|
|||
Шошқа эймериозы 1 страницаСтр 1 из 5Следующая ⇒ Акариформды кенелер, ветеринариялық маңызы.Acariformes тегіне жататын ұсақ кенелер қоздыратын инвазиялық аурулар малдың барлық түрінде кездеседі. Бұл ауруларды қотыр деп атайды. Кенелердің ұзындығы 0,1-3мм, денесі екі бөліктен тұрады: протеросома – ауыз қуысы және алдыңғы екі аяқ; гистеросома – екінші, үшінші жұп аяқ және жыныс қуысы. Дамуы жұмыртқадан, балаңқұрттан, протонимфдан, телеонимфадан және имагодан тұрады. Қотырды болдырмас үшін малдарлы екі рет: жазғытұрым және күзде тоғыту қажет. Акариформды кенелердің ветеринариялық маңызы, жіктелуі. Acariformes тегіне жататын ұсақ кенелер қоздыратын инвазиялық аурулар малдың барлық түрінде кездеседі. Бұл ауруларды қотыр деп атайды. Кенелердің ұзындығы 0,1-3мм, денесі екі бөліктен тұрады: протеросома – ауыз қуысы және алдыңғы екі аяқ; гистеросома – екінші, үшінші жұп аяқ және жыныс қуысы. Дамуы жұмыртқадан, балаңқұрттан, протонимфдан, телеонимфадан және имагодан тұрады. Қотырды болдырмас үшін малдарлы екі рет: жазғытұрым және күзде тоғыту қажет.Псороптидоздар Psoroptidae тұқымына жататын өкілдердің тудырған аурулары. Бұл топқа: псороптоз (қоздырушысы Рsоrорtеs), хориоптоз (қоздырушысы Сhoriорtеs) және отодектоз (қоздырушысы Otodectes) жатады. Хориоптоздар - Сhoriорtеs кене туысының малдарда тудырған аурулары. Әр малдың өзіне тән қоздырушысы өз алдына бөлек ауру тудырады. Мысалы, Chorioptes equi – жылқыда, Ch.caprae – ешкіде хориоптоз тудырады. Жануарлардың саркоптидоздары Саркоптоздар – саркоптес тұқымы кенелерінің тудырған аурулар тобы. Жылқы саркоптозы зілді ағымда өтеді. Әртүрлі бағытта эпидермис қабатын тесіп, оның қалыңдауына әкеліп соқтырады. Жүні түседі. Емдеу. Барлық акариформды кенелер тудырған ауруларды емдеу үшін акарицидтік препараттарды қолданады (ұнтақ, ерітінді, инъекциялық түрлері). Бөгелектер және олардың ветеринариялық маңызы.Бұл аурулар тобына ірі қара гипедерматозы, жылқы гастрофилезі, ринэстрозы, қой эстрозы, түйе цефалопинозы жатады. Бұл аурулар еліміздің барлық түпкірлерінде кездеседі, сол себептен де мал шаруашылығына орасан зиян келтіреді. Паразитік жолмен тіршілік ететін бөгелектер 3 тұқымдастықтан тұрады. Гиподематиде- тұқымдастығына 9 туыстық жатады, ал олардың ішінде вет маңызы барлары гиподерма, остриде, гастрофилиде. Гастрофилез – Gastrophilus туыс өкілдерінің асқорыту жүйесінде мекендеуінен байқалатын созылмалы ауру. Қоздырушы түрлері: G.intestinalis – үлкен қарын бөгелегі; G.veterinus – он екі елі ішек бөгелегі; G.haemorroidalis – мұртты; G.pecorum – шөп бөгелегі; G.inermis – кіші қарын бөгелегі; G.nigricornis – қара мұртты бөгелегі. Ұрғашы имагоның жылқы түгіне бекіткен жұмыртқаларында 5-8 күн аралығында 1-ші сатыдағы личинка дамиды. Оларды жылқы өзін қасығанда немесе бірін бірі қасығанда ауыз кілегей қабығына бекініп, кейіннен асқорыту жүйесіне ауады да, 2-ші және 3-ші сатыларын өтеді. Көктемнің аяғында жаздың басында 3-ші сатыдағылары жерге түсіп, қуыршаққа айналады. Шамамен 25-37 күн ішінде олардан ересек бөгелектер дамып шығады. Әрі қарай еркектері ұрғашыларымен шығылысып өледі, ал ұрғашылары жұмыртқаларын