Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Шошқа эймериозы 2 страница



Жылқы нутталиозының клиникасы, диагностикасы.Нутталлиоздың жасырын кезеңіі 1-2 апта. Жіті түрмен ауырған жылқының дене ыстығы 410С дейін, ал кейде одан да жоғары көтеріледі, тамыры жиі соғып, ентігеді. Қаны азаяды, сары ауруға шалдығады, кейбір ұлпалары қанталайды. Азыққа тәбеті тартпай, жалпы күйі нашарлайды. Асқазан жолының қызметі бұзылады. Ауру мал арықтап, дене қызуы бір көтеріліп, бір төмендейді. Аурудың бұл түрі 3-6 күнге созылады, егер нутталлиоздың жасырын кезеңінде жылқы жұмыстан босатылмаса, ауру ұзаққа созылады. Нутталлиоздың жітілеу түрінде де осы белгілер байқалады, бірақ олар көмескілеу білінеді. Нутталлиоздың жітілеу түрі 30-40 күнге созылады. Нутталлиоздың жіті және жітілеу түрлері дер кезінде емделмесе немесе толық емдеуден өтпеген жылқыны ертерек пайдаланса, ауру созылмалы түріне айналады. Мұндайда нутталлиоздың сыртқы белгілері біртіндеп көмескі тартып, тұрақсыз болады. Қызбасы күн сәулесі түскенде және мал жегілгенде, мінілгенде ғана аздап көтеріледі, мал ариды. Мұндай жылқыларды жұмыстан босатып, арнайы дәрілермен емдесе, тез сауығып кетеді. Диагнозы. Жылқы нутталлиозына диагноз індеттанулық деректердің, клиникалылық белгілерінің, патологоанатомиялық өзгерістердің және зертханалық зерттеулердің негізінде қойылады.122 Комплементі байланыстыру реакциясы және иммунофлуоресценция реакциясы негізгі серологиялық әдістер болып табылады. Жылқының нутталлиозына түпкілікті диагноз қаннан және сөл бездерінен, көк бауырдан немесе бауырдан алынған пунктаттардан дайындалған Романовский-Гимза әдісімен боялған жағындыларды зерттеу арқылы қойылады. Нутталлиоз ауруын дәл анықтау үшін жылқының қаны зерттеледі. Ауру малдың құлақ қан тамырларынан алынған бір тамшы қаннан жұғынды дайындап, ол Романовский-Гимза әдісімен боялады. Боялған қан жұғындысын микроскоппен зерттеп, аурудың жіті және жітілеу және созылмалы түрлерін анықтауға болады. Қан жұғындысында “мальта кресі” деген түрін табу бұл аурудың нутталлиоз екенінде ешбір күмән келтірмейді

Жылқы пироплазмозы, емдеу, ветеринариялық шаралары.Жылқы пироплазмозы тақ тұяқтыларда кездесетін, маусымды протозоид ауруы. Онымен жылқы, қашыр және есек ауырады. Ауруға шалдыққан жануарлардың дене қызуы көтеріледі, қаны азяды, кілегей қабықтары сарғаяды, орталық жүйке, жүрек-қан тамыр және асқазанжүйелерінің қызметі бұзылады.  Емі. Ауру малдың күтімін жақсартып, оны көлеңкелі жерде ұстайды. Жылқының үстін, жал, кекіл, құйрық және құлақ түптерін мұқият қарап, жабысқан кенелерден тазарту шарт. Пироплазмозға қарсы арнайы дәрілерден диадимин немесе азидин тобындағы дәрілер қолданады. Диадиминді 0,002г\кг 10% ертінді түрінде бұлшық етке тереңірек егеді. Жітілеу түрінде азидин препаратын 7% ертіндісін 3,5 мг\кг мөлшерніде бұлшық етке егеді. Вет шаралар. Әр аймақта жылқы пироплазмозын тасымалдайтын кенелердің биологиялық ерекшелігін зерттеп, сол кене түрлерімен нәтижелі күрес ұйымдастыру қажет. Пироплазмоз ауруының белгілері байқалған жылқыға азидин егіледі. Жылқы денесіндегі кенелерді жою үшін үстіне акарацидтермен бүрку қажет.

