Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





St.aureus 1 страница



 

1. 74 жастағы ер адам, жан сақтау бөліміне ұласқан төс артындағы ұстамамен,айқын ентігумен, ауа жетпеу сезімімен жеткізілді. Объективті: ортопное, ауаны ауызбен «қабу», сықырлы тыныс, қызғылт көпіршікті қақырық анықталды. Жүрек тондары тұйық, галоп ритмі, ЖСЖ 110 рет мин. АҚҚ 180/110 мм.с.б. Өкпенің барлық алаңында ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЭКГ: Қандай асқыну дамыды?//

+өкпе ісінуі//

демікпелік статус//

жүректік астма//

жедел респираторлы дисстрес-синдромы//

екі жақты пневмония

***

2. 63 жастағы ер адам, трансмуральды миокард инфарктысымен стоционарда ем қабылдап жатыр. Ауру басталғаннан кейін 2 аптадан соң мына симптомдар пайда болды: жүрек шекарасының солға кеңеюі, сол жақта 3-4 қабырға аралықта прекардиальды пульсация, жүрек ұшында систолалық шуыл. Қайталап түсірген ЭКГ- да динамика жоқ. АҚҚ 130/90, пульс 80 рет минутына. Қандай асқыну дамыды?//

+сол қарыншаның аневризмасы//

қайталамалы миокард инфарктысы//

Дресслер синдромы//

емізікше бұлшықеттің жыртылуы//

дилятационды синдром

***

3.54жастағы ер кісі шұғыл жағдайда жеткізілді, бір сағат бұрын сол қолға берілетін төс артындағы қарқынды ауру сезімі пайда болып, өрши түскен. Қарап тексергенде: жүрек тондары тұйықталған,ырғағы дұрыс.ЖСЖ – 98рет мин. АҚҚ – 90/60 мм.с.б. ЭКГ: (фото). Аталған шаралардың қайсысы БАРЫНША дұрыс?//

+біріншілік тері арқылы араласу//

Тромболизис//

ауру сезімін жою//

дезагрегантты терапия//

антикоагулянтты терапия

***

4.Ер кісі 67 жаста. Тыныштықта (үйінде теледидар алдында) 20-30 секундқа (әйелінің айтуы бойынша) есін жоғалтқан. Естен тану ешқандай құрысуларсыз және алдын ала белгілерінсіз болды. Анамнезінде - 2 рет миокард инфарктын өткерген, 180 м жүргенде ентігу пайда болады, қант диабеті 2 типті. Объективті: АҚҚ 128/70мм.с.б, ЖСЖ 72 рет мин, ортоклиностатикалық сынама теріс,тобықтары ісінген. Глюкоза деңгейі – 4,8 ммоль/л. Холтерлік мониторлеуде анықталды (фото): Қандай тактика?//

амиодарон//

уақытша кардиостимуляция//

+тұрақты кардиостимулятор//

кардиовертер-дефибриллятор//

aденозин

***

5.Ер кісі 34жаста, дене қызуы 39,0ºС дейін көтеріліп, қалтырап,тер басып ауыр жағдайда түсті. Қарап тексергенде терісі «сүт қосылған кофе» түстес, конъюнктиваның өтпелі қабатында петехиялар,тырнақ астында сызықты геморрагиялар.Алақанның,саусақтардың,табанның терісі мен тері саты қабатында бұршақ тәрізді ауыратын,қызыл түзілістер. ЖСЖ – 120 рет мин, АҚҚ 105/60 мм.с.б.Аускультацияда жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі. Қандай диагноз?//

+инфекциялық эндокардит//

ЖСРА, митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі//

жүйелі қызыл жегі, кардит//

түйінді периартериит, коронарит//

Стилл синдромы, кардит

***

6.Қыз бала 25 жастағы қыз бала айқын ентігуге, әлсіздікке, аз физикалық жүктемеде болатын ентігуге,тобықтың ісінуіне,жүрек қағуына шағымданады. 2 апта бұрын ЖРВИ ауырған. Объективті:бозарған, тобығында ісіну. Аускультацияда: өкпесінде – төменгі бөлігінде крепитация, жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында басқа жерге таралмайтын систолалық шуыл естіледі. ЖСЖ 110рет мин, АҚҚ 100/70 мм.с.б. ЭКГ (фото). Қан анализінде – ЭТЖ – 25 мм/сағ. Қандай диагноз?//