бекіте бастайды. Тек G.pecorum имагосы жұмыртқаларын шөпке салады . диагностикасы жүн жамылғысын бөгелек жұмырт- қаларына зерттеу (ксенодиагностика), серодиагностикалау (ТЕГА, ИФТ) қолданылады. Өлген малда ауыз қуысында, жұтқыншақ, қарын, тоқ ішек, тік ішекте личинкалар табылады. Патологиялық өзгерістер негізінен лдичинкалардың кілегей қабыққа бекінген орындарында ойық жаралар, олардың домбығуы, қалыңдауы түрлерінде байқалады. Емдеу үшін: эквалан, эквисект, максимек, алезан, еквивен – паста түріндегілерін 200мг/кг дозада ауыздан береді. Профилактикалау мақсатында бөгелектер ұшқан мерзімде (10 мен 19 сағат аралығында) жылқыларды қорада ұстау немесе акарицидтік препараттарды түтіндету арқылы қорғау немесе жүн жамылғысын реппеленттермен бүрку жүргізіледі. Күзде бөгелектің ұшу мерзімі аяқталғанда (қазан-қараша) дәрілеу Бір, екі және үш иелі иксодид кенелері, ветеринариялық маңызы .Dermacentor marginatus үш иелі кене. Олар жылқының пироплазмидоз ауруларынан басқа ірі қара малдың анаплазмозын (қоздырғышы Anaplasma marginale), қойдың анаплазмозын (A.ovis) және тейлериозын (қоздырғышы Theileria recondita), сондай-ақ кеміргіштердің туляремия ауруларын тасымалдайды. Кененің бұл түрі Украина, Молдавия, Қырым, Қазақстан, Орта Азия республикаларында, сондай-ақ Батыс және Шығыс Сібірдің Оңтүстік бөлігінде кездеседі. Dermacentor pictus түрі де үш иелі кене. Ол жылқының пироплазмидоздарынан басқа – ит пироплазмозын (қоздырғышы Piroplasma canis), ірі қара малдың анаплазмозын және жылқының энцефаломиелит ауруы және омбы геморрагиялық қызбасының вирусын тасымалдайды. Бұл кенелердің тұмсығы қысқа, түбі төрт бұрышты, көздері жоқ, анальдік жолақ артқы тесіктің арт жағына орналасқан. Құрсақ жағында қалқаншалары жоқ. Н.otophila үш иелі, ол қойдың анаплазмоз (Anaplasma ovis) және пироплазмоз (қоздырғышы Piroplasma ovis) ауруларын тасымалдайды. Бұл кенелер Украинаның оңтүстігінде, Қырымда, Солтүстік Кавказда кездеседі. Rh.bursa – екі иелі кенелер, көбіне ірі қара мал мен қойдан табылады, ал Rh.pumilio үй және тағы хайуанаттарына онымен қоса адамға да жабысады. Rh.bursa кенелері қойдың бабезиозын (B.ovis), тейлериозын (Th.recondita) және пиролазмозын (Р.ovis), сондай-ақ, ірі қара малдың анаплазмозын (А.marginale) тасымалдайды. Кенелердің бұл түрі Қырымда, Қара теңіз жағалауында, Кавказда және Казақстанның оңтүстігінде кездеседі.. Ал балапан кенелері жаздың екінші жартысынан бастап, күз айларына дейін кездеседі. Олар қой кұлағының ішкі жағына жабысып қанын сорады. Имаго фазасында қойдың түксіз жерлеріне жабысады. Жылына бір ұрпақ береді.Boophilus туысына жататын біздің елімізде бір ғана кене түрі бар – ол B.calcaratus. Бұл кенелер жайылым кенелерінің ішіндегі ұсағы, қоңыр түсті. Тұмсығы қысқа, тұмсық түбі алты бұрышты, көздері бар. B.calcaratus кенелері ірі қара малдың пироплазмозын, франсаиеллезін тасымалдайды. Ауру қоздырғыштары кененің жұмыртқасы арқылы немесе трансовариалды жолмен келесі ұрпаққа көшіп отырады., Жылдың жылы уақытында B.calcaratus кенелері үш ұрпақ береді. Балапан кенелері 6-7 айдай ашығуды көтереді. Тың жерлерді игеруге байланысты B.calcaratus кенелерінің саны жылдан жылға азайып келеді. Бұл кенелердің биотоптары ағашты-бұталы тау етегінде өмір сүруге қолайлы жағдайлар бар жерлерде кездеседі. Ветеринариялық протозоология, мақсаты мен міндеті.