Жылқы пироплазмозы, клиникасы, анықтау.Жылқы пироплазмозы тақ тұяқтыларда кездесетін, маусымды протозоид ауруы. Онымен жылқы, қашыр және есек ауырады. Ауруға шалдыққан жануарлардың дене қызуы көтеріледі, қаны азаяды, кілегей қабықтары сарғаяды, орталық жүйке, жүрек-қан тамыр және асқазанжүйелерінің қызметі бұзылады. Клин-сы. Жасырын кезеңі 9-11 күн. Жылқы пироплазмозы жіті ауру. Жылқы басын салбыратып, жүргенде тәлтіректейді. Ауыздың , танаудың кілегей қабықтары сарғыш тартады. Буаз биелер іш тастауы мүмкін, сауын биелер мүлде суалады. Ауру жылқының жүні үрпиіп, танауларынан су ағады. Анықтау. Жылқының жіті пироплазмозын анықтау қиынға соқпайды. Дене қызуының көтерілуі сыртқы кілегей қабықтарының сарғаюы, тыныс алуының және жүрек соғуының шапшаңдауы, терлеп қиналуы пироплазмозға дәлел бола алады. Жылқы пироплазмозын анықтағанда жыл маусымын ескерген шарт. Бұл ауру көктем айларында кездеседі. Себебі бұл маусым ауру тасымалдаушы кенелердңғ тіршілік қабілеті арта түсетін уақыт. Пироплазмозды нақты анықтау үшін жылқы қанын зерттеп, эритроциттер ішін мекендейтін пироплазмаларды табу қажет.

Жылқы пироплазмозы, қоздырушысы, эпизоотологиясы. Жылқы пиропламозы тақ тұяқтыларда кездесетін, маусымды протозоид ауруы. Онымен жылқы, қашыр және есек ауырады. Ауруға шалдыққан жануарлардың дене қызуы көтеріледі, қаны азяды, кілегей қабықтары сарғаяды, орталық жүйке, жүрек-қан тамыр және асқазанжүйелерінің қызметі бұзылады. Қоздрғ- эритроцит ішін мекендейді. Паразит тұрқы 2-6 мкм. Пироплазмалардыі пішіні дөңгелек, сопақ, сақина және амеба тәрізді болып келеді, эритроцит ішіне бір-бірден немесе жұпталып орналасады. Пироплазмалардың көпшілігінің пішіні алмұрт тәрізді. Олар жіңішке жағымен бір-бірімен жалғасып, сүйір бұрыш түзейді және эритроцит ортасына орналасады, әрқайсысының тұрқы эритроцит радиусынан ұзынырақ келеді. Паразитті мал денесіне дермацентр туысына жататын жайылым кенелері енгізеді. Кене шаққан кезде қанға енген пироплазмалар қан эритроциттерінде екіге бөлініп, үздіксіз көбейе береді. Эпизот-сы. Жылқы пироплазмозы Қазақстанның Оңт, Батыс обл-да, алматы, атырау обл-ның оңт аудандарында көктемде, әсіресе мамыр айында кездеседі. Ауру әдетте жылқы тұқымдарының барлығында, оның ішінде асыл тұқымдыларында жиірек, ал есек пен қашырда сирегірек кездеседі.

