Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЭҰ технологияның тиімділігі



1.1 ЭҰ технологияның тиімділігі

ЭҰӨ –ді тәжірибелік қолдану нәтижесі анықталған көрсеткіштермен көрінеді [3].:

1 Беріктендірілген тетіктің және аспаптың қызмет ету мерзімін 250–400 %-ға және одан да жоғарыға жоғарылтады.

2 Машина агрегаттарын жөндеу уақытын қысқарту және өзіндік құнын төмендету төзған бөлшектерді қалпына келтіру жолымен жүзеге асады және оның ресурсын жаңа өнім деңгейінде қамтамасыз етіледі.

3 Жаңа техниканы (қондырғы мен технологияны) алу және оны игеруге кеткен күрделі шығынның үш-тоғыз ай ішінде өзін өтейді.

4 Қалпына келтірілген бөлшекті қайта қолдану арқылы табиғи ресурстарды үнемдеу.

 

 

1.2 Өңдеу үрдісін механизациялау және автоматтандыру

Бұл бағытта роботтандыру үрдісін қолдану сериялы және iрi сериялы өндiрiс жағдайында тиімді. Таңдалған режимде жабын енгізудің сапасы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін ұзақ тұратын және күрделі  техниканың тетіктерін өңдеу қолданылады.

 

 

5-сурет. Қол қондырғылары

 

 

6 – сурет. Механизацияланған және автоматтандырылған қондырғы

ЭҰӨ үшін қондырғыларды механизациялау әртүрлі салаларда, машина жасау мен жөндеу өндірісінде («Элитрон-120», -122», -240», -345», -347», -349», -440», -502», -503» қондырғылары өстік пішінді кескіш аспаптарды, бөлгіш қалыптарды, электрлiк түйiспелік күмiс жалату, сегментті шаң, айналу денесі типті тетіттерді, илемдеу орнақтарының біліктерді және т.б. өңдеуде) қолданылады. Қазіргі таңда ұшқынды импульсті қозғаушылар мен электрод- аспаптарды жетілдіру бағыты өндірісі дамыған елдерде қарқынды дамуда, мысалы, «ASAP» фирмасы – АҚШ (5-6-сурет).

 




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.