Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Математика. Негізгі мектеп. 7-сынып



Математика. Негізгі мектеп. 7-сынып

7.1В бөлім: Бүтін көрсеткішті дәреже

Ұсынылатын сағат саны: 18

Осыған дейін меңгерілген білім

Сандардың квадраты мен кубының мәндерін таба алу. Шаршы ауданы мен текшенің көлемін табу формулаларын, аудан мен көлемнің өлшем бірліктерін белгілей білу. Санның разрядтарын білу, сандарға арифметикалық амалдар қолдана білу. Сан тізбегін құру және олардың жетіспейтін мүшелерін таба білу.

Мәнмәтін

Қарастырылатын бөлім әрі қарай «Көпмүшелер» және «Қысқаша көбейту формулалары» бөлімдерін оқып-үйренуге негіз болады. Дәрежелермен жұмыс істей білу химия, физика саласында, сонымен бірге техникалық есептеулер жүргізгенде қажет. Стандарт түрде жазылған сандар ғылымда үлкен және кіші шамалардың өлшемдерін жазу үшін жиі қолданылады.

 Бөлім бойынша оқыту мақсаты  Оқытудың тілдік мақсаты  Бөлім бойынша лексика және терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Оқушылар: - бүтін көрсеткішті дәреженің мәнін есептейді; - дәреженің қасиеттерін пайдаланып, дәрежелермен амалдар орындайды; - санның стандарт түрі ұғымын, оның мәнді бөлігі мен ретін біледі; - құрамында дәрежелері бар сан тізбегінің жетіспейтін мүшелерін табады және заңдылығын анықтайды. Оқушылар: - дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді; - санның стандарт түрінің мағынасын түсінеді; - тізбектің көрсетілмеген мүшесін ауызша болжап, өз таңдауларын негіздейді; - пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.   - дәреженің негізі; - дәреже көрсеткіші; - натурал көрсеткішті дәреже; - бүтін көрсеткішті дәреже; - дәрежеге шығару; - көбейтіндінің дәрежесі; - бөліндінің дәрежесі; - дәрежелердің көбейтіндісі; - дәрежелердің бөліндісі; - дәрежені дәрежеге шығару; - санның стандарт түрі; - стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті; - заңдылық, тізбек, тізбектің элементі. - бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі; - ... дәреже түрінде жазыңыз; - негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады); - негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі; - теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...; - теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...; - негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз; - санды стандарт түрде жазыңыз; - егер санның мәнді бөлігіндегі ондық разрядтың үтірін n бірлікке ... орын ауыстырса, онда 10-ның дәреже көрсеткішіне (көрсеткішінен) ... ; - келесі/жетіспейтін мүшесі ... болып табылады; - заңдылықты анықтайық.


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.