Жылқы трипаносомозы (киеңкі), емдеу, ветеринариялық шаралары. Су-ауру жылқы мен түйенің трансмиссивті протозоидтық ауруы. Трипаносомозбен ауырған малдың дене қызуы көтеріліп, денесінің әр жерінен ісіктер пайда болады, сөл бездері ісінеді, қатты арықтайды. Су- аурудың жіті және созылмалы түрлері болады. Емі. Су-ауруды емдеу үшін азидин дәрісін 3,5 мг/кг мөлшерінде 7 % ерітінді түрінде бұлшық етке, арасына 24 сағат салып 2 рет егеді. Ескеретін нәрсе, азидинді буаз түйелерге егуге болмайды, өйткені олар дәрінің әсерінен іш тастайды. Түйенің су-ауруына қарсы жақсы нәтиже беретін дәрі – наганин мен азидин қоспасы. Алдымен 1,0 г нагининді және 3,5 г азидинді қайнатылған суға 10 – концентрацияда жеке-жеке ерітіп алып, араластырады. Қоспаны ауру малға әр 100 кг тірі салмағына 3,5 мл есебімен тері астына немесе қалың етке егеді. Шет елдерде түйенің сурра (су-ауру) ауруын емдеу үшін цимеларзан дәрісін 0,25 мг/кг тірі салмағына есептеп бұлшық етке егеді. Айырықша дәрілерден басқа аурудың белгілеріне қарай малға симптоматикалық ем шаралары қолданылады. Ауру малдың азығы мен күтімін жақсарту шарт. Малды емдегеннен кейін 6 ай оқшау ұстап, оларды клиниклық, микроскопиялық және серологиялық зерттеулерден өткізу керек. Аурудан жазылмаған малды қайта емдемейді, етке жіберген жөн. Алдын алу және күресу шаралары. Су-ауру бар шаруашылықтарды инвазиядан арылту үшін, көктемде, жазда және күзде мал басын әр 3 ай сайын, қыста, көктемде және жаз айларында, кемінде 3 диагностикалық әдістермен тексеру керек. Клиникалық белгілері бар немесе формалин реакциясы оң нәтиже берген түйелерді бөліп алып, емдейді, ал қалған трипаносомоздан сау малдарды, одан сақтандыру мақсатымен наганин-азидин қоспасымен дауалайды. Ол үшін, наганиннің бір 136 бөлігіне, азидиннің 3, 5 бөлігін қосып, 10%-дық суспензия ретінде тері астына егеді. Одан басқа да трипаноцидтік дәрілерді қолдануға болады. Бірақ, азидин дәрісін буаз інгендерге егуге болмайды, өйткені олар іш тастап кетеді. Мал басын су-ауруынан сақтандыру үшін маса-соналары жоқ, су жағалауынан алыс жайылымдарды пайдаланады.

Жылқы трипаносомозы (киеңкі), клиникасы, анықтау.Киеңкінің жасырын кезеңі 2-3 ай. Аурудың алғашқы кезеңінде айғырдың жыныс мүшелері- ұмасы, қасасы, күпегі ісінеді. Ал биенің желіні, сыртқы жыныс мүшелері және құрсағының төменгі жағы ісінеді. Ісіктерді сипап көргенде салқын, жұмсақтығы қамыр тәрізді және мал ауырсынбайды. Жыныс мүшелерінің терісінде алғашқыды кішкентай түйіндер пайда болып, олар кейіннен ашық жараға айналып жазылып кетеді де, орнында ақшыл дақтар (пигментсіз) қалады. Қынаптан сарғылт түсті қан аралас жалқаяқ ағады. Аурудың бұл кезеңінде ісіктер басым болғандықтан, оны ісіктер кезеңі деп атайды. Аурудың бұл кезеңінде жылқының жалпы күйі өзгере қоймайды, тәбеті қашпайды. Осы кезеңнің аяғында малдың жыныстық қабілеті күшейгендей сырт белгілері байқалады. Аурудың екінші кезеңіне жылқы терісінің зақымдануы тән. Ауру жылқының терісінде ауық-ауық есек жем тәрізді бөртпелер пайда болады. Сауырында, кеуденің