|
|||
VI. Маңғыстау облысының негізгі археология ескерткіштеріVI. Маңғыстау облысының негізгі археология ескерткіштері 6.1 Маңғыстаудағы мешіттер мен мазарлар Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының аумағында ортағасырлық төрт қоныстың қалдықтары белгілі. Олардың ішінде Алтынқазған табынушылық-жерлеу кешені, Сауыр бекінісінің күйреуі, Кетікқал қалашығы қазылған. Археологияның ең маңызды ескерткіші Ақмыш шатқалында бұлақтың жағасында орналасқан Қызыл қала болып табылады. Осы археологиялық нысанның шағын учаскесінде алдын ала қазба жұмыстары Қызылқала ірі сауда-қолөнер қаласының қалдықтары болып табылады деп болжауға мүмкіндік береді. Мұнда жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесіне қарағанда, қала Х ғасырда хорезмдіктер салған және XIII ғасырда Хорезм мемлекетінің шыңғысханын талқандағаннан кейін тасталған. XIX ғасыр орыс әдебиетінің кемелденген заманы десек, сол ғасыр Маңғыстау сәулет шеберлерінің шарықтау шыңы деуге әбден болады. Бұл кезде қолда бар деректер Маңғыстау сәулетшілерінің «әсемдік» щеберлігі толықтай қалыптасқанын байқатады. Оны мазар қабырғаларына салынған қару-жарақтың, тұрмыстық дүниелердің сұлбасы салынғанымен дәлелдеуге болады. Қай ескерткішті алсақ та солардың барлығында жазық бедерлі ою көп кездеседі. Бұл өңірде атақты шебер сәулетшілердің есімдері белгілі болғанмен олардың ісін зерттеп, ел жадында қалдыру қолға алынбай келеді.
Тастан түйін түйген «Қараның алтауы» аталған Қара Жүсіп пен оның балалары туралы бір кітап жазуға болар еді. Білетіндер ішінде сол бір сауапты істі қолға алатын азамат осы кезге дейін табылмай жүргені жанға батады. Шебер сәулетшілер тасты өңдеуге қашау, кесу, ою т.б түрлеріне балта, шот, балға, шапқы, қырлағыш, түрпі тәрізді құралдарды қолданған. Әсемдік үшін түрлі бояу пайдаланған. Оны өздері арнайы жылқының жалы мен құйрығынан алынған қылдан жасаған арнайы құрал (щетка) пайдалану арқылы кесене қабырғасына жаққан. Бір ғажабы - бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдар өтсе де сол күйінде тұрған бояудың химиялық құрамының бүгінге дейін табылмауы. Бұл асқан білімділіктің құпиясы екендігі демеуге лажың жоқ екені айғақ болады. Келмеске кеткен қазан төңкерілісіне дейін қазақ халқының 10%-ы білімді болған дегенді жоққа шығарудың дәлелі ретінде қызылтастағы Дүйсенбай, Манашыдағы Көркембай мешіттерін елеменде Сам құмындағы ағайынды Бектұр-Тектұр, Құмансайдағы Байқұл қажы, Саршадағы Көшмағанбет, Ноғайтыдағы Сисенбай, Қосқұлақ Төлеш ишанның, Елеу ишанның Сұлтан ахунның Өте ахунның, Шолақ ахунның мешіттерін атауға болады.
Сисенбай ахун ( 1855-1927 ) мешіті Ноғайты елді мекенінен онша қашық емес жерде орналасқан. Хиуадан 12 жыл білім алып келген Сисенбайға Сам құмындағы бай туысы Көмекбай жігіт жинап, Арал теңізінен ағаш алдырып саман тастан (шикі тас) 30 бөлмелі мешіт салып берген. Ахун сол мешітте 1927 жылға дейін бала оқытқан. Сол бай Көмекбай немересі біраз жыл Бейнеуде өмір сүрген. Бірақ мешіт қараусыздықтан, жаңбырдан, желден зардап шеккен. Ағашын үй, қора жасауға жергілікті халық алыпты.
