Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Шошқа эймериозы 3 страница



Қой бабезиозы.Бабезиоз- babesia ovis деп аталатын қарапайымды қоздыратын өой-ешкінің жіті ауруы. Ауру дене қызуының көтерілуімен, анемиямен, кілегей қабықтарының сарғыштануымен және гемоглобинуриямен сипатталады. Қоздырғышы- пішіні сақина, алмұрт тәрізді болып келеді. Алмұрт тәрізді қос паразит бір-біірмен сүйір жағымен қосылып, доғал бұрыш түзейді. Ауырған малдың қызбасы тез көтеріліп, 422 С дейін жетеді. Жалпы күйі күйзелген, ауру ой көб жатып қалады. Емі. Аурыған малды оқшаулап темп өлшеп, байқаудан өткізеді. Ауру малдарға 7 пайызды азидин егіледі. Сондай-ақ гемоспоридин егуге болады. Қойларды жайлауға, таулы жайылымға айдағанда кене жабыспауын қамтамасыз ету керек.

Қой эймериозы, қоздырушысы, эпизоотологиясыҚой эймериозы –жіті,жітілеу және созылмалы түрде өтетін 1-2 айлық ,ал кейде одан үлкенірек қозылардың,сирек жағдайда ересек қойдың протозоидтық ауруы.Ауырған малдың жалпы күйі күйзеледі,қызба 40-41 С көтеріледі,кілегей қабықтары бозарып, жалпы әлсіздік байқалады,іші өтеді,нәжісі сұйылып,оған шырыш және қан араласады.Паразит ащы ішектің эпителий торшаларын мекен етеді. Эймерийлер үш сатыда өсіп жетіледі: мерогония-жыныссыз көбею,мерозоиттардың,гаметогония-жынысты көбею-ооцисталардың,спорогония –ооцисталарда спорозоиттардың пайда болуымен аяқталады. Эймерийлер ооцистаға дейінбір ғана организмде дамиды,сондықтан олар моноксенді кокцидийлерге жатады. Қазақстанда қой және ангор ешкілерін өсіретін әр түрлі жеке меншік шаруашылықтарда қой эймерийлерінің сегіз түрң ,ал ангор ешкілерінің -5 түрі табылған. Ауру ,қой бар жердің бәрінде кездесуі мүмкін. Ол әсіресе ойпатты,ылғалды жайылымдарда жиі кездеседі, ал құрғақ жайылымдарда сирек. Осыған орай ,онымен саулық қойлардың зақымдалуы дәрежесі ( инвазия экстенсиві) 59-98 % -ке дейін,1-1,5 жастағы төлде көбірек ,80-100% ,қозыларда -90-100% болады.Саулықтардың 1-1,5 жастағы төлдің инвазия интенсиві ( әрбір жеке малдың зақымдалу дәрежесі ) микроскоптың бір алаңында 1-2-ден 50ооцистке дейін 2-3 айлық қозыларда кездеседі. Қой эймериозын жылдың кез келген маусымында анықтап табуға болады.Қозылар арасында эймериоз сәуір-мамыр айларынан қыркүйекке дейін жиі кездеседі. Аурудың ең негізгі көзі-ауру малдар,әсіресе қозылар.Ересек қойлар да ауруды таратушылар болып келеді. Жауынды жылдары да ауру саны көбірек болады.Кейде эймериоз ауруы қойды ылғалды,қараңғы және лас қораларда ұстап ,жерден азықтандырғанда ,шалшық сулардан суарғанда да шығуы мүмкін. М.М Мскаковтың мәліметтері бойынша, Қазақстанның шығысы мен солтүстік –шығысында қойлардың эймериозының кең таралуы қозыларды өсіру технологиясының дұрыс болмауы,ұстап- бағудың санитарлық-гигиеналық жағдайының бұзылуы және эймериозға қарсы шаралардың уақытылы жүргізілмеуімен түсіндіріледі. Қорада ұстау кезінде қорадағы науалар мен оттықтар қимен залалданады.Мұнда залалдану тізбегі пайда болады:төсеніштер (эймерий ооцистері)-науалар-малдар (азық арқылы) .Малдарды тығыз ұстау және ауаны жеткіліксіз желдету қора микроклиматын бұзады.Температураның жоғарылауы,ылғалдылықтың болуы эймерияның спорогония процесін үдетеді және қозылардың олармен залалдануымен қамтамасыз етеді. М.М Искаковтың зерттеу нәтижелері қойлардың эймериямен зақымдану деңгейінің жоғары екенін көрсеткен .Сондықтан , инвазияның таралуының негізігі көзі өз нәжістерімен сыртқы ортаны ластайтын ауру және эймериозбен ауырып жазылған малдар болып табылады.