екі жағында және қарын жағында дөңгелек, диаметрі 4-20 см-дей шығырық тәрізді ісіктер пайда болып, бірнеше сағаттан кейін бұл ісіктер өздігінен жойылып, аздан соң қайта шығуы мүмкін. Әдетте буаз бие осы кезеңде іш тастайды. Ауру бұдан әрі асқына түссе, киеңкінің үшінші кезеңі басталады. Аурудың үшінші кезеңінде жүйке жүйесі жартылай (парезге) немесе толық салдануға шалдығады. Әдетте бір жақтағы жүйке парезге шалдыққан жылқының бір құлағы салбырайды, бір жақ қабығы түседі, ернінің бір жағы қисаяды. Малдың шонданай жүйкесі зақымданса, жүрісі тәлтіректеп, сауыры мен артқы аяқтарының бұлшық еттері семе бастайды. Сондықтан жылқының жүрісі өзгереді, артқы аяқтарын сылтып басады. Белжүйкесі толық зақымданған жағдайда, жылқы артқы аяқтарын баса алмай, ит сияқты отырып қалады. Сол себептен киеңкіні орысша “подседал” деп те атайды. Кейінірек жылқы бөксе жағын көтере алмай, жатып қалып бірте-бірте көтеремге айналады да, денесі салданып өліп қалады. Осылай ауырған жылқының 30-50 % дейін өлім-жітімге ұшырауы мүмкін. Аурудың үшінші кезеңінде малдың көзі коньюнктивитке шалдығып, оған ақ түсуі (ноғала) мүмкін. Сондай-ақ, буындар ісініп, тыныс жолдары да қабынады. Киеңкі созылмалы ауру, ол 1 жылға, кейде одан да артық уақытқа созылады. Бірақ жоғарыда көрсетілген белгілері түгел біліне бермейді. Табындағы жылқыда аурудың бірінші кезеңі байқалмай өтуі де мүмкін. Ауру асқынып, мал қиналып тұрып қалғанда ғана киеңкінің келесі кезеңдерінің белгілері біліне бастайды. Кейде ауру жасырын түрде өтіп, тек қана екінші және үшінші кезеңдерінің кейбір белгілері ғана білінеді. Жаңа қағида бойынша киеңкіге шалдыққан жылқы, тұқымдық қасиетіне қарамастан, бірден сойылуы керек. Диагнозы. Ауруды анықтау үшін эпизоотологиялық деректерді, клиникалық белгілерін еске ала отырып, микроскопиялық және серологиялық (КБР, иммунофлуоресценция) зерттеулер жүргізеді. Микроскопиялық зерттеу жүргізу үшін, ауырған биенің қынабынан, айғырдың уретрасынан қырынды алып, пән шынысына бір тамшысын тамызып, жапқыш әйнекпен қысып көруге болады. Кейбір ауырған малдардан паразит табылмауы мүмкін. Сол себептен де қосымша қан сарысуын серологиялық реакциямен тексереді.

Жылқы трипаносомозы (киеңкі), эпизоотологиясы, клиникасы.Киеңкі немесе қарақаптал жылқы мен есектің және қашырдың Trypanosoma equіperdum деп, аталынатын қарапайым паразит қоздыратын, тек жыныстық қатынас арқылы жұғатын созылмалы ауруы. Ауруға шалдыққан малдың жыныс мүшелері, терісі және жүйке жүйесі зақымдалады. Қоздырғышы. Киеңкінің қоздырғышы - Trypanosoma equіperdum, Tryposomatidae тұқымдасына, Zoomastigophora классына жатады. Денесі бұрғы тәрізді, ұзындығы 22-28 мкм, ені 1,4-2,6 мкм. Денесінің орта тұсында ядросы, ал оның арт жағында тағы бір кішірек ядросы (кинетопласт) орналасқан. Осы кішірек ядродан трипаносоманың бишігі басталып, ол паразиттің бір жақ шетіндегі жұқа жарғақты көмкеріп, торшаның бас жағында созылып жатады. (қараңыз: ) Киеңкінің трипанозомасы жыныс мүшелерінің кілегей қабығын және осы қабықтың