Вет протозология- мал денесінде орналасып, оның протозооз ауруларын тудыратын бірторшалыларды зерттейді. Протозология ғылымының мақсатына паразиттің дене құрылысын, өсіп- дамуын зерттеп, паразиттің түрін және жануарларға жұғу жолдарын анықтау кіреді. Сонымен бірге протозоология, қоздырғыштың мал организміне зиянды әсерін( патогендік әсерін) , ауруды анықтау тәсілдерін, арнайы және патогнедік ем, сондай-ақ оның алдын алу, дауалау әдістерін зерттейді. Ветеринариялық протозоологияның даму тарихы мен оған еңбек сіңірген Қазақстандық ғалымдар. Вет протозология- мал денесінде орналасып, оның протозооз ауруларын дыратын бірторшалыларды зерттейді. тупротозоология ғылымы Қазақстанда 1926-30 жылдардан бастап дами бастады. Сол жылдары А.А. Целищевтің басқаруымен жылқының, ірі және ұсақ тұяқтылардың пироплазмидоз қоздырғыштарының түр құрамы зерттелінеді. Пироплазмидоздардың таралу жағдайы анықталды. Осы ауруларды емдеуге, сақтандыруға арналған дәрілер снаудан өткізіліп, олардың тиімділігі анықталады. Кейінірек 1950 ж професссор Н.П.Орловтың басшылығымен пироплазмидоздарды емдеудің теориялық негіздемелері жүйелендірілді. Вольфартиоз.Вольфарт шыбыны ірі, дене тұрқы 9-13мм, ашық-сұр немесе күл түсті. Арқасында үш ірі қара жолағы, құрсақ жағында ірі дақтары бар, қанаттары мөлдір. Вольфарт шыбынының ересек немесе имаго сатысы гүл шырынымен, қи сұйығымен және т.б қоректенеді. Ал оның жарақатқа түскен балаңқұрттары тірі малдың жұмсақ ұлпасымен қоректеніп өмір сүреді. Ұрғашы шыбын барлығы 200-дей балаңқұрт өндіреді. Неміс дәрігері Вольфарттың есімімен аталған шыбынның бір ерекшелігі ол тірі балаң құрт туады. Шыбын балаң құрттары мал жарақатында ұлпа торшаларымен, сөлімен қоректеніп, жарақатты асқындырады, жара көп уақыт бойы жазылмайды. Мал тынышсызданады, арықтайды. В. ауруы Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Бұл ауру қой шаруашылығында кездеседі. Вольфарттың таралу себептеріне қырықтықты кеш, сапасыз өткізу, мөлшерден тыс терінің ылғалдануы, малды кеш піштіру, кене шаққан жердің уытты жараға айналуы және т.б. емі. Вольфартиоз мал арасында кең етек алған жағдайда, отардағы қойларға әрбір 3-4 апта сайын ДУК, ЛСД басқа да сұйық дәрі бүркейтін арнайы құралдар көмегімен неостомазан 1:1000 қатынасында ,1% дибром, 0,25% цимбуш т,б дәрілерді денесіне бүркеу арқылы дәрілеп отырады. Деларванция – өсіп-өну ортасында шыбындардың балаңқұрттары мен қуыршақтарын жоюшараларын жүргізеді. Гамазойд кенелері, зияны.Гамамзоид кенелері паразитиморм тегіне жататын буынаяқтылар . Бұл кене орнитоз,тырысқақ және оба ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды.Тауық кенелері ұсақ,тұрқы 0,75мм-дей қозғалымпаз буынаяқтылар.Аш кенелер ашық сары түсті,қан сорған соң олар қызарады,сон-соң қоңырқай тартады. Пішіні сопақ ,үстінде көптеген қылдары бар.Аяқтары ұзын,тырнақшалары және мөлдір жабысқақғы бар.әдетте бұл кенелер түнде шабуыл жасайды.кене 11 айдай аштыққа шыдайды.