Қой эймериозын анықтау, емдеу, ветеринариялық шаралары .Эймериоздың жасырын кезеңі 11-20 күн.Жіті түрінде ауру қой қатты күйзеледі,қызбасы 40-41% С. Малдың тәбеті қашады,жиі-жиі су ішеді. Түгі реңсіз ,кілегей қабықтары бозарыңқы.Жиі-жиі іші өтіп,нәжісіне кейде қан араласады,қой әлсіреп,жатып алады, 2-3 күннен соң өліп қалады. Жітілеу түрі .Жітілеу түрінде қызбасы 40-41 С .Бірақ аурудың дамуы жіті түріндегідей шапшаң емес.Ауру мал арып ,кілегей қабықтары бозарыңқы, кейде коньнктивит және ринит қосылады. Нәжісі сұйық шырыш және қан аралас .Кейбір ауру қойлардың іші кебеді.8-10 күннен соң көз маңы мен құлақ терілерінде үлкендігі бұршақтай сұр түсті түйіндер пайда болады. Бара-бара қой қатты арып,көбінесе шығынға ұшырайды. Аурудың созылмалы түрі тоқтылар мен ересек қойда байқалады.Мұндайда қызба алғашқы күндерде ғана болып,кейін қалпына түседі.Тәбеті төмендейді.Ауру қой арып,кілегей қабықтары бозарады. Кейде коньюнктивит және ринит дамиды. Көз маңы ,құлақ және бастың әр жерінің терісі қайызғақтанады.Жиі-жиі іштің бұзылуы салдарынан мал бірте-бірте әлсірейді. Қандағы эритроцит және гемоглобин саны шұғыл азаяды. Ауру қойды оқшаулап емдейді.Витамині мол жеңіл қорылтылатын азық беріледі. Алма кезек сульфадемизин немесе норсульфазол 0,03-0,05 г / кг мөлшерінде күніне 2 реттен үш күн ұдайы беріледі . Сонан соң күн ауыз арқылы тетрациклин мен нистатин 100-200 мың бірлігі күніне үш рет екі ,үш күн ұдайы беріледі. Антибиотиктермен кейін тағы бір дүркін сульфаниламидтер қайталанып беріледі. Қозы эймериозына қарсы химкокцид 30мг/ кг мөлшерінде күніне 1 рет 5 күн ұдайы арасына 3 күн салып 2 дүркін жеммен бергенде жақсы нәтиже береді. Сондай-ақ , сульфадемоксин немесе сульфапиридазин 50мг /кг мөлшерінде 1 рет 5 күн арасына 3 күн салып 2 дүркін беріледі. Ұсыныстар Жайылымдарды ауыстырып отыру ; Малды ағынды судан суару ; Қойлардың дұрыс азықтандырылуына көңіл бөлу ; Қойларды сазды, батпақты жерде жаймау; Дезинфекция және дератизациялық жұмыстарды уақтыылы жүргізу ; Жаңадан әкелінген малдарды 30 күн бойы бөлек ұстап ,клиникалық бақылаудан және копрологиялық тексеруден өткізу керек; Емді дұрыс және уақытында жүргізу.

Қосқанатты қансорғыштар, ветеринариялық маңызы.Қансорғыш қосқанаттылар- ұсақ жәндіктер жиынтығы, оларды орысша «гнус» деп атайды. Қансорғыш жәндіктер жануарлар денсаулығына көптеген зиян келтіреді. Бұл топқа ұзын мұрттылар ( Nematocera) тек тармағына жататын масалар, тасшыбындар, шіркейлер, құмыты шыбындар және қысқа мұрттылар ( Brachicera) тек тармағына жататын соналар енеді. Жәндіктердің құрамы тек этопаразиттер болып қана қоймай, жануарлар мен адамның жұқпалы ауру қоздырғыштарын тасымалдаушы ретінде де өте қауіпті. Бұлардың бір ерекшелігі- ұрғашыларының екі түрлі қоректенуі. Басында олар өсімдіктердің шырынын сорып, ұрықтанған соң, жұмыртқалары жетілуі үшін жылы қандылардың қанын сорады. Еркектері тек қана өсімдік шырынымен қоректенеді.

