|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
St.aureus 3 страница+кіші жамбас мүшелерінің МРТ// Электромиография// Спирография *** 72.Ер адам 46 жаста, әлсіздікке, ұйқының бұзылуына, есте сақтаудың төмендеуі, соңғы кезде жазуы өзгеруіне, мұрыннан қан ағуына, көгерулерге шағымданады. Терісі құрғақ, гипо- және гиперпигментация ошақтары, тырнақтары ақ, кеудеде және бетінде телеангиоэктазиялар. Бауыр қабырға доғасы қырынан 1 см шығып тұр. Көкбауыр – 15х8 см. Құрсақ қуысында бос сұйықтық анықталады. АЛТ- 28 МЕ/мл, АСТ – 24 МЕ/мл, билирубин 143 мкмоль/л, ПТИ – 45%, жалпы белок – 57 г/л, альбумин – 32 г/л. бауыр эластографиясы– 43 кПа. ФЭГДС қандай нәтиже анықталуы БАРЫНША ықтимал?// өңештің төменгі 1/3 бөлігінде гиперемия// +өңештің төменгі 1/3 бөлігінде кеңейген көктамырлар, қуысқа шығып тұратын// айқын венозды суретпен айқын шырышты қабатының атрофиясы// кардияға бағытталған, асқазан шырышты қабатындағы гиперемиялық сызықтар// асқазанның үлкен иінде жаралық дефект *** 73.Әйел 46 жаста, іштің оң жағындағы мықын аймағында ауырсынуға, лоқсуға, құсуға, іштің қатуына шағымданып келді. Созылмалы колитпен гастроэнтерологта қаралып тұрады. ЖҚА: ЭтЖ-32мм/сағ., басқа көрсеткіштер қалыпты. Кеуде қуысы ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында- өкпенің түбірлерінде петрификат және оң жақ төмеңгі бөлігінде Гон ошағы көрінеді. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы ажырату диагностикасына ең ықтимал?// асқазан-ішек жолын рентгенологиялық зерттеу// +колоноскопия биопсиясымен// шолу рентгенограммасы// фиброгастроскопия// дуоденоскопия *** 74.Әйел 28 жаста, терінің гиперемиясына және оң көзінің ауруына, қанды-іріңді серозды бөліндінің шығуына шағымданып келді. Өз бетінше ем қабылдаған. Соңғы 2 аптада жалпы хал жағдайы нашарлаған, басы ауруы, көздің жасаурауы пайда болған. Қарап тексергенде - жас ағу жолдары бұзылмаған, жас жинау қапшығының аймағында инфильтрат терінің айқын гиперемиясымен және жыланкөз қанды іріңді серозды бөліндімен байқалады.Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал?// Конъюнктивит// Кератоконъюнктивит// перифериялық увеит// +туберкулезді дакриоцистит// вирусты кератоконъюнктивит *** 75.Ер адам 57 жаста, үш жыл бойы өкпе туберкулезімен ауырады. Қақырықты жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, әлсіздікке, физикалық жүктемеде ентігудің пайда болуына шағымданады. Аускультацияда оң өкпенің бұғана асты аймағында амфорикалық тыныс естіледі. Туберкулезде кездесетін осындай өкпедегі аускультативті феномен немен байланысты?// цирроздық өзгерістермен// +үлкен көлемдегі кавернамен// кіші көлемдегі кавернамен// өкпенің ателектазымен// экссудатпен *** 76.Ер адам 60 жаста, жағдайының нашарлауын байқаған, қан түкіру, ентігу, кеуденің оң бөлігінде ауырсыну пайда болған. Анамнезінде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ диагнозымен бұрын ем қабылдаған. Қарап тексергенде: оң бұғана астында үлкейген тығыз лимфа бездері пальпацияланады. Кеуде қуысы ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында: оң өкпенің жоғарғы бөлігі көлемді күнгіртенген. ЭТЖ 65 мм/сағ. 2 ТБ Манту сынамасына реакция теріс. Пациентте ең ықтимал қандай диагнозды болжамдайсыз?// оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ателектазы// эозинофильды инфильтрат// +өкпенің орталық қатерлі ісігі// Плевропневмония// Аспергиллема *** 77.Әйел 35 жаста, әлсіздікке, дене температурасы t 38,5°С дейін жоғарлауына, кеуденің сол бөлігінің ауру сезіміне, ентігуге бір апта бойы шағымданады. Анамнезінде: туберкулезбен ауыратын жұбайымен қатынас болған. Қарап тексергенде: кеуденің сол жағы тыныс алуда қалып қояды, жауырын бұрышынан төмен дауыс дірілі естілмейді, перкуторлы дыбыс қысқарған, тыныс алуы әлсіз. Кеуде қуысы ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында – сол өкпенің 4 қабырғасынан диафграмма күмбезіне дейін жоғарғы бояу қанықтағы біртекті күнгіртену көлеңкесі көрінеді, жүрек көлеңкесі оңға ығысқан. Болжамалы диагноз: «Туберкулез этиологиялы экссудатты плеврит». Плевральды сұйықтықты зерттегенде нені анықтау ең ықтимал?// нейтрофилдер - 80%, лимфоциттер – 20%// нейтрофилдер - 50%, лимфоциттер – 50%// +лимфоциттер – 100%, белок - 3,5%// нейтрофилдер 50%, белок – 0,33%// лимфоциттер – 50%, белок – 0,25 *** 78.Ер адам 50 жаста, дене температурасының t 37,4°С жоғарлауына, әлсіздікке, тәбетінің төмендегеніне, арықтауға, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге шағымданып келді. 5 жыл бұрын инфильтративты туберкулезбен ауырып жазылған. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында оң өкпенің жоғарғы бөлігі көлемі кішірейген, соның фонында біртекті емес қарқынды күнгіртену көлеңкесі көрінеді, кеуде аралық ағзалар оңға ығысқан, оң өкпе түбірі жоғары тартылған, төмеңгі бөлігінде себінді ошақтар көрінеді. Тізімдегі жорамал диагноздардың қайсысы ең ықтимал?// өкпенің инфильтративті туберкулезі// +фиброзды-кавернозды туберкулез// өкпенің жеделдеу диссеминирлі туберкулезі// өқпе ұшылық плеврит// посттуберкулезді цирроз *** 79.25 жасар әйел аяқтарының жансыздануы және әлсіздікке, жүрісінің шайқалуына, 3 күнге созылған жиіленген зәр шығуына шағымданады. Үш жыл көлемінде ауырады, ең бірінші күйзелістен кейін аяғында жансыздану пайда болып 3 аптаға созылып кейін өздігінен қайтқан. Бір жылдан кейін аяғында әлсіздік , жүрісінде шайқалу пайда болып гормональды терапиядан соң жазылған. Екі жылдан кейін аяқтарында қайта әлсіздік байқалып, императивтік шақырулар түрінде жамбас мүшелері бұзылыстары пайда болды. Қарағанда: горизонтальды нистагм, төменгі спастикалық парез, мишықтық атаксия, зәр шығаруда императивтік шақырулар. Бас миы МРТ: бас миының ақ затында көптеген демиелиназацияланған гиперинтенсивті ошақтар . Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?// бүйірлік амиотрофиялық склероз// жедел миелит// сирингомиелия// +шашыранды склероз// Гийена-Барре синдромы *** 80.16 жасар жасөспірім дене қызуының жоғарылауы, бас ауру, жүрек айнумен бірге бас айналу, эмоционалды өзгергіштікке, кейде галлюцинациялардың болуына шағымданады. Осы жағдай 3 күн бойы мазалайды. Объективті: аяқ-қолдарындағы гиперкинездер, қауысу қитарлық, диплопия, гипергидроз, бұлшықет тонусының төмендеуімен жүретін жеңіл пирамидті жеткіліксіздік. Анамнезінде жиі баспа ауруы. АСЛ-О-220 МЕ/мл. Алдын ала қойылатын диагноз БАРЫНША қандай?