және С20. Қанықпағандықтың дәрежесі түрлі болады, бірақ та жиі кездесетіндері - 18:1, 18:2, 18:3 және 20:4. Фосфолипидтердің көбісінің құрамына бір қаныққан және бір қанықпаған тізбек кіреді. Жануарлардың жасушаларында қанықпаған тізбек глицеролдың sn-2-қалпында жатады. Е. coli жасушалары үшін да солай болады. Полиқанықпаған тізбектерде екілік байланыстар өте жиі кернеусіз болады. Кейбір бактериялардың фосфолипидтері бұталанған және құрамына циклдер (циклопропан) кіретін тізбектерден тұрады. Фосфолипидтің қос қабатының негізгі қызметі – әртүрлі ақуыздар үшін (ақуыздың бір молекуласына 75-90 липид молекуласынан келеді) матрица қалыптастыру. Липидті биқабатта ақуыздары жүзіп жүреді.
|
|||
|