Қоян эймериозы, қоздырушысы, эпизоотологиясы.  Қоян эймериозы дегеніміз – 4-5 айлық кездегі көжектердің асқынған, және асқынған кездегі созылмалы аурулары, олар Coccidiida түрлерінен туындайды. Локализация - ішектегі эпителлиалдық жасушалар мен бауырдың өт жолын айтамыз. Қоздырушылар: көжектерде эймерийдің тоғыз түрі паразитті тіршілік етеді, оның сегізі-ішекте, ал біреуі – өт жолында. Осы аталғандардың төртеуі маңызды рөл атқарады. E.perforans – ооцисталары эллипстік және сопақ формада, мөлшері (20- 25) х (12-15) мкм, түссіз, микропилесі өте көріне бермейді. Спорогония процесі 1-2 күнге созылады. Эндогендік даму процесі ішектің төменгі қабатында өтеді. E.media – сопақ формалы, ооцистердің мөлшері (18- 33)х(13-21) мкм, сарғылт – қоңыр түсті, микропилесі жақсы көрінеді. Спорогония процессі 2-3 күнге созылады. Эндогендік даму 12 елі ішекті, жіңішке ішектің жоғарғы бөлігінде өтеді. E.magna – сопақша формадағы ооцистер, (32-37)х(21-25) мкм көлеміндегі, сары қоңыр түсті, оның төңірегінде білезік түрінде түзілген. Спорогония 3-5 күн бойы жүреді. Эндогендік даму тоқ ішектің орта және төменгі бөлігінде жүреді. E.stiedai – сопақша келген және эллипсті формадағы ооцистердің көлемі – 37-21 мкм, сарғылт – қоңыр түсті, аяғында микропилесі болады. Эндогендік дамуы өт жолында өтеді. Даму биологиясы – Барлық Eimeria тұқымына сай эймерийлерде болады. Эпизоотологиялық мәліметтер: Аурулардың барлығы түгелдерлік жерлерді қамтиды. Оның әрі қарай қозуына жылы әрі дымқыл ауа райы әсер етеді. Бұл індетке 1-4 айлық жануарлар ұшырайды. Көжектер бірінші күннен бастап паразиттерді енгізеді. Анасынан ооцистерді сүт арқылы еміп, кейін тамақ ішу арқылы және су арқылы сіңіреді, жаңа туған көжектерде ооцистер 8-10 күннен кейін табылады. Инвазияның негізгі қайнар көзі – ересек көжектер, эймерияны таратулар – ауру және ауруға шалдыққан көжектер. Ооцистердің паразиттері кеміргіштермен, құстар мен жәндіктердің тіршілігінде табылады. Ооцистер қоршаған ортаның әсеріне дайын,алайда олар 800 -100 0 С-да 5-10 минуттан соң тіршілігін жояды. Эймериоздан айығу толық емес тамақтану кезінде және азық мөлшерінің өзгерісі кезінде, әсіресе көжектердің сүттен айыру кезінде өте қиын жағыдайда өтеді. Өлім-жіті саны күрт өседі.

Құмыттылар, ветеринариялық маңызы.Құмыттылар-ең ұсақ қосқанатты қансорғыштар .Олар жануарларға мыңдап шабуыл жасайды.Сондай-ақ індетті және инвазиялық аурулар қоздырғыштарын механикалық ,биологиялық әдістермен тасымалдайды.Орысша << мокрец>> деиді.Бұл жәндіктер Diptera тегіне,Cepatopogonidae тұқымдасын жатады.ҚҰмыттылардың 350 түрәнен біздің е-лде түрі кездеседі.Тұмсығы жіңішке және ұзындау, аяқтары да ұзынша келген.Дене тұрқы- 0,8-3 мм.Мұршалары соруға бейімделген,қанаттары жалпақ.Қан соруға бейімделген.Құмыттылар тундра,тайга және орманды алқаптарда кездеседі.Құмыттылардың сілекейі уытты.жануарлар беймазаланады,олардың өнімі төмендейді.Ірі қара,тұйе және құстар бейім келеді.

