Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Шошқа эймериозы 4 страница



Мүйізді ірі қара трихомонозын емдеу, ветеринариялық шаралары . Ірі қара малдың арасында Trichomona foetus түрінің жыныс мүшелерінің қабынуымен, буаздығының бастапқы айларында іш тастаумен (40-60%) және қысыр қалуымен (75%) сипатталатын ауру.Емдеу кешенді жолмен жүргізіледі. Сиырларда – жыныс жолдарын трипафлавин (1:1000), фурацилин (1:1000), йод ерітіндісі (1:1000), 2,5 % пантоцид, 1% трихопол, 10% ихтиол – 200-500мл (жылы күйде 37-40оС) суспензияларымен шаю. Жатыр жиырылуын жеделдету мақсатында – 0,5% прозерин, 0,1% карбохолин, 1% синестролды 2мл дозада күніне 3 рет, 1% р-р трихопол 80- 150мл бұлшық етке егеді. Бұқаларға жыныс жолдарын шаю, 6 тәуліктік (1, 3, 5- ші күндері) тері астына 1% р-р фурамоа 2мл немесе 0,5% прозерина (2, 4, 6- ші күндері) бұлшық етке 10% фуразолидон; 5 тәуліктік емдік курста – күнделікті түрде трихопол, тері астына, бұлшық етке физиологиялық ерітіндіде (1:3) 50мг/кг дозада қолданады. Дауалау. Ұрықтандыру алдында малды 1 ай карантинге қойып, әр 10 күн сайын лабораторлық зерттеулер жүргізеді. Асылтұқымды малды әр 6 ай сайын 3 рет зерттейді. Ауру сиырларды емдейді, ал тексіз бұқаларды етке өткізеді. Іш тастаған сиырды оқшаулайды, түсікті лабораторияға зерттеуге жөнелтеді. Дезинфекциялау үшін ыстық 2% NaOH, 20% жаңа сөндірілген әктің, 5% креолин ерітінділерімен жүргізеді.

Мүйізді ірі қара франсайелезі.Франсаиеллез- мал денесінің қызбасымен, қан аздықпен, сарғыштанумен және гемоглобинурия белгілерімен сипатталадын ірі қара протозоозы. Қоздрғ- эритроцит ішіне дара, сыңар немесе кейде көптеп орналасады. Пішіні дөңгелек немесе алмұрт тәпізді, тұрқы 2,8мкм. Паразит дара, сыңар түрі жиі кездеседі. Ф-дің өсіп-өнуі өзгеше болуы мүмкін. Ару белгілері пироплазмоз ауруына ұқсас.жасырын кезеңі 13-14 күн. Франсаиеллез ауырырақ өткенімен, пироплазмоздан ерекшелігі- гемоглобинурия сирек жағдайларда кездеседі. F.colchica –паразитін тек қана B.calcaratus кенелері тасымалдайды. Емі. Ф-ді емдеу мақсатымен азидин және осы топтағы дәрілер қолданылады. Азидин, батризин, сияқты дәрілер франмсаиеллез ауруының жасырын кезңінде ғана жақсы әсер береді. Ару белгілері шыға бастағанда малдарға әсербермеуі мүмкін. Кенелермен күрес және симптоматикалық ем де қосымша жүргізіледі.