+жедел миокардит, ҚЖ2А//

ЖРЛ (ОРЛ), ревмокардит, ҚЖ 1//

дилятационды кардиомиопатия, ҚЖ2А//

жүйелі кардит//

созылмалы миокардит,асқынуы

***

7.Ер кісі 68 жаста. Соңғы 2 жылда жүрек жұмысының ретсіз болуы, жүрек соғысының жиілеуі пайда болды. Анеамнезінде 15 жылдан бері артериальды гипертензия 2 дәрежесі және ЖИА.Жүрек аускультациясында: ритмі дұрыс емес, периодтыыы түрде, жүректің жиырылу жиілігі 100 рет мин, пульс-86 рет мин., тұрақсыз. ЭКГ-ны қарағанда қандай өзгеріс күтуге болады?//

+P тісшесі жоқ, II, III. аvF тіркемелерінде f толқындары, R-R аралығы әртүрлі//

кезектен тыс келетін QRS комплексі және компенсаторлық пауза//

Р тісшесінен кейін QRS комплексінің кезеңді түсіп қалуы//

жіңішке QRS алдында Р тісшесі, R-R аралығы бірдей//

QRS алдында Р тісшесі, R-R аралығы бірдей, Т тісшесі теріс

***

8.37-38 апталық жүктілігі бар әйелді ентігудің өршуі, жүрек қағуы мазалайды. Қарап тексергенде балтырдың төменгі үштен бір бөлігінде ісіну. Өкпесінде төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ- 100/60 мм.с.б. Зерттеу кезінде қабынулық үрдістер анықталмады. ЭКГ төмен вольтажды. ЭхоКГ: сол қарыншаның СДӨ (КДР)– 5,8 см, лақтыру фракциясы - 50%. Қандай диагноз?//

+перипортальды кардиомиопатия//

оң қарыншаның аритмогенді дисплазиясы//

жүректің созылмалы ревматикалық ауруы//

гипертрофиялық кардиомиопатия//

ревматикалық емес миокардит

***

9.67 жастағы науқаста операциядан кейінгі ерте кезеңде аздаған физикалық жүктемеден соң ентігу, қан жолақтары бар жөтел, кеуде торында ауру сезімі пайда болды. ТАЖ- 28 в мин, ЖСЖ минутына 120 рет мин, АҚ – 80/50 мм с.с.б. Аталған патологияда қандай көрсеткішті анықтау скринингті болып табылады?//

+Д димер//

ЛДГ//

тропонин Т//

фибриноген//

натрийуретикалық пептид

***

10.Әйел 66 жаста, ЖИА, күштемелік стенокардия, ФК 2, АҚҚ 145-150/100-85 мм.с.б, ДСИ – 34. Гликемия – 4,5-5,2 ммоль/л, холестерин – 6,5 ммоль/л.Оған гиполипидемиялық емдәм және физикалық белсенділік ұсынылған. 3 айдан кейін холестерин 5,8 ммоль/л. Ары қарай науқасты жүргізу тактикаңыз?//

+еміне аторвастатин қосу//

еміне орлистат қосу//

еміне метформин қосы//

еміне урсодезоксихолий қышқылын қосу//

еміне омега-3 май қышқылын қосу

***

11.Ер адам 44 жаста, 5 жыл уақыт аралығында АҚҚ 150-160/90-95 мм.с.б дейін жоғарлайды. Қант диабеті 2 типі, диабетон қабылдайды. Объективті: сол жақ шекарасы сол жақ бұғана ортаңғы сызығымен. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, ритмді. ЖСЖ- 80 рет мин. АҚҚ- 160/94 мм.с.б.б. Сарысудағы холестерин - 6,0 ммоль /л, сарысудағы креатинин - 75 мкм/л, қандағы қант -5,4 ммоль/л. МАУ-100мг тәулігіне. Қандай гипотензивті препаратты тағайындаған БАРЫНША дұрыс?//