// Нейросифилис// Нейробруцеллез// Гентингтон хореясы// +нейроревматизм// шашыранды склероз *** 81.72 жасар ер адам саябақта отырғышта жатқан күйінде табылды. Есін жоғалтпаған. Жедел жәрдем дәрігері қарап тексергенде оң қолындағы қозғалыстың бұзылысы мен сөйлеудің қиындауы анықталды – бөлек айтылған сөздері бойынша кенеттен басының айналғандығы жайлы түсінуге болады. Құсу болмаған. Қабылдау бөліміне жеткізілді. Қарап тексергенде: есі сақталған, бірақ әлсіз, апатиялы. Сөйлеуге қатынаспайды. Тексергенге наразылық кейпімен қарайды. Пульсі аритмиялық, 104 рет минутына, жүрек тондары тұйық, АҚҚ 150/100 мм сын.бағ. Аузының оң жақ бұрышы төмендеген. Оң қолы қозғалмайды. Оң табаны сыртқа қараған. Сіңірлік рефлекстер оң жағында сол жағына қарағанда жоғары. Оң жақта Бабинский рефлексі оң. Келесі диагностикалық кезеңде қандай зерттеу әдісі жүргізілуі тиіс?// Электроэнцефалография// +магнитті-резонансты томография// жалпы қан анализі// қанның биохимиялық анализі// электрокардиография *** 82.19 жасар жігітте тұмаудан кейін оң жақ төменгі жағында 2-3 сек созылатын ұстама тәрізді ауру сезімі пайда болды. Ұстама сөйлегенде, шайнағанда, жуынған кезде пайда болады. Неврологиялық статусында: оң жақ V нервтің III тармағының шығатын жерінде, оң жақ ауыз бұрышының шақпақты аймағында ауру сезімі бар . Басқа неврологиялық симптоматика жоқ. Көз түбі патологиясыз. Бас миының МРТ патологиясыз. Қай клиникалық диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?// +оң жақ үш тармақты жүйкенің III тармағының невралгиясы// оң жақ бет нервінің жедел невропатиясы// оң жақ үш тармақты жүйкенің I тармағының невралгиясы// оң жақ үш тармақты жүйкенің II тармағының невралгиясы// оң жақ тіласты жүйкесінің жедел невропатиясы *** 83.65 жастағы әйел, АҚ 195/110 мм сб.б. жоғарылауы кезінде сөйлеу қабілетінің бұзылуы пайда болып - бірден сөйлемей қалды. Неврологиялық статуста: есі анық, қарашықтары D=S, оң мұрын еріндік қатпары тегістелген, моторлы афазия, Бабинский симптомымен бұлшықеттік тонус және сіңірлік рефлекс жоғарылауымен оң жақты гемипарез . Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?// жедел гипертониялық энцефалопатия// +ишемиялық инсульт// транзиторлы ишемиялық шабуыл// серозды менингит// геморрагиялық инсульт *** 84.54 жасар әйел оң аяғына берілетін беліндегі ауру сезіміне шағымданады. Айтуы бойынша ауру сезімі ауыр көтергеннен кейін пайда болып, қозғалыс кезінде және бір қалыпта ұзақ уақыт тұрғанда күшейеді. Оң жақ аяғы жамбас сан және тізе буындарында бүгіп, сол жағында жатқанда жеңілдік алып келеді. Объективті: арқасы аздап бүгілген қалыпта, ауру сезімі бар жағына еңкеюі шектелген, паравертебральды бұлшықеттердің айқын кернелуі. Ауру сезімі оң аяғының артқы бетінде табанның 5 саусағына дейін орналасқан. Табанның сыртқы бетінде сезімталдылығы төмендеген. Ласег симптома оң жақта оң, Ахилл рефлексі оң жағында жоқ. Омыртқа бағанының қай бөлігінде патология орналасқан?// Th 12- L1// L1-L2// +L5-S1// L3-L4// L2-L3 *** 85.74 жасар әйел адам. Ұмытшақ, мазасыз, күйгелек болып кетті. Жан-жағындағы адамдарды танымай, өз балаларының атын ұмытып қалды. Киімдерін буып-түйіп, халатын тығып, оның киімдерін бөгде адамдардың ұрлайын деп жатқанын айтты. Анамнестикалық мәлімет жинау мүмкін болмады, себебі есте сақтау қабілеті бұзылған. Төмендегі көрсетілген бұзылыстардың қайсысы неғұрлым сәйкес келеді?