Мүйізді ірі қара эймериозы, қоздырушысы, эпизоотологиясы.Ірі қара эймериозы жіті, жітілеу, және созылмалы түрде өтетін, көбінес1-4 айдан 1 жасқа дейінгі төл ауыратын, споровиктер тобына, кокцидиялар отрядына жататын ішектің эпителий торшаларын зақымдайтын эймериялар қоздыратын ауру. Қоздрғ- ірі қара паразиті болып, эймериоз қоздырғышының 10 шақты түрлері бар. Ооцисталары сопақ не жұмыртқа тәрізді. Бозғылт сарғыштүсті. Сыртқы қабықтары жылт ыр келеді. Эпизотологиясы. Ірі қара эймериозы қазақстанның барлық аймақтарында кездесуі мүмкін. Ауру әдетте көктеммен күзге қарай, яғниооцисталардың қоршаған ортада дамуына бірден- бір қолайлы жағдай туғанмезгілде біліне бастайды. Азығы құнсыз, күтімі нашар болса, бұзаулар эймериозға шалдыққыш келеді. Шығын әдетте 1 айлық, ал кейде ауырған 3-4 айлық бұзаулардың ішінде көбірек болады. Кейбір шаруашылықтарда эймериялармен инвазияланған ірі қара малдың саны 20-80% жетеді. Эймериоз қоздырғыштары ооцисталармен ластанған жайылымда, жемде, суда, төсеніште ұзақ уақыт сақталады.

Мүйізді ірі қара эймериозының емі, ветеринариялық шаралары. Ірі қара эймериозы жіті, жітілеу, және созылмалы түрде өтетін, көбінес1-4 айдан 1 жасқа дейінгі төл ауыратын, споровиктер тобына, кокцидиялар отрядына жататын ішектің эпителий торшаларын зақымдайтын эймериялар қоздыратын ауру. Емі. Ауру мал оқшауланады. Ауру малға 3-4 күн ұдайы 100мг\кг мөлшерінде сульфаниламид немесе 60 кг мөлшерінде норсульфазол беріледі. Сонан соң 2-3 күндей тетрациклин тобындағы антибиотиктер биомицин немесе тетрациклин 20 мг\кг мөлшерінде, береді. Кокцидинді(зоален) 0,05 г \кг мөлшерінде қатарынан 4 күн сумен не жеммен беріп, 3 күнүзіліс жасап қайтадан 4 күн ем жүргізіледі. Вет шаралар. Төлді таза және құрғақ қораларда ұстау керек. шарбақ ішін қидан тазартып , құм сеуіп құрғатқан жөн. Жемді науадан, суды таза дыстан ғана береді. Сондай-ақ төлді ересек мадан бөлек жайылымда жаяды.

Паразит қарапайымдардың жалпы құрлысы мен биологиясы . Қарапайымдылар құрылысы. Қарапайымдылар — өте ұсақ, көзге көрінбейтін, протоплазма, ядро, қабықшалардан тұратын бір торшалы организмдер (бүкіл емес). Қарапайымдыларда жиі органоид немесе органелла мүшелері болады (цитостом, жіпшелер, жалған аяқтар және басқалар).111 Протоплазма - органикалық заттардың (ақтың, углеводтардың, липоидтардың) және неорганикалық (тұздың және судың) коллоидтық қоспасы. Ол үстінде орналасқан тығыз эктоплазмаға және әртүрлі қоспалары бар (түйірлер, вакуольдер сияқты) сұйық консистенциялы эндоплазмаға бөлінеді. Ядро (макронуклеус) негізі болып аталады. Оның пішіні доңгелек немесе сопақша келген; ортада немесе торшаның шетінде орналасқан және ақ құралымдардан түрады. Хроматин ядроның негізгі құрамы болып табылады, негізгі бояулары мен боялады. Кейбір қарапайымдыларда тағыда қосымша ядро, немесе микронуклеус болады (трипаносомда). Жануар организмінде қарапайымдылар вегетативтік түрде кездесуі мүмкін (өніп-өсу формалары), ал сыртқы ортада, әсіресе қолайсыз жағдайларда, циста түрінде. Азық қарапайымдылар организміне цитостом (ауыз гомологы арқылы) немесе осмотикалық жолы мен түседі. Қөп қарапайымдылар азықты азық қорыту вакуольдар арқылы қорытады және қорытылмаған азықты сыртқа сократительные вакуольдар арқылы шығарады. Қарапайымдылардың жылжуы жалған аяқтар, иректелген жарғақтар, жіпшелер және кірпікшелер арқылы қозғалады