+валсартан//

каптоприл//

бисопролол//

гидрохлортиазид//

нифедипин

***

12.37 жастағы әйел бас ауруына, бұлшық еттерінің ауруына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, сирек құрысуына, шөлдеуге шағымданады. Анамнезінде: бір жыл көлемінде АҚҚ 220/120 мм.с.б жоғарлайын байқаған. Амлодипин қабылдаған,әсері болмаған. Объективті: АҚҚ- 200/120 мм.с.б. ЖСЖ - 70 рет мин. ЭКГ: ЭОС горизонтальды, R тісшесі V5-6 >RV-4, ST сегменті V5-V6 шықпаларында қиғаш төмендеп ығысқан, Т тісшесі V5-V6 шықпаларында теріс, басқа шықпаларында жазылған.Қанда: калий - 2,2 ммоль/л. Зимницкий сынамасы: зәрдің үлес салмағы 1006-1012, тәуліктік диурез 3 л. Қандай препаратты тағайындаған БАРЫНША тиімді?//

+верошпирон//

лизиноприл//

гидрохлортиазид//

небетолол//

лабетолол

***

13.Әйел 72 жаста. Физикалық жүктемеден кейінгі бір сағатқа жуық созылған төс артындағы ауру сезіміне, ентігуге шағымданады.АҚҚ 125/74 мм.с.б. Анамнезінде – 2 ай бұрын инсульт алған. ЭКГ – сол жақ Гис аяқшасының «жаңа» блокадасы. Осы жағдайды жою үшін қандай препаратты қолдануға болмайды?//

+пропранолол//

морфин//

бисопролол//

нитроглицерин//

альтеплаза

***

14.Қыз бала 23 жаста ентігуге, жүректің дұрыс соқпауына шағымданады. Жүрек аускультациясында: ритімі дұрыс емес, жүрек ұшында шапалақтаушы I тон, митральды қақпақша ашылу дыбысы, өкпе сабауында II тон акценті, жүрек ұшында қолтық астына таралатын диастолалық шуыл. ЭКГ: Р тісшесі жоқ, R-R дұрыс емес, f толқындары. Дамуы мүмкін асқынуларды алдын алу үшін қандай препарат тағайындау қажет?//

+варфарин//

бисопролол//

фраксипарин//

клопидогрель//

ацетилсалицил қышқылы

***

15.56 жастағы ер кісі, ауа райы өзгергенде және жұмыс күнінің соңында жиі бас ауыратынына шағымданды. 7 жыл бұрын артериальды гипертензия анықталған. 2 жыл бұрын ишемиялық инсульт алған, 20 жылдан бері күніне бір қораптан шылым шегеді. Қарап тексергенде жүрек тондары анық, аортада 2 тонның акценті. АҚҚ 165/100 мм.с.б.б. Жүректің сол жақ шекарасы 1 см сыртқа ығысқан. ЭхоКГ: сол қарынша миокардының индекс массасы 140 г/м2, ұйқы артериясының УДДГ: интима-медиа комплексі-1,1 мм, ұйқы артериясының бифуркациясы -1,5 мм. Емдеу тактикаңыз?//

+амлодипин және каптоприл//

бисопрололмен монотерапия//

лизиноприлмен монотерапия//

фозиноприл және карведилол//

лизиноприл және валсартан

***

16.50 жастағы әйел жүрек аймағындағы басып ауыруына, бас айналуына шағымданады. Үйінде үй шаруашылығымен айналысып жүргенде, кенет есінен танып қалған. АҚҚ-90/55 мм с.б.б. ЭКГ-да QSIII, II, AVF, ST элевациясы осы шықпаларда, ЖСЖ 32 рет мин, толық АВ-блокадасы тіркелді. Атропин нәтижесіз, допамин инфузиясы жалғасуда. Негізгі аурудың терапиясымен қатар қай әдісті қолдану БАРЫНША тиімді?//