Тауық кенелері құс қораларында ,құс ұяларында мекендейді. Гиподерматоз.Гиподерматоз- етті және сүтті өнімділікті төмендетіп, жануарлардың тері қабаттарын, ұлпаларын, өмірлік маңызы бар ағзаларын жаралайды, ағзада паразиттеледі, 6 – 9 ай ішінде ұзақ уақыт бойы тері асты балаңқұрттарымен, бөгелектерімен туындайтын ірі қара малдың созылмалы өтетін қауіпті ауруы.181 Ірі қара малда паразиттенеді: Hypoderma bovis қарапайым тері асты бөгелегі және Hypoderma lineatum оңтүстік тері асты бөгелегі. Ірі қара мал бірден-бір иесі болып табылады. Тері асты бөгелегі солтүстік жарты шардың барлық аумағында кездеседі. Жануарлардың гиподерматозбен зақымдалуы тек жазғы уақыттарда болады. Инвазия көзі гиподерматозбен ауратын жануарлар болып табылады. Жануарлардың дернәсілдермен зақымдалғыштығына және бөгелектердің көбеюіне малдардың тығыз орналасуы, сондай-ақ, бөгелектердің өмірінің ұзақтығына және дамуына әсер етуші климаттық жағыдайлар маңызды факторлары болып табылады. Үлкен жануарларда нәзік ұлпаларының аз болуына және терінің үлкен жуандықта болуына байланысты жас жануарларға қарағанда, бөгелек дернәсілдерімен аз дәрежеде зақымдалады. Үлкен жануарлардың зақымдалуының аз пайызына пайда болған иммунитетте әсер етеді Инъекциялық дермацинді (әсер етуші заты ивермектин) ірі қара малдың үшінші мойын аумағындағы тері астына үлкен жануарлар үшін 3 мл дозада, 150 г дейінгі жас малдарға – 2 мл, салмағы 50 кг-ға дейінгі бұғыларға – 1 мл, 50 кг-дан асатындарға 2 мл тері астына немесе бұлшық ет ішіне. Жылқы мен түйе су – ауруы (трипаносомозы), емдеу, ветеринариялық шаралары.Су-ауру жылқы мен түйенің трансмиссивті протозоидтық ауруы. Трипаносомозбен ауырған малдың дене қызуы көтеріліп, денесінің әр жерінен ісіктер пайда болады, сөл бездері ісінеді, қатты арықтайды. Су- аурудың жіті және созылмалы түрлері болады.Емі. Су-ауруды емдеу үшін азидин дәрісін 3,5 мг/кг мөлшерінде 7 % ерітінді түрінде бұлшық етке, арасына 24 сағат салып 2 рет егеді. Ескеретін нәрсе, азидинді буаз түйелерге егуге болмайды, өйткені олар дәрінің әсерінен іш тастайды. Түйенің су-ауруына қарсы жақсы нәтиже беретін дәрі – наганин мен азидин қоспасы. Алдымен 1,0 г нагининді және 3,5 г азидинді қайнатылған суға 10 – концентрацияда жеке-жеке ерітіп алып, араластырады. Қоспаны ауру малға әр 100 кг тірі салмағына 3,5 мл есебімен тері астына немесе қалың етке егеді. Шет елдерде түйенің сурра (су-ауру) ауруын емдеу үшін цимеларзан дәрісін 0,25 мг/кг тірі салмағына есептеп бұлшық етке егеді. Айырықша дәрілерден басқа аурудың белгілеріне қарай малға симптоматикалық ем шаралары қолданылады. Ауру малдың азығы мен күтімін жақсарту шарт. Малды емдегеннен кейін 6 ай оқшау ұстап, оларды клиниклық, микроскопиялық және серологиялық зерттеулерден өткізу керек. Аурудан жазылмаған малды қайта емдемейді, етке жіберген жөн. Алдын алу және күресу шаралары. Су-ауру бар шаруашылықтарды инвазиядан арылту үшін, көктемде, жазда және күзде мал басын әр 3 ай сайын, қыста, көктемде және жаз айларында, кемінде 3 диагностикалық әдістермен тексеру керек. Клиникалық белгілері бар немесе формалин реакциясы оң нәтиже берген түйелерді