Лейшманиоз, анықтау, ветеринариялық шаралары.Лейшманиоз-жануарлар мен адамның трансмиссивтік табиғи ошағы. Лейшманиозды анықтағанада эпизоотологиялық және клиниалық деректерді есепке алумен қатар, уытты жаралардан алынған жұғындыны,микроскоп арқылы зерттеп ,аурудың қоздырғышын табу қажет. Ішкі лейшманиозды анықтау үшін сөл бездерін не сүйек майынан алынған сорынды зерттеледі.Одан жұқа жұғынды препараттар даярлап, Романовский-Гимза әдісімен бояды. Ветеринариялық шаралар Денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесе отырып жүзеге асырады. Москиттерді жою,Бұралқы иттерді жою, химиялық жолмен қыру үшін,олардың өсіп,өнетін жерлеріне улы инсектицидтер шашу керек.

Лейшманиоз, қоздырушысы, эпизоотологиясы.Лейшманиоз-жануарлар мен адамның трансмиссивтік табиғи ошағы.қоздрғ-қоздрғышын құмыты шіркейлер(москиттер) таратады. Олар көбінесе тропика және суб аймақтарда тіршілік етеді. Денесі сарғыш түсті, қабыршақты және түктес келген. Ауыз мүшелері қан соруға бейімделген. Олар Қазақстанның онт аймақтарында жартылай шөлейт жерлерінде кезд. Құмыты шіркейлерауру жануарлар нем ауру адамның қанын сору арқ паразитті жұқтырып алады. зақымданған құмыты шіркейлер дені сау адамды немесе оларға бейім жануарларды шақса, оларға лейшманиоз ауруын жұқтырады. Омыртқалылар организмінде лейшманиалар бишігін жоғалтып, бауыр, талақ т,б ішікі мүшелердің эндотелий торшаларына барып көбейіп өседі.

Маллофагоздар.Маллофагоздар- сүтқоректілер мен құстардың энтомоз ауруы. Ауруға шалдыққан жануарлар қышынады, аздап түгі, құстардың қауырсыны, мамығы түседі, мал мен құс арықтайды, өнімі төмендейді. Қоздырғ- қанатсыз, ұсақ жәндіктер. Сүтқоректілерде маллофагоз ауруын жүнжегіштер, ал құстарда- мамық жегіштер қоздырады. Жүнжегіштер мен мамық жегіштер жануарлар денесінің әр жерін мекендейді әдетте жылдың салқын кезеңінде кездеседі. Жазғытұрым паразит саны күрт төмендейді, олар терінің ылғалды және күн сәулесі түспейтін жерлеріне жиналады. Аталығымен ұрықтанған ұрғашылары 20-60 жұмыртқа салады. Оларды аналықтары мал түгіне, құс қауырсынына немесе терісіне жыныс мүшелеріөндірген желіммен жапсырады. Инвазия көзі- маллофогозбен ауру мал мен құс. Маллофагтар ауру мал, сау малмен жанасқанда және басқа қолданыстағы заттар арқылы жұғады. Жүнжегіштермен зақымданған сүтқоректілердің жүні үрпиіп, қышынады, тынышсызданады, қасынған жерлерінің жүні түседі және мойын, иық, әуке, құйрық түптері дерматитке шалдығады. Маллофагоз тауықта ауыр өтеді. Олар қатты қышынғандықтан, тұмсығымен терісін және қауырсындарын шоқиды, құс бірте-бірте азады, жұмыртқалағыштығы төмеймендйеді. Емі. Жануарлар денесіндегі жәндіктерді жою үшін әртүрлі инсектицидтерді ерітінді, эмульсия, ұнтақ дәрі немесе аэрозоль түрінде қолданып,ем шаралары жүргізіледі. Севин дәрісінің қалдық әсері ұзаққа созылғандықтан оны 1 рет қана қолданады. Сондай-ақ 1% бор қышқылын малдың денесіне шылау жақсы нәтиже береді.