қыл тамырларын мекендейді. Трипанозоманың бұл түріне тек қана тақ тұяқтылар бейім. Зертханалық ұсақ жануарларға бұл қоздырғыш жұқпайды. Сондай-ақ, жасанды қоректерде де өсіп, өнбейді. Жыныс мүшелерінде паразит ұзынынан екіге бөліну арқылы көбейеді. Паразит денесінен трипанотоксин деген уытты заттар бөлініп шығады. Трипанотоксин қанға тарап, бүкіл денеге зиянды әсерін тигізеді. Эпизоотологиялық деректер. Киеңкі ауруымен жылқы, есек және қашыр ауырады. Ауру көбінесе шағылыс маусымында, ауру малдан сау малға жұғады. Үйірдегі айғыр ауруды ондағы биелерге таратады. Сондай-ақ, ауру қоздырғышы зерттеу аспаптары арқылы да таралуы мүмкін. Киеңкі әсіресе асыл тұқымды мал өсіретін жылқы зауыттарына және фермаларына аса қауіпті. Қазақстан жағдайында киеңкі жергілікті байырғы жылқыда, әсіресе табындағы жылқыда, ешбір сыртқы белгісіз астыртын өтуі мүмкін. Бірақ шеттен әкелінген асыл тұқымды жылқыға жұқса, кесел ауыр түрде өтеді. Есек пен қашырда бұл аурудың клиникалық белгісі болмайды. Ауру белгілері. Киеңкінің жасырын кезеңі 2-3 ай. Аурудың алғашқы кезеңінде айғырдың жыныс мүшелері- ұмасы, қасасы, күпегі ісінеді. Ал биенің желіні, сыртқы жыныс мүшелері және құрсағының төменгі жағы ісінеді. Ісіктерді сипап көргенде салқын, жұмсақтығы қамыр тәрізді және мал ауырсынбайды. Жыныс мүшелерінің терісінде алғашқыды кішкентай түйіндер пайда болып, олар кейіннен ашық жараға айналып жазылып кетеді де, орнында ақшыл дақтар (пигментсіз) қалады. Қынаптан сарғылт түсті қан аралас жалқаяқ ағады. Аурудың бұл кезеңінде ісіктер басым болғандықтан, оны ісіктер кезеңі деп атайды. Аурудың бұл кезеңінде жылқының жалпы күйі өзгере қоймайды, тәбеті қашпайды. Осы кезеңнің аяғында малдың жыныстық қабілеті күшейгендей сырт белгілері байқалады. Аурудың екінші кезеңіне жылқы терісінің зақымдануы тән. Ауру жылқының терісінде ауық-ауық есек жем тәрізді бөртпелер пайда болады. Сауырында, кеуденің екі жағында және қарын жағында дөңгелек, диаметрі 4-20 см-дей шығырық тәрізді ісіктер пайда болып, бірнеше сағаттан кейін бұл ісіктер өздігінен жойылып, аздан соң қайта шығуы мүмкін. Әдетте буаз бие осы кезеңде іш тастайды.  

Зоофилді шыбындар және олардың ветеринариялық маңызы.Зоофилді шыбындар өзінің алуан-түрлігімен, тигізетін айтарлықтай зияндылығымен мәлім. Ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан негізгі 3 тұқым: Muscidae ( кәдімгі шыбындар; Calliphoridae ( ет пен өлексе шыбындары және Sarcophagidae ( сұр шыбындардың алатын орны бөлек. Нағыз шыбындар : мусциде тұқымдасынан тұмсықтары жалауға бейімделген Муска, Фания, ал тесіп соратындардан Стомоксис бен Липерозия туыстары негізгілер. Толық дамып түрленетіндерге жатады. Көпшілігі жұмыртқа салады, кейбірі тірі туады. Үй шыбыны тіршілігінде 600-ге жуық жұмыртқа салады. Шыбынның өмір сүруі 3-5 тәулік. Қуыршағы 3-6 күнде дамиды. Сұр ет шыбындары. Жануарлардың вольфартиозы (құрттау) Вольфартиоз (құрттау) – Sarcophagidae тұқымынан ең қатерлі және жиі кездесетіні Wohlfahrtia magnifica, сиректеу W.trina болып табылады.