Паразитоформды кенелерге қарсы ветеринариялық шаралар кешені. Паразитиформды кене тармағы Ixodoidea иксодид кене және Gamasoidea гамазоидты кене тұқым үстіне жіктеледі. Жайылым немесе иксодид кенелерінің денесі сопақша немесе элипс тәріздес болып келеді. Иксодид кенелері – жайылым кенелері деп, ал аргазид кенелерін – қора кенелері деп атау қалыптасқан. Кенелерді дамуында тіршілік ететін иесінің санына қарай 1, 2 және көп иелі деп жіктейді. Кене қадалған орнына тұмсығын қадап уытын жібереді (қан ұйымас үшін), ол жерді қабындырады, жергілікті домбығуы байқалады және организмнің жалпы реакциясы тежеледі. Мал өнімі күрт төмендейді. Аргас кенелері Argas persicus кенесі еліміздің оңтүстігінде құстар мен сүтқоректілердің денесінде күнелтеді. Денесі жаншылған, тұмсығы дене астында орналасқан. Аргас кенесі (парсы кенесі) туберкулез, тауық тифі мен үйрек салмонеллезінің қоздырушыларын таратады. Әдетте кене құс ұясында, қорасында, қабырға жарықтарында, еден астын паналайды. Құсты түнгі мезгілде мазалайды. Құста күнелту мерзімі мамырдан қыркүйекке дейін, ал қорада жыл бойы кездеседі. Аргазид кенелеріне қарсы жүргізілетін шаралар: жерді культивациялау, мал мен құс қораларында жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу, кеміргіштерді жою, қораларда дезакаризациялауды – карбофос 1%, бензофосфат 0,2%, 0,2% неоцидол, 0,3% в.э. сульфидофостың судағы эмульсияларымен 200-400мл/м2 бүркіп жүргізеді. Малды қораға енгізер алдында 3-4 сағат желдетіп, науа, оттықтарды сумен жуып шайып тазартады. Жануарларды қорғау мақсатында – 0,2% бензофосфат, 0,5% циодрин, 0,15% дурсбан, 0,2% неоцидолдың судағы эмульсиясымен 7 күнде 1 рет әр малға 1-3 литр жұмсап бүркеді. Эмульсияны 200С жылы суда ерітеді.

Протозоидтық аурулардың эпизоотологиясы.Қарапайымдылардың жүйелігі. Қарапайымдыларды (Protozoa) екі түрге бөледі: плазматикалық (Plasmadroma), олар жалған аяқ немесе жіпшелер арқылы қозғалса және екінші түрі жіпшелілер (Ciliophora), олардың қозғалысын негізінен органеллалары атқарады. Ондай органеллаға кірпікшілері мен бишіктері жатады. Plasmadroma түрлігіне бірнеше класстар енеді, олардың ішінде 3 класы ветеринарияға өте маңызды: жіпшелер (Mastigophora), споровиктер (Sporozoa), саркодтар (Sarcodina) және книдоспоридийлар (Cnidosporidia). Ciliophora түрлігі қарапайымдылардың 3 класын біріктіреді. Үйдегі жануарларда және балықтарда бірақ кластын өкілдері паразиттейді—112 инфузорийлар (Ciliata). Осы бөлімде екі қауыпты (токсоплазмоз және безноитиоз) аурулар қаралған, олардың қоздырушылары казіргі уақытқа дейін қандай қарапайымдылар класына жататыны анықталмаған. Қарапайымдылар класстары негізінен туыстыққа, тұқымдастыққа және түрге бөлінеді. Жиі жануарларда протозооздардың (пироплазмидоздар және т.б.аурулар кезінде) ауыр клиникалық белгілері байқалады. Ол қоздырушының механикалық және токсикалық әсеріне байланысты келеді. Гемоспоридиоздар кезінде зақымдалған эритроциттердің көп саны, ал кокцидиоздар кезінде – ішектің және бауырдың эпителиальді торшалары бүзылады. Жылқылармен түйелерде трипаносомоздар кезінде жүйке қүбылыстары жақсы көрінеді, ол трипанозом токсиндер нәтижесіне байланысты келеді. Патогенді қарапайымдылардың жіктелуі (систематикасы) Қарапайымдылардың барлығы Protozoa тобын құрайды. Жалпы қарапайымдылар 7 типке бөлінеді. Олардың 3 типі түгелімен паразиттер: 1) Sarcomastіgophora типі, тармағы Mastіgophora – бишіктілер; 2) Apіcomplexa типі – оның өкілдерінің денесінің алдыңғы жағында апикальді жиынтығы бар; 3) Cіlіophora – кірпіктілер типі. Олардың өз бетінше тіршілік ететіндеріде баршылық. Мал дәрігерлік протозоология паразит қарапайымдылармен бірге риккетсияларға жататын кейбір спирохеттер мен анаплазмаларды да зерттейді.