Масалар, ветеринариялық маңызы.Масалар, мал-жануарлардың уаытша сыртқы паразиттері және олардың әртүрлі инфекциялық және инвазиялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылары. Жер жүзінде масалардың 2 мындай түрлері тіршілік етеді. Жануарлар қанын тек қана ұрғашы масалар ғана сорады, ал олардың еркектері өсімдік шырынымен қоректенеді. Масалар шалшықты, ылғалды алқаптарға кеңінен тараған. Олар малдың барша түлігіне шабыл жасайды. Масалар 23- км қашықтыққа ұша алады. Масалар 150-ге жуық адам мен жануарлар ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды. Малға маса жаппай жабылса, жануарлардың қаны азаяды, сондай-ақ олардың сілекейлеріндегі уытты заттар денеге тарап, бүкіл организмді улайды. Сілекей құрамында парез, қабыну және ісік тудыратын уытты заттар бар. Ісіктің аумағы 10-15 мм.маса шаққан жер қатты қышынғандықтан мал қасынады, терісі зақымданып, инфекцияға жол ашады. Егер 5-7 мыңдай маса жабылса, 1 сағ 100-120 г дай қансорады. Жаз айларында бір малдан 7-9лдей қансорады.

Мүйізді ірі қара бабезиозы.Бабезиоз- жіті өтетін, мал денесінің қызуымен, гемоглобинуриямен, анемиямен және кілегей қабықтарының сарғыштануымен, жүрек-қан тамыр, асқазан жүйелері қызметі бұзылуымен сипатталатын трансмиссивті ауру. Қоздрғ-эритроцит ішін мекендейді, ондағы мерозоиттардың пішіні қандауыр немесе алмұрт тәрізді, жұпталған қос түрі сүйір ұштарымен қосылып, эритроуиттің шеткі жағына доғал бұрыш түзіп орналасады. Бабезиозбен ересек мал ауыр түрде ауырып, оған қарағанда мал төлінде індет жеңілдеу өтеді. Энзоотиялық ошақтарда 1-2 жастағы жас мал кейде қатты ауырады. Көбінесе жануарларда дене қызбасы көтерілер алдында сауымы шұғыл төмендейді, мұндайда сүттің түсі сарғыш тартып, дәмі ащы болады. Көздің, мұрын және ауыз қуыстарының, жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары сарғыштанады, аурудың жіті түрінде олар қанталайды. Қызбаның алдыңғы күдерінде қанда паразиттер пайда болады. Буаз сиырлар іш тастауы мүмкін. Кейде талақ жарылуынан мал өліп қалады. Емі. Ауру малды жайылымға шығармай қолда күткен жөн. Арнайы химиялық препараттардан батризин, неозидин,, азидин дәрілерін 0,0035 г\кг есебімен 7% түрінде етке және тері астына жібереді.

Мүйізді ірі қара безнойтиозы.безноитоз- жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтетін, қарапайымдар қоздыратын, қара мал ауруы. Безноитозға шалдыққан малдың терісі қабынады, түгі түседі, терісінің әр жері кедір-бұдырланады, қатпарланады. Қоздрғ-пішіні сопақ, алмұрт немесе орақ тәрізді. Оның қандағы көбею сатылары трофозоит деп аталады. Әр түрлі жолдармен қанға енген безноитиялар монциттер мен нейтрофильдер ішіне еніп, жыныссыз бөлініп көбейеді. Ауру жұққаннан кейін кейін 3 аптадан соң қоздырғыш терінің дәнекер ұлпасына, ет шандырына, көздің ақзаты мен дәнекер қабығына, танауға, көмейге, кеңірдекке және басқа да ұлпалар мен мүшелер еніп, үлкендігі 0,5-4 мм, пішіні дөңгелек не сопақ цисталар түзейді. Мұндайда цисталар іші трофозоиттарға толы. Паразит дала мысығының ішегінде жыныстық жолмен өсіп жетіледі, зигоциста (ооциста) түзіліп, қайтадан нәжіс арқылы сыртқа шығады. Ал, ірі қара ооцисталармен былғанған жем-шөп арқылы зақымдалады. Ауру мал күйзеліп, тәбеті қашады. Кейбір сөл бездері қабынады және ұлғаяды. Көздің қас қабағында үлкендігі тары дәніндей,ақтүсті(цисталар) түйірлер пайда болады. Танау іші қызарыңқы , онда ақ түйірлер орналасқан. Кейбір буаз сиырлар іш тастауы мүмкін. Кейде ауру малдың аяқтары мен әукесі ісінеді. Малдың ісінген терісі қатпарланады, қалыңдайды, тіпті пілдің терісіне ұқсайды. Емі. Безноитоздың емі нақтәлі табылған жоқ. Ауру малды дер кезінде табыннан бөліп, оқшаулап, жарамсыз топқа шығарып, етке пайдалану керек.

