|
||||||
Математика» пәні бойынша оқу жоспарыСтр 1 из 8Следующая ⇒
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламасы – NIS-Programme «Математика» пәні бойынша оқу жоспары 7 сынып
Астана 2018
Мазмұны
Ұзақ мерзімді жоспар. 3 Тілдік мақсаттар туралы.. 12 Орта мерзімді жоспар. 14 7.1А бөлім: Мәтінді есептерді математикалық модельдеу. 14 7.1В бөлім: Бүтін көрсеткішті дәреже. 18 7.1С бөлім: Модуль таңбасы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер. 35 7.2А бөлім: Алғашқы геометриялық мәліметтер. 40 7.2В бөлім: Көпмүшелер. 49 7.2С бөлім: Статистика элементтері 56 7.3А бөлім: Үшбұрыштар. 63 7.3В бөлім: Қысқаша көбейту формулалары.. 71 7.3С бөлім. Түзулердің параллельдігі 79 7.4А бөлім: Функция. Функция графигі 95 7.4В бөлім: Шеңбер. Геометриялық салулар. 107 7.4С бөлім: Алгебралық бөлшектер. 114 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 121 Қысқа мерзімді жоспар. 123
Ұзақ мерзімді жоспар
Пән: Математика Сынып: 7
1 тоқсан | ||||||
7.1А Мәтінді есептерді математикалық модельдеу (8 сағ) | Мәтінді есептер | 7.2.2.1 сызықтық теңдеуді зерттейді (түбірлердің санын анықтайды); 7.2.2.5 қосымша шарттары бар сызықтық теңсіздіктерді шешеді (берілген аралықта өрнектің ең үлкен немесе ең кіші мәнін таба алады); 7.5.2.1 мәтінді есептердің математикалық моделін құрайды; 7.5.2.2 сызықтық теңдеулер, сызықтық теңсіздіктер және сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы мәтінді есептерді шешеді; | ||||
7.1В Бүтін көрсеткішті дәреже (18 сағ) | Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері | 7.2.1.1 натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасын біледі; 7.1.2.2 0, 1, 5 немесе 6-ға аяқталатын санның дәрежесі қандай цифрмен аяқталатынын анықтай алады; 7.1.2.3 оң сандарды натурал көрсеткiшті дәрежеге, терiс сандарды жұп және тақ көрсеткiшті дәрежеге шығару нәтижелерін болжай алады және болжамдарды ережелер түрінде қалыптастыра алады; 7.3.3.1 сызықтық өлшемдерін өзгерткенде шаршының ауданы және кубтың көлемі қалай өзгеретінін бағалайды; 7.2.1.3 натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін біледі және қолданады; | ||||
Бүтін көрсеткішті дәреже | 7.2.1.2 бүтін көрсеткішті дәреженің анықтамасын және қасиеттерін біледі; 7.2.1.4 дәреже көрсеткіші нөлге тең өрнектің негізіндегі айнымалылардың мүмкін мәндерін табады; 7.1.2.1 бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін санды өрнектердің мәндерін табуда қолданады; | |||||
Тізбектер. Құрамында бүтін көрсеткішті дәрежелер бар тізбектер | 7.2.3.1 санды тізбектер туралы түсінігі бар; 7.2.3.3 құрамында бүтін көрсеткішті дәрежелер бар тізбектердің заңдылықтарын анықтайды және жетіспейтін мүшелерін табады; 7.2.3.2 заңдылықтарды жасайды және санды тізбектерді құрайды; | |||||
Санның стандарт түрі | 7.1.1.1 өте үлкен немесе өте кіші шамаларды жазу үшiн сандарды стандарт түрде жазудың қажеттiлігiн түсiнеді (мемлекет халқының санын немесе молекула өлшемін жазу үшін); 7.1.1.2. санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін біледі; 7.1.2.6 стандарт түрде жазылған сандарды салыстыра алады; 7.1.2.4 сандарды стандарт түрде жаза алады және оларға арифметикалық амалдар қолдана алады; 7.1.2.7 шамаларды бір өлшем бірліктен басқа өлшем бірлікке аудара алады және нәтижені стандарт түрде жаза алады; 7.1.1.3 жуық сан, өрнектердің жуық мәні ұғымдарын біледі; 7.1.2.5 қоршаған ортадан алынған өте үлкен немесе өте кіші шамалармен байланысты есептерді шығара алады; | |||||
7.1С Модуль таңбасы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер (9 сағ) | Модуль таңбасы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер | 7.2.2.2 модуль таңбасы бар өрнектің ең үлкен және/немесе ең кіші мәнін анықтайды ( түріндегі өрнектер); 7.2.2.3 түріндегі теңдеулерді шешеді; 7.2.2.4 түрінде берілген теңсіздіктерді координаталық түзуде нүктелер жиынымен кескіндейді; 7.2.2.6 теңсіздіктер жиынтығының және теңсіздіктер жүйесінің шешімдерін қалай табу керектігін түсінеді; 7.2.2.8 түріндегі теңсіздіктерді шешеді; | ||||
|
||||||
|