Псороптоз. Псороптоз –psoroptidae – тұқымдасына жататын, тері бетін мекендейтін кенелер қоздыратын қотыр ауруы. Бұл ауруға шалдыққан малдың терісі қабынады, қышынады, арықтайды, жүні түседі ал кейде өлім жітімге ұшырайды. Дене тұрқы 0,8 мм олардың тұмсығы ұзын, теріні тесіп малдың сөлін соруға икемделген. 4 жұп аяқтары ұзын, еркек кенелердің арт жағынданда екі бүртігі бар, олардың әр қайсында 4 қылшық бар, сондай- ақ жыныс жабысқағы бар. Ұрғашы кенелердің арт жағы дөңгеленіп біткен. Ұрықтанған ұрғашы кенелер малдың терісіне жұмыртқа салады. Күніне 1-2 ден барлығы 60 шақты жұмыртқа салады. Псороптоздың жасырын кезеңі 2-3 апта. Мал қышыған жерлерін қасығанда күлдіреуіктерден қан аралас ірің ағып қабыршақтанып қатып қалады. Қотырға шалдыққан мал қатты қышынады –бұл аурудың негізгі белгісі, зақымдалған жердің жүні түсіп қалады. Еміне келетін болсақ қой малын көбнесе арнаулы тоғытпада тотығу әдісімен емдейді. Қой тоғытуға 0,05 пайыз неоцидол эмуляциясы қолданылады. Емдік мақсатымен қотыр кездесетін отарларда арасына 10-12 күн салып 2 рет тоғыту жақсы нәтиже берді.