// биполярлы аффективті бұзылыс// церебралды атеросклероз// инволюционды параноид// +сенильді деменция// органикалық сандырақтық бұзылысы *** 86.30 жастағы ер адам дене қызуының – 41°С көтерілуімен жедел ауырды. Кешкі уақытта қобалжуы, қорқыныш сезімі күшейіп, бөлмеде «сары тумбочкалар ұшып жүргенін» көретінін айтады, әуен естиді. Ұйықтамайды, қобалжиды. Күндіз мінез құлқы реттеледі, бірақ кешкісін қайтадан мазасызданады. Төменде аталған синдромдардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?// Кандиналық-Клерамбо// Депрессивті// Психоорганикалық// Корсакова синдромы// Делириозды *** 87.Ер кісі 40 жаста, әлеуметтік жағдайы жақсы, бүйректік коликаға ұқсас көп уақытқа созылған ұстамалы ауру сезіміне шағымданады. Бел аймағындағы ауру сезімі 4-аптаға жуық созылған. Қарап тексеру кезінде, УДЗ және рентгенографияда бүйрек жағынан патология анықталған жоқ. Тағайындаған спазмолитиктерден эффект болған жоқ.Науқас өзінің болашағына алаңдаулы,ұйқысы нашар,таңертең өзін нашар сезінеді, кешке ештеңе мазаламайды.Дәрігерлер оның ауруына көңіл бөлмейді деп есептейді. Төменде аталған қандай диагноз БАРЫНША ықтимал?// фобиялық синдром/ Шизофрения/ +маскалық депрессия// Неврастения// анықталмаған мүше патологиясы *** 88.53 жастағы әйел. Жолдасы қайтыс болғаннан кейін, оның өліміне араша тұра алмағанына, оған көңіл бөлудің жеткіліксіз болғанына өзін кінәләп дәрігерге сол туралы жылап айтып беруде және суицидальды ой туралы айтты.Қандай синдром туралы ойлауға болады?// депрессивті синдром// кататониялық синдром// обсессивті синдром// паранойялқ синдром// дементтік синдром *** 89.Әйел 42 жаста. Алкоголь қабылдау фонында фиксациялық және ретроградты амнезия түрінде естің бұзылуы байқалады.Науқастың жады ойлармен толған, болмаған істерді «есіне алады». Сонымен қатар әңгіме барысында болған жағдай туралы да айтады, бірақ айтқан әңгімесі уақытқа және орнына сәйкес келмейді. Осы бұзылысқа полинейропатия қосылған. Төменде аталған синдромдардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?// Кандиналық-Клерамбо// Депрессивті// Психоорганикалық// +Корсакова// Делириозды *** 90.72 жастағы науқасты туысы ертіп келген. Олардың айтуы бойынша науқастың әсіресе жаңа ақпаратты қабылдауда есте сақтауы нашарлап барады. Есте сақтауының бұзылуы науқастың күнделікті өмір сүруіне айтарлықтай кедергі жасайды. Жақсы білетін немесе айқын танитын зат қана сақталады. Жаңа ақпарат кездейсоқ немесе аз уақытқа ғана есінде сақталады. Науқас негізгі мәлметтерді есіне түсіре алмайды, яғни қайда тұратынын,казір ғана не істегенін немесе туысының атының кім екенін. Объективті жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 150\100 мм.с.б. пульс 80 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Табандары домбыққан. Сіздің болжама диагнозыңыз?// +Альцгеймер ауруы.// Паркинсон ауруы// гипертониялық энцефалопатия.// жастық деменция.// мидың ісігі. *** 91.20 жастағы ер адам жұтынғандағы тамағындағы ауру сезімі, t 39ºС, бас ауруға, әлсіздік шағымдарымен ауруының 4 күні келіп түсті. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Аңқасында: шырышы гиперемияланған, бадамшалар гипертрофирленген, жабындымен жабылған. Жұтқыншақтың арты гиперемияланған. Склерасы субиктерильді .Мойын, жақ маңы лимфа бездері ұлғайған. Бауырдың төменгі ұшы қабырға доғасынан 1,0см төмен. ЖҚА:: лейкоциттер 12,5×109/л, т/я 1%, с/я 40%, лимфоциттер 42%, моноциттер 11%, атипті мононуклеарлар 8%. БАРЫНША ықтимал диагноз?// Иерсиниоз// Лептоспироз// вирусты гепатит// жедел тонзиллит// +жұқпалы мононуклеоз *** 92.40 жасар ер адам ауруының 3 күні орташа ауыр жағдайда пневмонияға күдіктеніп түсті. Жедел ауырды, t 38,5°- 39°C. Пневмония рентгенологиялық анықталмады. Ауруының 5-ші дене қызуы түсе бастады, бел аймағында ауру сезімі, бұғана аймағында бірен-сараң геморрагиялар пайда болды. Бір рет мұрыннан қан кету болды. 4-5 күні кіші дәреті сирек бола бастады, жалпы жағдайы нашарлады. БҚО Теректі ауданында ағаш дайындаушы болып жұмыс жасайды. Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін:// Тұмау// +бүйректік синдроммен геморрагиялық қызба// Лептоспироз// іш сүзегі// жедел пиелонефрит *** 93.22 жасар ер адам ауыр жағдайда t 40°С, бас ауруға, көп реттік құсуға, әлсіздікке, денесінің ауруына шағымданып түсті. Жедел ауырды, ауруының бірінші күнінде табаны, балтыры, санында айқын, бір - біріне бірігетін геморрагиялық бөртпелер пайда болды. АҚ 100/60 мм. сб.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоциттер 20×10⁹ /л, т/я 9%, жас 3%, миелоциттер 2%, ЭТЖ 40 мм/сағ. Кезекші дәрігермен тағайындалған емнен кейін жағдайы нашарлады. Дәрігерлік тағайындауда қандай қателік БАРЫНША жіберілуі мүмкін?// баралгин б/і// пенициллин б/і// трисоль тамшылатып т/і// глюкоза 5% тамшылатып т/і// аскорбин қышқылы 5 % т/і *** 95.48 жастағы әйел адам, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, бас ауыруына , аяқ бұлшық еттеріндегі ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: жаз бойы бірнеше рет жанұясымен табиғатқа шығып демалған, Қапшағай көлінде шомылған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы – 38,9ºС. Көз склералары субиктериялы. Денесі мен қолдарындағы теріде айқын емес петехиальді бөртпелері бар, барлық топ лимфа түйіндері пальпацияланады. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен. Зәрінің түсі – қанық-сары. Қандай диагноз БАРЫНША болуы ықтимал?// Иерсиниоз// Бруцеллез// +лептоспироз// вирусты гепатит// геморрагиялық васкулит *** 96.26 жастағы әйел, жүктілік 20-21 апта, ауырланған акушерлік анамнез (өз бетінше 2 рет жүктіліктің үзілуі). Жоспарлы УДЗ скринингте - қағанақ суының көптігі. ЖҚА: эритроциттер 4,5×1012/л, Hb 123г/л, лейкоциттер 5,6×10⁹/л, ЭТЖ 17 мм/сағ. Қынап жақпасында – лейкоциттер 15-16 к/а. Листериозға ИФТ – IgG. РПГА - листериозға қарсы антидене титрі 1:100. Қынаптың шырышты бактериологиялық анализінде- L.monocytogenes. Диагнозы бойынша қандай мәліметтер барынша диагностикалық құндылығы бар?// акушерлік анамнез мәліметтері// +қынаптан алынған L.monocytogenes культурасы// қынаптағы микроскопиялық зерттеудегі қабынулық өзгеріс// ИФТ спецификалық листериозды IgG анықталуы// РПГА - листериозға қарсы антидене титрі 1:100 анықталуы ***
|