+уақытша электрокардиостимуляция//

эпикардиальді картирлеу//

ЭКГ холтерлік мониторлау//

тұрақты электрокардиостимуляция//

жүрекшелердің өңеш арқылы электростимуляциясы

***

17.28 жастағы әйелді жұмыс күнінің соңында бас ауру мазалайды. Объективті: Дене қалпы қалыпты. Бойы-175 см., салмағы-75 кг. Жүрек шекаралары: сол жақ-5 қабырға аралықта бұғана ортаңғы сызығы бойымен. Жүрек тондары ырғақты. Аортaда 2 тонның акценті. АҚҚ-190/120 мм.с.б.б. Аортаның құрсақ бөлімінде систолалық шум естіледі. 50 мг каптоприл қабылдағаннан кейін АҚҚ 90/60 мм.с.б.б. дейін төмендеді. Сарысулық креатинин-220 мкмоль/л. ЭКГ: ST сегменті RV5 >RV4 шықпаларында изолиниядан қиғаш төмендеп ығысқан, Т тісшесі теріс. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зеріттеу жүргізу қажет?//

+бүйрек артерияларының артериографиясы//

эхокардиография//

құрсақ қуысы ағзаларының КТ//

бүйректі УДЗ//

құрсақ қуысы ағзаларының МРТ

***

18.Пневмонияға байланысты ем қабылдаған 72 жастағы науқаста динамикада жалпы жағдайы жақсармаған, әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, кеуде аймағындағы ауру сезімі үдеп келеді. Бақылау компьютерлік томографиясында жоғары тығыздықты біркелкі емес жиекті , сәулелік контурлы ошақ анықталды. Қандай қақырық цитологиясы БАРЫНША тән ?//

грам-теріс қышқылға тұрақты бациллалар//

асбестік денешіктер//

+атипті жасушалар//

Нейтрофилдер//

Кандидалар

***

19.54 жастағы К. науқас шамалы физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, құрғақ жөтелге, әлсіздікке шағымданады. Ентігу бір жылдың көлемінде мазалайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, диффузды цианоз. Перкуссия кезінде: өкпенің төменгі бөліктерінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультация кезінде өкпенің төменгі бөліктерінде әлсіреген везикулярлық дыбыс және «целлофан сықыры» тәрізді крепитация анықталды. Компьютерлік томограммада өкпенің базальді бөліктерінде екіжақты «күңгірт әйнек» типті ретикулярлы өзгерістер. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША оңтайлы?//

Муколитиктер//

Цитостатиктер//

Антибиотиктер//

Бронхолитиктер//

+глюкокортикоидтар

***

20.17 жастағы жасөспірім бала кезінен тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруларымен жиі ауырып, бронхит бойынша диспансерлік есепте тұратын. Соңғы екі жылда жағдайы нашарлады, іріңді қақырығы бар жөтелге шағымданып бірнеше рет ауруханаға жатқызылды, қақырықты себу барысында H.influenza, 2 ай бұрын - P.aeruginosa анықталды. Объективті: бойы 155 см, дене салмағы 46 кг. Өкпенің жоғарғы бөлігінде тыныс алғанда бірлі - жарымды ылғалды сырылдар естіледі. Тәбеті сақталған, диурез өзгеріссіз, үлкен дәреті бұзылуына бейімділігі бар. Тыныс алу жүйесі аурулары бойынша жанұялық анамнез анықталмады. Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША ықтимал?//

Муковисцидоз//

өкпе туберкулезі//

бронхиальды астма//

ауруханадан тыс пневмония//

өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

***

21.52 жасар ер адам сары түсті көп емес мөлшердегі тұтқыр қақырығы бар жөтелге, инспираторлы сипаттағы ентігу, t 39 °С, терең тыныс алғанда және жөтелгенде күшейетін кеуде торының оң жақ бөлімінің ауру сезіміне, жалпы әлсіздік, тәбетінің жоғалуына шағымданып келді. 6 күн ауырып келеді, үйде аспирин және бисептол қабылдаған. Өкпеде қатаң тыныс, айқын ұсақ-көпіршікті сырылдар, жауырын бұрышынан төмен оң жақтан тыныс естілмейді. Жүрек үндері тұйықталған, ТАЖ 24 рет мин., пульс 98 рет мин., АҚ 110/70 мм.сб.б. Науқаста БАРЫНША қандай асқыну дамыды?//