Саркоцистоз.Саркоцистоз жануарлар мен адамда кездесетін, бір торшалы қарапайымдылар қоздыратын, мал-жануарлардың бұлшық еттері зақымдалуымен сипатталатын, антропозонозды ауру. Саркоцистоз жіті, жітілеу, созылмалы және жасырын түрде өтеді. Ол ауыл шаруашылық жануарлардың барлық түрінде, бағалы терілі аңдарда, құстарда және адамда да кездеседі. Қоздырғышы. Қазіргі кездегі деректерге қарағанда ірі қара малдың өзінде ғана саркоцистозды қоздыратын қарапайымдылардың 3 түрі бар. Олар: Sarcocystіs bovіcanіs, S. bovіfelіs, S. bovіhomіnіs. Паразиттің қойда екі 147 түрі кездеседі: Sarcocystus ovіcanіs және S.ovіfelіs; сондай-ақ шошқада: S.suіcanіs және S. Suіhomіnіs. Саркоцисталар ақтық иелерінің, яғни ит пен мысық және адам ішегін мекендеп, онда ооцисталар түзеді. Ішектегі ооцисталар көбінесе споруляция сатысынан өтіп, сыртқа шыққанда оның ішінде екі спороциста, ал олардың әрқайсысының ішінде төрт спорозоиттан түзіледі. Аралық иелерінің, яғни ірі қара мал, қой, шошқа т.б. организмге енген саркоцисталар қан тамырларының эндотелий торшаларында көп ядролы дөңгелек не сопақ шизонтқа айналады. Кейбір мал түлігінде ұсақ микроцисталар, ал көпшілігінде көзге көрінетін макроцисталар немесе Мишер қалталары түзіледі. Олардың диаметірі 15 мм-ге дейін жетеді Эпизоотологиялық деректер. Саркоцистоз жер шарының барлық құрлықтарында кездеседі. Біздің елімізде де кең таралған. Ауру 3-6 айлық, ал кейде одан да ересек мал төлінде кездеседі. Кейбір шаруашлықтарда ірі қара 96 %, ал қой 100 % дерлік саркоцистозбен зақымдалған. Ірі қара саркоцистозының тұрақты иелері - ит, мысық, адам, шошқа саркоцистозының тұрақты иелері - ит және адам болып табылады, ал қой саркоцистозында - ит пен мысық. Саркоцисталардың ақтық иелері саркоцистозбен ауырған мал етін жеп зақымданады. Емі. Бұлшық еттері зақымдалатын саркоцисталардың аралық иелерін емдеу тәсілдері әлі толық зерттелмеген. Ал саркоцистоздың ішектегі түрін, яғни қарапайымдылардың тұрақты иелерін (ит пен мысық және адам) емдеуге кейбір кокцидиостатиктер қолданылады (кокцидин, кокцидиовит, ампролиум, норсульфазол, химкокцид және т.б.). Алдын-алу және күресу шаралары. Ит пен мысықты мал фермаларына жуытпай оқшау ұстау шарт. Адамның нәжісі мал жеміне, не суына түспеу үшін жақсы жабдықталған дәретханалар болуға тиіс. Мал азығын сақтайтын орындарға ит пен мысық кірмейтіндей болуы керек. Ит пен мысықты пісірілген немесе мұздату арқылы зарарсыздандырылған ет пен ғана қоректендіреді

Сифункулятоздар.Биттеу-бұл ауруға қатты қышыну, дерматит, тынышсыздану, мал өнімдерінің төмендеуі тән. Биттердің 300-дей түрлері бар, олардың 19 түрі біздің елімізде әртүрлі сүтқоректілердің паразиттері, ал құстарда бит атауы болмайды. Биттер қанатсыз қансорғыш жәндіктер. Дене тұрқы 1-5 мм, ең ірі биттер шошқа мен түйеде болады. Ауыз мүшелері тікенді-сорғыш типті, қан соруға бейімдіделген, көздері жоқ. Биттре – жануарлардың тұрақты паразиттері. Олардың бүкіл өмірлерін иелерінің денесінде өтеді. Биттер тәулігіне 2-3 рет қоректеніп, әр жолы 0,7-2 мг қан сорады. Биттер мал денесін шағып, мазасын кетіреді, денеге уытты сілекейін ендіреді. Терідегі жүйке рецепторын қоздырып, малды қатты қышындырады. Тері, қатайып, қайызғақтанады, әр жерінің жүні түсіп, қасқаланады. Биттеген мал қаны азайып, бүкл организмі уланады. Аурудың клиникалық белгілерін анықтайды, мал денесінен биттер немесе олардың сіркелерін тауып, нақты диагноз қояды. Емі. Малды таза, құрғақ қорада ұстау керек. сифункулятозға шалдыққан малды, одан сау фермаға ауытыруға бомайды. Биттеген малды инсектицидтер қолдану арқылы дәрілеу керек. 5% оксамат эмульсиясы, 0,15% циодрин перметрин тб.