бөліп алып, емдейді, ал қалған трипаносомоздан сау малдарды, одан сақтандыру мақсатымен наганин-азидин қоспасымен дауалайды. Ол үшін, наганиннің бір 136 бөлігіне, азидиннің 3, 5 бөлігін қосып, 10%-дық суспензия ретінде тері астына егеді. Одан басқа да трипаноцидтік дәрілерді қолдануға болады. Бірақ, азидин дәрісін буаз інгендерге егуге болмайды, өйткені олар іш тастап кетеді. Мал басын су-ауруынан сақтандыру үшін маса-соналары жоқ, су жағалауынан алыс жайылымдарды пайдаланады Жылқы мен түйе су – ауруы (трипаносомозы), клиникасы, анықтау.Аурудың белгілері. Жылқы су-ауруының жасырын кезеңі 2-3 апта. Алғашқыда байқаусыз дене қызбасы болады. Ауру малдың денесі босаңсиды, тәбеті қашады. Денесінің әр жерінде ісік пайда болады. Ісіктер жыныс мүшелері мен аяқтарында да болуы мүмкін. Дене ыстығы көтерілуімен қатар тыныс алуы және тамыр соғуы жиілейді. Ауруға жүйке жүйесі шалдыққан жылқы қозып алға ұмтылады немесе сіресіп тұрып алады. Қан құрамын зерттегенде эритроциттердің саны 2-3 млн-ға дейін азайғаны байқалады. Қанда анизоцитоз, пойкилоцитоз, эоозинофилдер мен лимфоциттердің көбеюі байқалады. Қызуы көтеріліп, денесі дірілдеп терлейді, кейде жылқы жатып алады. Көбінесе су-аурумен жылқы созылмалы түрде ауырады. Дене қызуы қанда паразит көбейгенде байқалады. Мал тәбеті қашпай және азығы тәуір болса да жүдейді, көзінде ирит және кератит белгілері пайда болады. Кілегей қабықтары бозарыңқы сарғыш тартқан. Кейде су-ауруға жүйке жүйесі де шалдығады. Жүрісі сенімсіз, жүргенде мал аяқтарын жоғары көтереді, сүріншек келеді. Тәбеті сақталғанмен, кейінірек жылқының бөксе жағы салданып жатып қалады. Түйе су ауруының жасырын кезеңі 2-3 апта. Оның жіті және созылмалы түрлері бар. Су-аурудың жіті түрінде ауық-ауық түйенің дене қызбасы 400С дейін көтеріледі. Түйе тершең болып, жүргенде тез шаршайды да, көп жата береді. Сөл бездері ұлғаяды, оларды қолмен ұстағанда мал ауырсынады. Танаудан су, көзден жас ағады. Соңынан ауру созылмалы түрге айналады. Аурудың созылмалы түрінде түйенің жүні үрпиіп, үйісіп қалады. Мезгіл-мезгіл жүйке жүйесі қозып, түйе айнала береді, аяқтары ісінеді, арықтап, құр сүлдері қалады. Су - аурудың созылмалы түрі бір жылдай байқалады. Ауру түйе көп жатып, суды көп ішеді. Кейінірек түйенің арт жығы салданып, титықтап барып өледі. Аурудың бұл түрімен түйенің кәрісі де, жасы да ауырады. Диагнозы. Су-ауруға диагноз қойып, анықтау үшін эпизоотологиялық деректерді сараптайды, клиникалық белгілерін анықтап, микроскопиялық және серологиялық зерттеулер жүргізеді. Аурудың клиникалық белгілері әр уақытта айқын бола бермейді. Олардың ішінде көңіл аударатыны: арықтау, тұрақсыз қызба, кератит, коньюнктивит, дененің әр жерінде ісік пайда болуы. Сондықтан зертханалық зерттеулер шешуші роль атқарады. Шыныға жаққан қан жұғындысын Романовский әдісімен бояп, немесе қан тамшысын 135 микроскоппен қарап, трипаносомаларды іздейді. Паразиттің бір талы табылса болды малдың су-ауруы болғаны. Бірақ микроскопиялық әдіс үнемі нәтиже бермейді. Өйткені ауру малдың қанында паразит тұрақты кездеспейді. Сондықтан малдың қан сарысуын серологиялық реакциялармен тексереді. Жылқы мен түйе су – ауруы (трипаносомозы), қоздырушысы, эпизоотологиясы.