Иксодид тұқымдасына жататын кенелер, ветеринариялық маңызы.Кенелердің бұл тұқымдасының денесі ірі және біртұтас, пішіні сопақ-ұзынша келген. Денесінің алдыңғы жағында тұмсығы-гнатосома орналасқан. Тұмсықтың құрамына: оның түбі, екі қармалауыш, екі хелицер (жоғаргы жақ) және бір гипостом (төменгі жақ) енеді. Денесі – идиосома, кененің даму сатысына және қанга тою дәрежесіне байланысты пішіні мен тұрқы өзгеріп тұрады. Аш кененің денесі жалпақтау, ал тойынғанда сопайып дөңгеленеді. Арқа жағында тығыздалған хитин қалқаншасы (скутум) бар. Ол ұрғашы кенелердің тек қана арқасының алдыңғы жағын, ал еркектерінің жотасын түгел жауып тұрады. Кейбір кенелердің алдыңғы жағында қалқаншаның шет жағына орналасқан көздері болады. Денесінің іш жағында, төртінші аяқтарынан төменірек торлы табақшалар – перитремалар, ал олардың ортасына тыныс тесіктері – стигмалар орналасқан. Сондай-ақ, кененің іш жағында жыныс және артқы тесіктері орналасқан. Иксодид кенелерінің еркектерін, ұрғашыларынан айыру оп-оңай (диморфизм). Аш ұрғашы кененің дене тұрқы еркегінікіндей немесе аздап үлкенірек. Қан сорғаннан кейін ұрғашыларының денесі бірнеше есе үлкейеді. Иксодид кенелерінің (географиялық) жер жүзіне таралуы кейбір биотикалық және абиотикалық жағдайларға байланысты. Әсіресе қанын сорып қоректенетін жануарлар болуының маңызы өте зор. Әр түрлі кенелердің өмір сүруіне қолайлы жылылық, ылғалдылық, өсімдіктер құрамы үлкен әсер етеді. Кенелердің жануарларға жабылуы қолайлы жылылықтың, сондай-ақ күннің ұзақтығына да байланысты. Кенелердің жұмыртқалау мерзімі, әр сатыға алмасу ұзақтығы күн жарығының алмасуына да байланысты. Біздің елімізде таралған Ixodidae тұқымдасына жататын жайылым кенелері алты туысқа бөлінеді. Олар мыналар: Hyalomma (шыны көз), Ixodes (жабысқақ), Dermacentor (тері жырғыш), Haemaphisalis (қан сүйгіш), Rhipicephalus (желпуіш бас) және Boophilus (бұқа сүйгіш).  Ересек кенелер малды мамыр-тамыз айларында, ал балапан кенелері мен нимфалары тамыз-қыркүйек айларында талайды. Тойынған личинкалар мен нимфалар малдың үстінен жерге түсіп, жайылымда қыстап шығады. H.plumbeum кенелері жылқы пироплазмозы мен нутталиозының қоздырғыштарын тасымалдайды. Кенелердің бұл түрі Оңтүстік Қазақстанда және Орта Азия республикаларында кездеседі. Олар мамыр-маусым айларында малды көп талайды. Балапан кенелер мен нимфалары мамыр айынан қазан айына дейін жануарлар қанымен қоректенеді. Жайылымға түсіп қалған нимфалар күзде имаго сатысына түлеп, көктемге дейін анабиоз жағдайына еніп, қыстап шығады. H.scupense – ірі-қара тейлериозы мен жылқы нутталиозының қоздырғыштарын тасымалдайды. Бұл кенелер Орталық Қазақстанға дейін тараған. Оңтүстікке қарай бұл кене жақсы бейімделген, тек теңіз бетінен 1000 м биіктікте ғана болмайды. Жанасқанда бір малдың екінші малға көшіп отыруы мүмкін. Бұл кененің ерекшелігі – жануарларды жылдың суық уақытында, яғни қазан айынан мамырға дейін талайды. Олардың ұрғашылары жануарлар денесінен наурыз-мамыр айларында түсіп қалады.