Тауық эймериозы, емі, ветеринариялық шаралары.Тауық эймериозы –жіті және созылмалы түрде кездесетін 10-80күндік балапандар мен 4-6айлық шөжелер ауыратын протозиодтық ауру.ауруға шалдыққан құс қанатты күйзеледі.тәбеті қашады, шөліркей береді,қаны азаяды.Емі.ауру балапандарға жемге қосып кокцидин немесе зоален беріледі.Сульфаниламид тобындағы дәрілерден норсульфазол 30-50мг бір балапанға сумен береді.балапандарға емдеуге кокцидиовит және ампролиум қолданады. Вет-санитарлық шаралар құс балапандарын құрғақ қорада өсіру қажет.жем судың ластануына жол бермеу,құс қораларын,құрал-саймандарды жабдықтарды дезинфекция жүргізу керек.құстарды толық құнды жем-азығымен қамтамасыз ету.

Тауық эймериозы, қоздырушысы, эпизоотологиясы.Тауық эймериозы –жіті және созылмалы түрде кездесетін 10-80күндік балапандар мен 4-6айлық шөжелер ауыратын протозиодтық ауру.ауруға шалдыққан құс қанатты күйзеледі.тәбеті қашады, шөліркей береді,қаны азаяды. Қоздырғышы –эймериозды тауықтың ішегін мекендейтін Eimeria туысына жататын қарапайымдылардың 10шақты түрі қоздырады. Олар ішінде жиі кездесетіндер.E. tenella,E. .fcervulira ,E. maxima,E. Necatrix. Ауру барлық жерлерде кездесуі мүмкін. Инбазия көзі –ауру, не ауырып жазылған балапандар паразит тасымалдаушысы ересек тауықтар. Эимироздың таралуына құстарды сызды қорада ұстау және дұрыс азықтандырмауда ықпалын тигізеді.

Токсоплазмоз, ветеринариялық шараларыТоксоплазмоз - жануарлар мен адамды зақымдайтын антропозооноздық ауру. Токсоплазмозға шалдыққан буаз мал іш тастайды немесе тіршілікке қабілетсіз, әртүрлі ақауы бар төл туады, сондай-ақ ауру малдың орталық жүйке жүйесі, көру мүшелері, без және ішкі секреция жүйесі зақымдалады. Токсоплазмоз дүние жүзінің көптеген елдерінде таралған. Бұл ауру Ресей Федерациясында, Қазақстанда, Украинада, Беларуссияда; Кавказ және Орта Азия мен Балтық теңізі жағалауындағы республикаларда кездеседі. Алдын алу және күресу шаралары. Токсоплазмозға шалдыққан малды дер кезінде анықтап, оқшаулағанның маңызы өте зор. Сойылған малдың еті 129 әбден пісіріледі, ал ішек-қарын, өкпе-бауыр және т.б. ішкі мүшелері жеуге жарамайды. Ауру мал тұрған қораларда дезинфекция және дератизация жүргізіледі. Ит пен мысық қаны әрбір кезең сайын КБР мен тексеріліп, оң реакция бергендері жойылып отырылады. Жалпы мал қораларына ит пен мысықты жіберуге болмайды. Сауықтыру шаралары қой қоздағанда, сиыр бұзаулағанда және шошқа торайлаған кезеңдерде мұқият жүргізіледі. Өлі туған төлді итке, мысыққа, шошқаға және бағалы терілі аңдарға беруге болмайды. Оларды терең орға көміп тастайды немесе өртейді