құрғақ плеврит//

плевра эмпиемасы//

бауырастылық абсцесс//

+экссудативті плеврит//

кенеттен дамыған пневмоторакс

***

22.26 жасар ер адамды бір жыл көлемінде жиі тұмаурату, 3-4 эпизодты ернінде ұшық шығу, жиі іс сапарға шығып, жалпы тамақтану орындарында тамақтануымен байланыстырып отырған кезеңді түрдегі диарея мазалайды. Бір ай ішінде t 38°С, құрғақ жөтел және үдейе түскен ентігу. Объективті: ерін цианозы. ТАЖ 34 рет мин, ЖСЖ 122 рет мин, рО2 70 мм сб.б. Өкпеде қатаң тыныс, бірлі-жарымды құрғақ сырылдар. Анамнезінен: үйленбеген, тұрақты жыныс серіктесінің жиі ауыстырады, темекі шегеді, ішімдік, есірткі қолданбайды. Төменде аталған қоздырғыштардың қайсысы БАРЫНША науқас жағдайының нашарлауына алып келген?//

Pneumocystis carini//

Klebsiella pneumonia//

Staphylococcus aureus/

Legionella pneumophilla//

Streptococcus pneumonia

***

23.Әйел адам 44 жаста. Терапия бөлімшесіне 38°С қызумен, экспираторлы ентігумен, шырышты- іріңді қақырықты жөтелмен түсті. Объективті: ортопное, тынысалу актысіне қосымша көмекші бұлшық еттер қатысады, барлық алаңдар үстінде ысқырықты сырылдар. Кеуде қуысы мүшелері Р-граммасында: оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде инфильтративті қараю. Осы жағдайда кортикостероидтар жағынан қандай тактика қолданған жөн?//

Тез арада кортикостероидтарды т/і құю//

Будесонид және флюнисолид пен ингаляция тағайындауға болады//

Дипроспан б\і енгізу, ары қарай будесонид ингаляциялық//

+Кортикостероидтарды пневмонияны емдемегенше енгізуге болмайды//

антибиотиктарды бастау, преднизолон т\і тәулігіне 2-3 рет қосу

***

24.45 жастағы әйел ентігудің өршуіне шағымданып шұғыл жағдайда түсті. Объективті: ортопное, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысады, тыныс шығарудың ұзаруымен қашықтықты құрғақ сырылдар естіледі. Парциальды қысым О2 – 66 мм.с.б.б. Кислородотерапия бастаған. Осы жағдайда шұғыл терапияның келесі қадамы қандай?//

+метилпреднизолон//

Сальбутамол//

сальметерол т/і//

эуфиллин т/і//

флюнисолидты ингаляционды

***

25.Әйел 40 жаста. Ибупрофенмен инъекциядан соң 10 мин кейін жедел әлсіздік,бас айналу,тері жабындысының бозаруы пайда болды. Демалудың қиындауы және арқа мен кеуденің тері жабындысында уртикарлы бөрітпелер пайда болды. АҚҚ – 70/55 мм.с.б.б. Жедел көмекті қандай препараттан бастау қажет?//

Допамин//

Эпинефрин//

+преднизолон//

Супрастин//

эуфиллин

***

26.Әйел 34 жаста.Соңғы айда тұншығу ұстамасына,аз қақырықты немесе құрғақ жөтел ұстамасына,мұрнының бітуіне,тамағының жыбырлауына шағымданады. Ұстама аптасына 5-6 рет жиілікте,өткір иіске және шаңмен жанасқанда, суық ауамен демалғанда пайда болады және аптасына 2-3рет таңғы сағат 4-5-те тұншығудан оянып кетеді.Пикфлоуметрия – 320 мин (қалыптыда 430 л/мин). Емдеу тактикасын таңдаңыз?//