Мүйізді ірі қара пироплазмозы. Ірі қара пироплазмозы – Piroplasma bigeminum деп аталатын қарапайымды қоздыратын жіті ауру. Ол қызба, қаназдық, сарғыштану мен гемоглобинурия белгілерімен қатар жүрек-тамыр, ас қорыту және жүйке жүйелері қызметінің бұзылуымен сипатталады. Паразит пішіні алмұрт, дөңгелек, сақина тәрізді және ұзынша сопақ. Қосарланған алмұрт тәрізділері жіңішке жақтарымен жалғасып, эритроцит ішінде сүйір бұрыш түзейді. Жалғыз орналасқандарының тұрқы 2,2-ден 6 мкм дейін, қосарланған алмұрт тәрізділерінің тұрқы 4,5 мкм-ге дейін. Аурудың бас кезінде дара, кейіннен жұптасқан түрлері көбірек кездеседі. Қоздырғыштың өсіп дамуы. Эритроцит ішіндегі пироплазма жыныссыз екіге бөліну арқылы немесе бүршіктену арқылы көбейеді. Пироплазмалар кене денесінде шизогония әдісімен көбейеді. Эпизоотологиялық деректер. Пироплазмоз негізінен еліміздің Оңтүстік бөлігінде таралған. В.calcaratus кенелері негізінен Оңтүстік Қазақстанда кездеседі. Олар көбінесе ірі қараның қанын сорады да, басқа түлікке сирек жабысады. Ауру белгілері. Пироплазмоздың жасырын кезеңі 14-24 күн. Бір жасқа дейінгі төлде және жергілікті малда пироплазмоз әдеттегіден жеңілдеу өтеді. Ауруға шалдыққан ірі қара малының ең алдымен дене ыстығы 41-42°С дейін көтеріледі де, осы деңгейден төмендемей тұрып алады. Ауырған мал қатты күйзеледі. Емі. Ауру мал жайылымға шығарылмайды. Аралас инвазияда жақсы нәтиже беретін азидин (беренил) және диамидин дәрілері. Азидинді ауру малдың барлығына (қатты ауырған малға жарты доза мөлшерінде) тері астына немесе бұлшық етке 3,5 мг/кг мөлшерінде 7% ерітінді түрінде егеді. Диамидин тері астына немесе бұлшық етке 1-2 мг/кг мөлшерінде 7% ертінді түрінде егіледі. Ем жүргізгеннен кейін оның емдік әсері 10-14 сағаттан кейін байқалады, ал нәтижесі келесі күні (24 сағ) ғана білінеді.