Көшербай ахун ( 1880-1964ж.ж ) Сарша елді мекенінен онша қашық емес терістік шығысында жатыр. Ол 1893 жылы 13 жасында кетіп бара жатқан керуенге еріп Қарақалпақ еліне келеді. Керуенбайы оны Қарақалпақ Дәстен ахунның қолына береді. Онда үш жыл оқиды. Оның зеректігін білген Дәстен ахун Хиуадағы Аллақұл мешітіне береді. Көшербай онда 18 жыл оқиды. 1914 жылы Самға келіп, 1915 жылы салынған мешітінде 1928 жылға дейін балаларға дәріс береді. 1928 жылы қуғынға ұшырап Ақтөбе қаласында абақтыда болады. Кейін Түрікменстанның Тельман ауданына қоныс аударады. Сүйегі сол жақта қалады. Мешіттің тек орны ғана қалған. Жөндеуге келмейді. Қошмағанбет ишан ( 1864-1932ж.ж ) мешіті құм ішіндегі Теректіде. Ол еш жерде оқымаған. Өз бетімен құран оқуды игеріп, жатқа білген. Ишан туралы халық арасында аңыз-әңгімелер көп. Салған мешітін өзі өлген соң ешкім қарамағандықтан мешіттің материалы кез-келгеннің қолында кеткен.
Бейнеудің терістік бетіндегі Қарабұлақ тауының басындағы мешітті Қараш руының Қамысбекұлы Байқұл атты діндар адам салып бала оқытқан. Ол Хорезмде, Бұқарадағы Көкілтеш мешітінен 1859-1908ж.ж тәлім-тәрбие алған. Кейін сол қалалардағы медреселерді бітірген. Саман тастан салынған мешіттің қабырғасы ғана қалған. Қалпына келтіру жайы қиындау тәрізді.
Мавзолейлер(кесенелер, тамдар) - монументтік сәулет ескерткіштері, ол жабық камера түбіндегі төбесі күмбезденіп жабылған бітеу құрылыстар. Әрине, біз тек кесенелерге ғана тоқталамын. Алғашқы дала күмбездері өңделмеген тақтай тастардан жасалған. Кесене қасбетінің тақталарына көңіл аударсақ, қабырғалары тақталармен қапталған. Қабырғалар қалауымен қаптама тақталар арасы қоқыспен толтырылған. Мұны Қамысбай кесенесі үлгісінде көруге болады. Кесененің қабырғасы 1 -1,5м
Омар мен Тұр күмбезі - асқан шеберлікті паш ететін сіулет өнерінің ескерткіші. Ол Бейнеу ауданының Бейнеу аулынан шығысқа қарай 20 км жерде 1897 ж.жергілікті тастан тұрғызыған . Сәулетшілері - ағайынды Өмір мен Дүйсен Қаражүсіпұлдары. Күмбез шаршыланып(6,15х5,70м) келген, биіктігі - 8,21 м. Ескерткіштің жалпы құрылымы цилиндр пішінді мойындыққа қондырылған дулыға іспетті, күмбезден құралады. Күмбез және мойындық ескерткіштің ұзына бойына көлденең білігін ұстап тұратын 4 сәндік элементтер арқылы бііктірілген. Қабырғалары тайыз ойынды қуыстармен нақышталып, үш жағынан сәндік тақта орнатылған. Бұл құрылыс алдыңғы бетіндегі пештақпен үндестік тапқан. Ескерткіштің іші сыртқы архитектуралық шешімге сай нақыштлған. Бетіне қашап ою-өрнек, түрлі суреттер (қару-жарақ, кебіс, етік, кебеже, ақ құман, самауыр, тастаған, кесе, дастархан, т.б.) салынып, әр түсті бояулармен сырланған. Бұдан он шақты жылдар бұрын жарылған, құлаған тұсын қалпына келтіру кезінде күмбезіне шамадан артық тас пайдаланғандықтан қабырғасы көтере алмай жарылған. Аудан азаматтары бұл мәселені көтергенмен жоғары жақтан тұшымды шешім ала алмаған.
Маңғыстаудың көптеген зираттарынан қилаң беретін қошқартастар ескерткіші орнату Бекет атаның бір мешіті орналасқан Ескі Бейнеудегі қорыммен аяқталады.