Иксодид тұқымдасына жататын кенелерге қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар кешені. Иксодид кенелерімен күрес екі бағытта жүргізіледі: біріншісі – олардың шоғырланған жерлері – биотоптарында жою, ал екіншісі – жануарларға жабысқандарын жою. Кенелермен олардың биотобында күресу тиімдірек. Кенелердің көптеген түрлері жүмыртқаларын жерге салып, олардан балаң – кенелері де сонда пайда болатынын ескере отырып, сол аймақтағы жерді жыртып, көп жылдық шөп егіп, жасанды жайылымға айналдыру жақсы нәтиже береді. Жайылымдарды жырту кейбір жерлерде Boophilus calcaratus, Hyalomma scupense, Rhipicephalus bursa кенелерін жоюға септігін тигізеді, немесе кене түрлерінің санын азайтады. Кейбір өңірлердің биік тау жайылымдарында иксодид кенелері мүлде болмайды. Төменірек жатқан орман белдеуінде де кенелер өте сирек кездеседі. Сондықтан биік тау жайылымдарын пайдалану, малдарды кенеден қорғаудың ең тиімді жолы. Малдарды таулы жайылымға топырақ суығанда айдаған абзал. Себебі жол бойында кенелі жерлер болуы мүмкін. Кейде, жол бойында малға кене жабыспас үшін, оларды акарацид дәрілерімен тоғытады. Мал қораларында қалып қоятын Hyalomma anatolicum, H.detritum және H.scupense сияқты кенелерді жоюдың маңызы зор. Бұл кенелер мал қораларында қыстап, қыс пен көктемде малға жабысып қанын сорады. Бұл кенелерді жою үшін – олар тығылатын саңылауларды құмға цемент араластырып тығындап, кеміргіштердің інін бітеу, сондай-ақ қора маңындағы өсімдіктерді отап тастау шарт. Сонан соң қораны аэрозольді акарацидтермен дәрілейді. Ол үшін аэрозоль-2 (хлорофос пен ДДВФ қосындысы-9:1) 20 мл м3 мөлшерінде қораға, глак-ц-глутар альдегиді және циодрин негізінде жасалған баллондағы препаратты 50 мл м3 есебімен шашады. Бұлардан басқа қораны дәрілеу үшін 1,5% хлорофос, 0,2% бензофосфат 200-400 мл м2 мөлшерінде қолданылады. Дәріленген қораларға мал енгізу үшін оларды 3-4 сағат желдетіп, оттықтарын тазалап, ыстық сумен жуу шарт.

Ит пироплазмозы, емі, ветеринариялық шаралары.Ит пироплазмозы- дене қызуының көтерілуімен,анемия, кілегей қабықтарының сарғыштануымен және гемоглобинурия белгілерімен, сондай-ақ, жүрек соғуы жиіленіп, ешектердің атониясымен сипатталатын, иттердің жіті немесе созылмалы ауруы.емі. бұлшық етке 7% азидин ерт, екі рет, 0,0035г\кг мөлшерінде егіледі. Одна басқа батризин, беренил, неоазидин тб қолданға болады. 10% диамидин дәрісі де жақсы нәтиже береді. Вет шаралар. Кенесі бар жерлерде, арнайы қызмет иттеріне әр 10күн сайын азидин егіп, денесіндегі кенелерді жойып отыру қажет.

Ит пироплазмозы, қоздырушысы, эпизоотологиясы. Ит пироплазмозы- дене қызуының көтерілуімен,анемия, кілегей қабықтарының сарғыштануымен және гемоглобинурия белгілерімен, сондай-ақ, жүрек соғуы жиіленіп, ешектердің атониясымен сипатталатын, иттердің жіті немесе созылмалы ауруы. Қоздрғ- piroplasma canis. Ит эритроциттерінде пироплазманың тұрқы 7мкм,яғни басқа приоплазма түрлеріне қарағанда,ірірек келеді. Аурудың алғашқы кезеңінде паразиттің жүпталған түрінен гөрі, сыңар түрлері басым болады, бірақ, олардың түрі инвазия әрі дамыған сайын теңеледі. әдетте эритроцит ішінде 1-2 паразит мекендейді. Эпизоотологиялық деректер. Бұлауруға ит, жанат тәрізді ит және түлкі бейім, сондықтан ол табиғи-ошақты аурулар қатарына жатады. Ит пироплазмозы көбінесе арнайы қызмет атқаратын және аңшылыққа пайдаланатын иттерде жиі болады. Бұл ауру иттреде жазғы-күзгі маусымда кездеседі, себебі бұл мерзімде кенелердің тіршілік қабілеті күшейеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.