Мүйізді ірі қара тейлериозы, қоздырушысы, эпизоотологиясы.Тейлериоз ірі қарада жіті және жітілеу түрде өтетін, тейлерия туысына жататын қарапайымдылар қоздыратын протозооз ауруы. Ауруға шалдыққан малдың сөл бездері үлкейеді, қызба, қаназдык, белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр жүйесінің және асқазан жолдарының қызметі бұзылуымен сипатталатын аса кауіпті ауру. Қоздырғышы. Theileria annulata малдың сөл бездерінде, талағында және эритроциттерде тіршілік ететін бір торшалы қарапайымдылар. Эритроцидттер ішіндегі тейлериялар дөңгелек, сопақша, таяқша, үтір және нүкте тәрізді. Ұзындығы 0,5-1,6 мкм. Әрбір эритроцит ішінде 7-ге дейін, ал көбінесе 1-2 паразит тіршілік етеді. Ауру асқынған кезінде эритроциттердің 80-95% зақымдалады.  Бұл паразиттерді гиаломма туысына жататын Hyaloma detritum, Hyaloma anatolicum деген жайылым кенелері тасымалдайды. Кененің сілекейі арқылы мал денесіне енісімен олар сөл бездеріне және бауыр мен талаққа барып, өсіп-өніп тез арада шизагония әдісімен бөлшектеніп көбейе бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 11-15 күн. Тейлериоз жіті және жітілеу түрінде байқалады. Аурудың жіті түрі басқа жерден әкелінген жануарларда болады. Алғашқы күндері ауру малдың бір жақ шабындағы, желіні мен мойнындағы, жауырын алдындағы бездері қабынып, «безі шошып», ісіп кетеді. Оларды сипап көргенде өте қатты екендігі және мал ауырсынатыны байқалады. Сонан соң дене ыстығы 40-41,1 ал кейде 41,8° дейін көтеріледі, малдың жемге тәбеті тартпайды, сүті азаяды, жүні үрпиіп, қатты күйзеледі. Тейлериоздың эпизоотологиялық деректерін есепке ала отырып, микроскопиялық зерттеу жүргізу шарт. Ол үшін аурудың алғашқы сатысында шошынған бездерінен шприцпен шырынды сұйық сорып алып, таза шыныға жағады да, Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сонан соң микроскоппен қарап, лимфоциттер ішін жайлаған көп ядролы торшаларды табу қажет. Көп ядролы паразиттер, тейлериялардың шизогония әдісімен көбейіп, олардың ядросының көпке бөлшектенуінен пайда болады Ауру қоздырғышына қарсы бағытталған және ауру белгілеріне қарай симптоматикалық ем қолданылады. Малды тыныш қораға немесе көлеңкеге байлап, балғын көк шөп, бақша дақылдарының сабағынан кесілген тамыр-түйінді өсімдіктерді, күніне 3 реттен 2-3 л сүт немесе тартылған сүт және айран беріледі. Тейлерияларға қарсы 3,5 мг/кг мөлшерінде 7% азидин бұлшық ет аралығына егіледі, 4-6 сағат өткеннен кейін күре тамыр арқылы 0,5 мл/кг мөлшерінде 10% хлорлы натрий және әр мал басына 1-2 г 1-2% аскорбин қышқылы жіберіледі.

Мүйізді ірі қара трихомонозы, эпизоотологиясы, анықтау.Ірі қара трихомонозы ауруын бір жіпшелі паразит тудырады. Түрі сопақша, дөңгелек, ұзындығы 3-30мкм, ені 3-15мкм. Алдыңғы жағында 3, артында 1 жіпшелері бар. Ыңғайсыз жағдайда трихомонадтар жіпшелерін, толқынды жарғағын жоғалтып, кішірейіп дөңгелек цистаға айналады. Трихомонадтар сиырдың қынабының, жатырының, кілегей қабықтарында, іштегі төлде және төл айналасындағы сұйықта, бұқалардың күпегінде, т.б. тоғышарлық етеді. Трихомонадтар екіге қарапайым бөліну монотомия, кейде көп бөлшектерге бөліну арқылы көбейеді. Табиғи жағдайда ересек ірі қара малы ауырады. Аурудың нақтылы маусымдығы жоқ. Көбінесе күйек кезінде ауруды трихомонозбен ауырған мал таратады. пизоотологиялық деректері. Кеңінен таралған ауру. Әдетте ересек мал дерттенеді. Маусымдылығы жоқ. Мал табиғи жолмен ұрықтанғанда немесе ауру бұқаның ұрығын қолданғанда тарайды. Сонымен бірге, лас, залалсыздамаған құрал-сайманмен жұғады. Шыбындар механикалық таратушылар, инвазия көзі – қи, төсеніш, ауру малдың жыныс жолдарынан аққан сұйықтықтар. Диагнозды эпизоотологиялық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық деректерін негізге ала, лабораторлық зерттеулер нәтижесіне сүйенеді( жыныс жолдарының шайындысын, қырындысын микроскопиялау). Ұқсас аурулардан бруцеллез, кампилобактериоз, токсоплазмоз, инфекциялық вестибулиттен айыру қажет.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.