Токсоплазмоз, қоздырушысы, диагностикасы.Токсоплазмоз – жануарлар мен адамды зақымдайтын антропозооноздық ауру. Токсоплазмозға шалдыққан буаз мал іш тастайды немесе тіршілікке қабілетсіз, әртүрлі ақауы бар төл туады, сондай-ақ ауру малдың орталық жүйке жүйесі, көру мүшелері, без және ішкі секреция жүйесі зақымдалады. Токсоплазмозды споровиктер класына жататын Toxoplasma gondi деген қарапайымдылар қоздырады. Токсоплазмалардың өсіп-даму сатыларына байланысты олардың құрылыстары әртүрлі болады. Токсоплазмоз жер жүзіне көп тараған, бұл ауруға көптеген жануарлар және адам да бейім. Токсоплазмозлар ауру мал ағзасынан секреттер және экскреттермен де шығады: сілекей ішінде, мұрыннан, көзден, жыныс мүшелерінен аққан сұйқытықта, нәжіспен, несеппен және сүтпен сыртқы ортаға тарайды. Токсоплазмоздың жіті, жітілеу, созылмалы және симптомсыз түрлері бар. Аурудың жіті түрінде жасырын кезеңі 2-4 күн. Кейде дене қызуы 420С дейін көтеріледі. Тыныс алуы мен жүрек соғуы шапшаңдайды. Бұлшық ет дірілі байқалады. Мал қатты күйзеледі, жем мен судан бас тартады. Коньюктивит және танаудан кілегейлі іріңді шырыш ағады. Ауру әсіресе үй қояндарында ауыр, ал шошқа, ірі қара мал, қой ешкіде жеңілірек, сондай-ақ жылқы, есек, түйеде симптомсыз өтеді. Торайлардың қаны тоқырауынан терісі қызарады, кейде салданады. Қойдан қанды несеп шығады, іші өтеді. Буаз мал іш тастайды. Мал өлер алдында дене температурасы күрт төмендейді. Сиырлардың жүйке жүйесі қатты қозады. Ауруға жүйке, тыныс алу, қан тамыр және асқазан жүйелері және көзіде шалдығады. Кейде малдың аяқтары салданады немесе жартылай салданады. Итте шырышты немесе қан аралас шырышты іш өту байқалады, құсады, денесі тырысып-бүрісуі мүмкін. Буаз қаншықтар іш тастайды. Аурудың соңында аяқтары салданады немесе жартылай салданады Ұрғашысы 200 жуық тірі личинканы малдың жараларына салады. 2-3 күнде личинка жетіліп, жерге түседі де қуыршаққа айналады (9-24 күн). Толық дамуына 20-30 тәулік жұмсайды. Үй малдарының бәрі бейім. Мал тынышсызданады, дене қызуы көтеріледі, арықтайды, жарадағы личинка ұлпаларды зақымдайды, ауырсынады, қышынады. Іріңді жаралар асқынып, қан ағады, жарада личинкалар байқалады. Мал басын клиникалық зерттеу; жараларды вольфартол, вольфазоль- Д, миазоль, стомозан, 4% хлорлы препараттар, 2% циодрин эмульсиясын 5-8 күнде екі рет қолданады. Өңдеген жарадан пинцет көмегімен личинкалардан тазартады да, қайта өңдеп асептикалық жара ретінде емдейді. Дауалау. Уақытында қойды қырқу, пішу, құйрығын кесу жұмыстары шыбын оянбай өткізіледі. Міндетті түрде малдың тұяқтарын қарау. Малды инсектицидтермен бүрку.