Рах - Сам құмының ішіндегі қорым. Рах - өз заманындағы атақтв батырлардың бірі. Ерлігі Қалнияз ақынның жырларында кездеседі. Рах батыр Әли Балта палуаннан, Ескелді Тұрманбет батырдан 10-15 жастай үлкен екен. Оны жасы ұлғайып Қараған-Босағарадағы Балуанияз жорығына қатынаса алмағандығы дәлелдейді. Мазары бұзылған. Осы маңда 1931 ж. 12 шілде де айтулы Адй көтерілісінің басшысы болған Мырзалы мен Оразбай. Ержан Маханбтов бастаған қызыл отрядтың берілмегендерін бақилық етеді. Кейін аудан жастары оларға бағышталған. Құсшы әулие Сам құмының шығыс жақ шетінде бес жүзге тарта ірілі- уақты күмбезді, төрт құлақты мазарлар бар. Түгелдей мемлекеттік қорғауда. Саман тастан салынғандары мүжіле бастаған, таудың тасынан салынғанның біразы жақсы сақталған. Білетіндердің айтуынша әулиенің , құстың тілін білгендіктен солай аталыпты. Қорымда ұзындығы 27 см, қалыңдығы 5-6 см қыпшақ кірпіштер аталған кірпіштерден салынған мазарлар да кездеседі. Құсшы да Сам құмының басқа қорымдарына қарағанда бейіттердің көп болуы соғыс кезінде бақилық болғандарды аулына қайтқандарды алып келіп осында жерлегенге меңзейді. Ноғайты ауылының терістік бетінде Мәміш жеріндегі кесенені Қырықмылтық руының бай адамы Әжімұрат көзі тірісінде салынған кесене. Байдың баласы өзінен бұрын бақилық болып, бейітке баласы жерленген. Бірақ кесене байдың атымен аталады. Бұл кесененің басқалардан айырмашылығы күмбезі кесененің қабырғасына өте жақын орналасқан. Күмбез қабырғасын қалаған тастың жартысы қабырғасын баса өрілген. Кесененің алдыңғы бетіне өмір жолы араб әріпімен жазылған. Бұл басқа кесенелерде кездеспейді. Күмбездің артқы жағы бүлінген. Ішіндегі суретте киіз үйдің ішкі жағының бейнесі берілген.
Дәулетбай Сұпы - Тұрыш ауылының терістігіндегі кереге там. Басына тілеухана салынған. Ол бекет Атаның бел баласы Байтеліден тарайтын діни сауатты, көріпкел адам болыпты. Айтушылардың әңгімесіне қарағанда баласы Мұқан да көріпкел болғанға ұқсайды. Ал Маңғыстаулық Тасқара осы Мұқанның күйеу баласы. Дәулетбай Сұпының кереге тамы жақсы сақталған. Мемлекеттік қорғауда.
Тұрыш ата ( 1832-1929ж.ж ) қорымы Тұрыш елді мекенінде. Хиуа медресесінде оқып білім алған. Туған жер Сам құмына келіп, мешіт ашып, жастарға дәріс берген көріпкел емші. Мешіт өткен ғасырдың қырөыншы жылдарының аяғына дейін малы ойға сыймаған Маңғыстау малшылары келгенше тұрған. Келгендер мешітті бұзып, құрылыс материалын үй салуға пайдаланған. Мешіт таудың қара тасынан тұрғызылыпты. Бүгінде туысқандары салған үлкен кесене там бар. Түнемелік салынған. Жергілікті халық саудырмаған малын апарып, өздері жылан, қарақұрт шақса басына түнейді. Ауруынан айығады.
Тұрыштан 21 км Бейнеуге жүрер жол бойындағы қырғын қорымдағы Айша апаның күмбез тамы. Тамның күмбезінің шығыс беті құлай бастаған, сыртқы беті қатты бүлінген. Бейнеудің батысындағы Амантұрлы мен Шаршы арасындағы Қырықмылтықтың Тұрмағамбет кесенесінің сыртынан жоғарғы жағы түрлі ою-өрнектермен әсемделген. Ішіндегі суреттер де бұл өңірдің басқа мазарларынан кездеспейді.
|
|||
|