![]()
|
|||||
Орта мерзімді жоспар. Математика. Негізгі мектеп. 7-сынып. А бөлім: Мәтінді есептерді математикалық модельдеу. сынылатын сағат саны: 8. Осыған дейін меңгерілген білім. Мәнмәтін. ысқаша шолуОрта мерзімді жоспар
Математика. Негізгі мектеп. 7-сынып | |||||
7.1А бөлім: Мәтінді есептерді математикалық модельдеу | |||||
Ұсынылатын сағат саны: 8 | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім Сызықтық теңдеулерді, сызықтық теңсіздіктерді, сызықтық теңдеулер жүйесін шеше білу. | |||||
Мәнмәтін Математикалық модель құруды білу және онымен химияда, физикада, биологияда, сондай-ақ күнделікті өмірде жұмыс істей білу. | |||||
Бөлім бойынша оқыту мақсаты | Оқытудың тілдік мақсаты | Бөлім бойынша лексика мен терминология | Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер | ||
Оқушылар: - сызықтық теңдеулерді зерттейді; - мәтіндік есептердің математикалық моделін құрастырады; - мәтіндік есептерді шешеді. | Оқушылар: - коэффициенттеріне қатысты сызықтық теңдеудің түбірлерінің санын түсіндіре алады; - математикалық модельдің жасалуын сипаттайды; - сызықтық теңдеулерді, сызықтық теңсіздіктерді, сызықтық теңдеулер жүйесін шешу барысында тепе-тең түрлендірулердің орындалуын түсіндіре алады; | - математикалық модель; - шынайы жағдаят; - ең кіші мән. | - теңсіздікті қанағаттандыратын ең үлкен бүтін сан; - айнымалыны енгіземіз; - теңсіздікті құрастырып және оны шешеміз. | ||
Қысқаша шолу Оқушылар сызықтық теңдеулердің, сызықтық теңсіздіктердің, сызықтық теңдеулер жүйесінің көмегімен модельденген жағдаяттарды қарастырады. |
Тақырыбы | Оқыту мақсаты | Ұсынылатын оқыту іс-әрекеттері | Мұғалімге арналған ескертпелер | Оқыту ресурстары |
Мәтінді есептер
| 7.2.2.1 сызықтық теңдеуді зерттейді (түбірлердің санын анықтайды); | Оқушыларға мына түрдегі 10 сызықтық теңдеулерді шешуге ұсыныңыз:
0х = 4, -5х = 0, 0х = 0, ….
Жауаптарын кілт бойынша тексеруді ұсыныңыз.
Оқушыларға нәтижені схема түрінде көрсетуді ұсыныңыз.
![]() | Ө Т | http://doc4web.ru/matematika/konspekt-uroka-po-matematike-lineynoe-uravnenie-s-odnoy-peremenn.html http://www.myshared.ru/slide/1214463/ |
7.2.2.5 қосымша шарттары бар сызықтық теңсіздіктерді шешеді (берілген аралықта өрнектің ең үлкен немесе ең кіші мәнін таба алады); | Оқушыларға топтасып сызықтық теңсіздіктерді шешуді және қосымша шарттар берілгенде жауабын табуды ұсыныңыз. Мысалы:
1) ![]() ![]() | Т | ||
7.5.2.1 мәтінді есептердің математикалық моделін құрайды; | Бірнеше математикалық модельдерді оқушыларға көрсете отырып, оның нені білдіретінін сұраңыз.
Мысалы:
1)S=vt, мұндағы S - қашықтық, v – жылдамдық, t - уақыт. Математикалық түрде өрнектелген бірқалыпты қозғалыстың моделі болып табылады.
2)
![]() | Ұ Т | [10], 69-76 бет [11], 42-48 бет [3], 96-100 бет [3], 226-227 бет [8], 26-37 бет [9], 71 бет [11], 48-50 бет [1], 51-56 бет [3], 240-254 бет https://www.youtube.com/watch?v=G3J-Fcvvabo | |
7.5.2.2 сызықтық теңдеулер, сызықтық теңсіздіктер және сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы мәтінді есептерді шешеді; | Теңдеу құру және теңдеулер жүйесін құру көмегімен есептер шешуді оқушыларға топтық жұмыс ретінде ұсыныңыз. Мысал: 1) Санды 2-ге көбейтіп және оған 10-ды қосқанда 22-ге тең болады. Ол қандай сан? 2) Үш тізбектелген жұп сандардың қосындысы 486-ға тең болады. Ол қандай сан? Теңсіздік құру көмегімен есептер шешуді оқушыларға топтық жұмыста орындауын ұсыныңыз. Мысалы: 1) Мен 12 банан сатып аламын. Мен ең көп дегенде 1000 т төлей аламын. Бір банан ең көп дегенде қанша тұруы мүмкін? 2) 7-ге көбейткенде кем дегенде 200 саны шығатындай ең кіші сан қандай? Оқушыларға үй жұмысы ретінде теңсіздіктің көмегімен шешілетін есеп құрастыруды тапсырыңыз. Келесі сабақта есептермен алмасып, оларды шешу керек. | Т Т Ө | http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/maths/algebra/inequalitiesrev2.shtml http://nrich.maths.org/public/leg.php?code=45&cl=3&cldcmpid=626 |
Шартты белгілер:
Ұ = ұжымдық жұмыс;
Т = топтық жұмыс
Ж= жұптық жұмыс
Ө = өздік жұмыс
М = мұғалімнің көрсетуімен
|
||||||||||
|