Монтелукаст//

ипратропиум бромид//

недокромил натрия//

+флюнисолид//

бекламетазона дипропионат

***

27.54жастағы ер кісі шұғыл жағдайда жеткізілді, бір сағат бұрын сол қолға берілетін төс артындағы қарқынды ауру сезімі пайда болып, өрши түскен. Қарап тексергенде: жүрек тндары тұйықталған,ырғағы дұрыс.ЖСЖ – 98рет мин. АҚҚ – 90/60 мм.с.б. ЭКГ: (фото). Аталған шаралардың қайсысы БАРЫНША бағытталған?//

тромболизис//

ауру сезімін жою//

дезагрегантты терапия//

антикоагулянтты терапия//

+біріншілік тері арқылы аралас

***

28.Әйел адам 23 жаста, жүктілік 26 апта, Терапевтке оң тізе буының ауру сезіміне, ісінуіне, таңертеңгі 1 сағаттық білезікшынтақ буындарының құрысуына шағымданып келді. Өзін 4 айдан бері ауырады деп санайды, аурудың дебюты жүктіліктің 2 айында саусақ буындарының ісінуімен және ауруымен,таңертеңгілік құрұсулармен басталған. Анамнезден: бірінші жүктілік. Объективті: оң жақ тізенің шар тәрізді дефигурациясы, шынтақ білезік буындарының ісінуі, қолды қысу актісі толық емес, қысу күші әлсіз.Оң жақ тізеге буынішілік дипроспан қойылды. ЖҚА – Hb - 112 г/л, лейкоцит – 4х109 /л, ЭТЖ – 62 мм/сағ, СРБ – 45 мг/л, РФ – 98 Ед/л. Емдеу тактикасы қандай?//

диклофенак натрия//

+преднизолон//

Метотрексат//

Лефлунамид//

Сульфасалазин

***

29.Ер адам, 65 жаста, II типті қант диабетімен ауырады, ДСИ 36,0, алкагольды ішімдектерді қабылдамайды. Тексеруі кезінде жағдай орташа ауыртпалықта, бауыр+0,5-1,0 см, көкбауыр+1,0-1,5 см. Биохимиялық қан анализінде: АЛТ 45 Е/л, АСТ 60 Е/л, СФ 240 Е/л, жалпы билирубин 24,0 мкмоль/л, альбумин 30 г/л, ПТИ – 65%. На ЭФГДС – өңештің I дәрежелі варикозды кеңеюі. Бауыр эластографиясы– 10,5 кПа (F3), ИХА: HBsAg, aHCV теріс. Қандай диагноз БАРЫНША мүмкін?//

белгісіз этиологиялы бауыр циррозы//

вирусты В гепатит нәтижесіндегі бауыр циррозы//

алкогольді емес стеатогепатит нәтижесіндегі бауыр циррозы//

алкогольді емес стеатогепатит//

белгісіз этиологиялы созылмалы гепатит

***

30.Әйел адам 28 жаста, бірінші жүктілік 28-29 апта. Бірінші триместрдегі скриннингте – HbsAg оң. Тексеру кезінде мойында және кеудеде тамырлық жұлдызшалар анықталды. Қанда: Нв – 107 г/л, тромбоциттер- 112 х109/л; Биохимия: АЛТ – 120 МЕ/мл, АСТ – 78 МЕ/мл, билирубин 20 мкмоль/л, жалпы белок 70 г/л, СФ-230 г/л; ПТИ- 75%, МНО-1,2. ПЦР HBV DNA оң, вирусты жүктеме- 1 500 000 МЕ/л. Жүкті әйелді жүргізуде қандай тактика БАРЫНША дұрыс?//

Гепадиф//

интерферон свечасы//

пег-интерферон//

адеметионин//

+тенофовир

***

31.Әйел 56 жаста. Эпигастрии аймағындағы дискомфортқа , тамақтанғаннан кейін толу сезіміне,ауамен кекіру,кейде сасық иіспен болады. Анамнезінде - аутоиммунды тиреоидит. ФЭГДС: (фото). Қандай диагноз?//