Су-ауру жылқы мен түйенің трансмиссивті протозоидтық ауруы. Трипаносомозбен ауырған малдың дене қызуы көтеріліп, денесінің әр жерінен ісіктер пайда болады, сөл бездері ісінеді, қатты арықтайды. Су- аурудың жіті және созылмалы түрлері болады. Қоздырғышы. T. evansі –морфологиялық белгілері жағынан басқа трипанозомаларға ұқсас ( 6 – сурет). Бұл паразитті әр елде әртүрлі атайды, жалпы оның 15 шақты атауы бар (T. сameli, T. soudanense, T. ninaekohlijakimovae, T. equinum және т.б. ). Паразитті алғаш 1880 жылы Индияда жылқы, қашыр, түйе қанынан тапқан ағылшын ғалымы Эванс. Ауруды Индияда сурра деп, атайды. Түйе трипаносомозы көбнесе су маңында шығатын болғандықтан, қазақ халқы мұны су – ауру деп, атаған. Кейіннен бұл атау әдебиетте сақталынып қалды. Паразиттің дене тұрқы 2,8- 32 х 1,4-28 мкм. Мекені- қан плазмасы. Олар қан ішінде жылдам қозғалады. Трипаносомалар қарапайым жолмен 2-4, ал кейде көп бөлшекке бөлініп, көбейеді. Ауру малдан сау малға қоздырғышты қансорғыш жәндіктер- соналар тасымалдайды. Эпизоотологиялық деректер. Бұл ауруға жылқы, түйе, есек, қашыр бейім. Сондай-ақ ит, үй қояндары, теңіз шошқасы және ақ тышқандар сияқты зертханалық жануарлар да ауырады. Су-ауру Орта Азия республикалары мен Қазақстанда кездеседі. Әсіресе Шымкент, Қызылорда, Атырау облыстарында Орал және Сырдария өзендері алқаптарында жиірек тіркеледі. Ауру қоздырғышын соналармен қатар шақпа 134 шыбындар да тасымалдайды. Су-ауру шыбын-шіркей көп батпақты, шалшық сулы, ағынсыз, қара сулары мол жайылымдарда жиірек кездеседі. Жаз бойы су-ауру трансмиссивті жолмен таралып, күзге таман ауру малдың саны көбейе түседі. Мұндайда су-аурудың жасырын түрімен ауырған жылқы мен түйе инвазияның негізгі көзі болып табылады. Су аурудан арылмаған және мал дәрігерлік-санитариялық шаралар дұрыс жолға қойылмаған шаруашылықта су ауруға түйе көп шалдығады. Ауру малға дер кезінде ем және жақсы күтім жасау керек, себебі бұл инвазияға шалдыққан мал өздігінен сауықпайды Жылқы нутталиозы, қоздырушысы, эпизоотологиясыНутталлиоз - қарапайымды қан паразиттері нутталиялар қоздыратын, ауырған мал денесінің қызбасымен, қанының азаюымен, сарғаюмен, ағзаларға қан құйылуымен, орталық жүйке, жүрек, қан тамырлары және ас қорыту жүйелерінің зақымдануымен ерекшеленетін, жіті және жітілеу өтетін трансмиссивтік ауру. Нутталлиозбен жылқылар және басқа да тақ тұяқты (есек, қашыр) жануарлар ауырады. Қоздырғышы - Nuttalіa equі Theіlerіdae тұқымдасына жататын қан эритроциттерін зақымдайтын қарапайымдылар. Нутталиялардың пішіні сопақ, алмұрт тәрізді және нүкте тәрізді болып келеді. Паразиттің тұрқы 1-4 мкм. Тұрқы жағынын олар үш түрлі болады: ірілерінің тұрқы эритроцит радиусына тең, орташалары эритроцит радиусының жартысындай, ал ұсақ түрлері радиустың төртінші бөлігіндей. Жылқы қанында бұл паразиттер екі, үш және төртке бөлініп көбейеді. Сондықтан эритроцит ішінде нутталиялардың крест тәрізді түрлері пайда болады. Паразиттің бұл түрлерін “мальта кресі” деп атайды. Кене мал денесінен қан сорғанда, паразиттер оның сілекейімен жылқы организміне