Шошқа балантидиозы.Шошқа балантидиозы - жіті немесе созылмалы түрде өтетін Balantіdіum colі деп аталатын кірпікті қарапайымдылар қоздыратын, колит немесе гастроэнтерит түрінде байқалатын жас торайлардың ауруы. Қоздырғышы. Ауру қоздырғышы тоқ ішектің кілегей қабығында мекендейді. Балантидиялар сопақ не жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 47-120 мкм, ені 27-85 мкм. Денесінің сыртында кірпікшелері бар. Олардың көмегімен балантидиялар қозғалып, тіпті ішектің қырына да еніп кетеді. Паразиттің цитоплазмасында үлкен (макронуклеус) және кіші ядросы (микронуклеус) болады. Циста ішіндегі паразиттер қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына өте төзімді. Олар бір жылға дейін тіршілігін сақтай алады. Балантидиялар ішектегі микроорганизмдер және крахмалмен қоректенеді. Диагнозы. Балантидиозды кешенді зерттеулер негізінде анықтайды. Ауру торайдан алынған сіріңке басындай ғана нәжісті 2-3 тамшы физиологиялық ерітіндіге араластырып жұғынды препарат жасап, микроскоп арқылы тексеру керек. Мұндайда балантидиялардың қозғалымпаз түрлерін не цисталарын табады. Емі. Балантидиозға қарсы 0,03-0,05 г/кг мөлшерінде, күніне 2 рет үш күн ұдайы осорсол беріледі. Күніне 2 реттен 0,05 г/кг мөлшерінде екі-үш күн ұдайы ішкізілген ятрен де жақсы нәтиже береді. Сондай-ақ, осы екі дәріні кезекпе-кезек қолдануға болады. Мұндайда алғашқы үш күнде осарсол, кейінгі үш күнде ятрен беріледі. Тилан 0,0012 г/кг мөлшерінде күніне 2 рет, 3 күн ұдайы жемге не суға қосылып беріледі. Фуразолидон да жақсы нәтиже береді. Оны аздап жемге қосып, енесінен ажыратылған торайларға 2 мг, ересек шошқаларға 5 мг-нан күніні 2 рет бес күн ұдайы береді. Йодинал 4 айға дейінгі торайға 3-15 мл, 4 айдан үлкен торайға 20-25 мл-ден күніне 2 рет беріледі. Алдын-алу және күресу шаралары. Шошқа қораларын мұқият тазалап, жиналған қиын биометриялық өңдеуден өткізу шарт. Шошқа азығына витаминдер мен микроэлементтерді және т.б. қосып, дұрыс азықтандыру керек. Жазғы жайылым кезінде шошқаларды лагерьде бағуды ұйымдастыру өте тиімді. Торайларды енесінен ажырату кезінде химиялық алдын алу әдісін қолданады. Ол үшін 1 г фуразолидонды 1 кг борға қосып береді.

Шошқа эймериозы

Шіркейлердің малға зияны, ветеринариялық шаралары.Шіркейлер ұзынмұрттылар тармағына жататын қоқанаттылар. Шіркейлер жаппай жабылғанда мал оттан қалады, олардан қоғануға тырысады. Сауын сиырдың 10-20 % дейін сүттілігі кемиді. Шіркейлердің денеге енгізген сілекейдің жалпы уытты әсері бар. Соның әсерінен қан тамыр қабырғаларының қызметі өзгереді. Оның құрамында гиалуронидаза ферментті, қан, соө тамырлары қабырғасы оршаларын түзуге қатыса тын гиалурон қышқылын талқандайды. Әсерінен қан мен торшалар арасындағы зат алмасу процесі бұзылып, ағзаларға қан құйылады. Сондай-ақ шіркейлер трансмиссивті аурулар қоздырғыштарын тасмалдайды. Топалаң, туляремия, пастереллез, тб шіркейлер таратушы. Вет шаралар. Малды түнде немесе жел өтіндегі жайылымдарға жаю тиімді. Шіркейлердің балаңқұрттарын жою үшін бактулцид дәрісі 0,15г\л қолд.

Ін шіркейлері (москиттер), ветеринариялық маңызы.Ін шіркейлер –субтропикалық және тролпикалық аудандарда көп тараған ,ұсақ қансорғыштар.дене тұрқы 1,5-3мм сары қоңыр түсті,денесі түктес келеді.басы үлкен емес ,көздері күрдклі ,мұршалары 16 буылтықтан тұрады,ауызы тікенді сорғыш,қанаттары жалпақ және түктес .Аяқтары ұзындау .күн ыстық кезде олар көлеңкелі жерлерге тығылады. Ұрғашылары 1ретте 30-100 жұмыртқа салады.Вет.санитарлық шаралар .ауырған малдарды оқшаулап жеке ұстайды., жаңадан әкелінген малды тексеруден өткізеді. Оларға қарсы аэрозольдар немесе инсектицид ерітінділермен бүрку әдісін қолданып ,сақтандыру шараларын жүргізеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.