+созылмалы атрофиялық гастрит//

HP-ассоциирленген гастрит//

созылмалы гастрит//

СЕҚҚ (НПВС)-гастропатия//

функциональды диспепсия

***

32.Ер адам Н., 54 жаста, бөлімшеге тамақ ішкеннен кейін және арқасына жатқан кезде күшейетін, периодты түрде іштің жоғарғы бөлігінде “белбеу” тәрізді ауру сезімімен, көп ретті құсумен, 3-5 рет/күніне құралмаған майлы жылтырмен көп, ботқа тәрізді нәжіске шағымданады. Түскенге дейін 2 күн бұрын диета бұзылу фонына (майлы тағам, қуырылған тағам қабылдау) байланысты науқаста жоғарыда көрсетілген симптомдар пайда болды. Тексеру кезінде: Бойы – 169 см, салмағы – 50 кг, ДСИ (ИМТ) – 17 кг/м2. Тілі ылғалды, ақ дақпен жамылған. Іші жұмсақ, Шоффара аймағында ауру сезімі. Бауыры үлкеймеген. Осы патологияның ремиссия кезеңінде негізгі ем ретінде қай препарат топтары қолданылады?//

протонды помпа ингибиторлары//

пробиотиктер//

спазмолитиктер//

Холеретиктер//

+панкреатикалық ферменттер

***

33.Ер адам, 32 жаста, жүрек айнуға, оң жақ қабырға астындағы дискомфортқа, әлсіздікке шағымданып келді. ДСИ – 32. Тексеру кезінде ЖҚА: Нв – 120 г/л, эритроциттер- 3,6 х1012, /л, тромбоциттер 160×109/л, лейкоциттер 5,2×109/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Биохимиялық қан анализы: Жалпы белок-65 г/л, АЛТ 250 Е\л, АСТ 228 Ед/л, билирубин 58,5 мкмоль/л, ГГТП-42 Е\л, СФ- 150 Е/л. Жұбайында HBsAg анықталды.Төменде берілген диагноздар кайсысы БАРЫНША дұрыс?//

вирусты гепатит В//

майлы гепатоз//

созылмалы холецистит//

алкогольды гепатит//

бауыр циррозы

***

34.Ер адам 65 жаста. 5 жыл бұрын асқазан рагына байланысты Бильрот II бойынша гастрэктомия жасалған. Әлсіздікке, мазасыздыққа, бас айналуған, жүрек соғуына шағымданып келді. Объективті: аз тағамдану, әлсіз сарғыштану, анулярлы стоматит. ЖҚА – анемия. Анемияның БАРЫНША сәйкес этиологиясы қандай?//

паранеопластикалық синдром аясындағы апластикалық//

теміртапшылықты//

В-12 дефицитті//

фолий дефицитті//

+аралас (Fe және цианкоболамин дефициті)

***

35.Ер адам 30 жаста, суықтанудан кейін ауыр дәрежелі ангина, әлсіздік өршіп, қызба 39,4ºС, жүрек соғу, мұрыннан қан ағу пайда болды. Объективті: терісі боз, кеудеде, іште, сандарында дақты-петехиальды бөртпелер, жақасты лимфа түйіндері пальпацияланады. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Көкбауырдың төменгі полюсі пальпацияланады. ЖҚА: эр-2,2x1012/л., Нв-75 г/л, ТК-0,9, лейк-16,2x109/л, бласт-40%,таяқ-5%, сегм-34%, эоз-1%, лимф-20%, тромб-58x 109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ. Қандай тексеру әдісі БАРЫНША нақты диагноз коюға көмектеседі?//

лимфа түйіндері пунктатын зерттеу//

сүйек кемігін цитохимиялық зерттеу//

+сүйек кемігінің жасушаларын иммундыфенотиптеу//

сүйек кемігінің жасушаларын иммунды гистохимиялық зерттеу//

лимфа түйіндері пунктатын иммунды гистохимиялық зерттеу

***

36.Әйел 35 жаста, нейроинфекциядан кейін аменоррея дамыды, екіншілік бедеулік. Объективті: бойы 162 см, салмағы 85 кг. АҚҚ 120/80 мм.с.б. Тері- асты шел майы біркелкі таралған. Терісі ылғалды, акне түріндегі бөртпелер, іштің алдыңғы бетінде бірен- сараң ал қызыл стриялар . Беті ісінген. Сүт бездерін басқаннан кейін аздаған бөліністер. Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША ықтимал?//



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.