өтеді. Олар лимфа бездері арқылы қанға өтіп, эритроциттерге енеді. Эритроциттерге енген паразиттер өсіп-дамуын жалғастырып, жедел түрде бөлініп көбейе бастайды. Нәтижесінде нутталлиялар қандағы эритроциттердің 10-30 % -ын зақымдайды. Эпизот-сы. Орталық Азия республикалары мен Қазақстанда нутталиоз мамыр айынан бастап, жаз бойы тіркеледі. Нутталлиоз әдетте пироплазмозбен аралас кездеседі. Бұл ауруға жас мал, әсіресе басқа жақтан әкелінген асыл тұқымды жылқы шалдыққыш келеді. Ауру қан арқылы іштегі төлге де жұғуы мүмкін. Жергілікті байырғы жылқылар ауруға төзімді келеді. Себебі, олар жыл сайын кенелердің талауына ұшырып, ауруға төзімділік қасиетін табиғи түрде арттырып отырады. Нутталлиозбен ауырып жазылған малда ауруға қарсы стерилсіз иммунитет пайда болады. Ондай иммунитет 1-1,5 жылға дейін сақталады Жылқы нутталиозы, қоздырушысы, эпизоотологиясы.Нутталилиоз- қарапайымды қан паразиттері- нутталиялар қоздыратын, ауырған мал денесінің қызбасымен, қанының азаюымен, сарғаюымен, ағзаларға қан құйылуымен, орталық жүйке, жүрек, т,б зақымдалымен ерекшеленетін, жіті және жітілеу өтетін трансмиссивтік ауру. Нутталиозбен жылқылар және басқа да тақ тұяқты жануарлар ауырады. Қоздрғ- қан эритроциттерін зақымдайтын қарапайымдылар. Олардың пішіні сопақ, алмұрт және нүкте тәрізді болып келеді. Паразит тұрқы 1-4 мкм. Жылқы қанында бұл паразиттер 2,3 және 4 бөлініп көбейеді. Сондықтан эритроцит ішінде нутталиялардың крест тәрізді түрлері пайда болады. Паразиттің бұл түрлерін «мальта кресі» деп атайды. Нутталиялар жылқыға кене арқылы трансфазалы жолмен таралады. Ауруға шалдыққан мал қаны азаяды, сары ауруға шалдығады, кейбір ұлпалары қанталайды. Ауру мал арықтап, дене қызуы бір көтеріліп, бір төмендейді. Емі. Арудың белгілеріне қарай симптоматикалық ем қолданып, жылқының күтімі мен азығы жақсартылады. Арнайы химимялық препараттардан нутталлиоз ауруында да пироплазмозға қарсы қолданылатын дәрілер нәтиже береді(диадимин, азидин). Жылқы нутталиозын емдеу, ветеринариялық шаралары.Емі. Аурудың белгілеріне қарай симптоматикалық ем қолданып, жылқының күтімі мен азығы жақсартылады. Арнайы химиялық препараттардан нутталлиоз ауруында да пироплазмозға қарсы қолданылатын дәрілер нәтиже береді (диамидин, азидин). Сондай-ақ, нутталиоздың көпке созылып асқынған түрінде 0,005-0,01 г/кг мөлшерінде 5-10 % сульфантрол ерітіндісі бұлшық етке егіледі. Асқазан қызметін қалпына келтіру үшін жемге қосып биомицин 0,002- 0,005 г/кг мөлшерінде немесе биоветин береді. Бұл дәрілер іштегі қабыну процестерін тежеп, жылқының сауығып кетуіне әсерін тигізеді.Алдын алу шаралары. Нутталлиозға қарсы сақтық шараларын жүргізгенде, оның пироплазмозбен аралас немесе пироплазмоздан сәл кейін шығатынын ескерген жөн. Кейбір шаруашылықтарда әсіресе жас малдың, жаз айларында арық болуы, осындай аралас инвазияға байланысты болса керек. Сондықтан жаз айларында осы үйірдегі жылқының қанын мезгіл- мезгіл тексеріп тұру қажет. Егер нутталлиоз ауруы шыға қалған жағдайда оған қарсы алдын ала дауа шаралары жүргізіледі. Мемлекеттік шекараларда экспортқа және импортқа жіберілген малдар нутталиозға тексерілуі тиіс
|
|||
|