Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Акушерлік стационар жұмысының негізгі сапалық көрсеткіштері.



11. Акушерлік стационар жұмысының негізгі сапалық көрсеткіштері.

1) жүкті, босанған және босанатын әйелдерге және жана туған нәрестелерге стационарлық консультациялық-диагностикалық, емдеу-профилактикалық және оңалту көмегін көрсету;

2) жекелеген тәсілді ескере отырып жүктілікке, босану және босанғаннан кейіңгі кезеңде жоспар құру;

3) диагностикамен емдеудің клиника хаттамаларына сондай-ақ емдеп-қадағалау жоспарына сәйкес жүктілікті, босану және босанғаннан кейінгі кезенді емдеп-қадағалау;

4) жүкті, босанған және босанатын әйелдерге консультация жүргізу медициналық көмек көрсету деңгейін сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыру;

5) аналарға және жаңа туған нәрестелерге оңалту іс-шараларын өткізу, оның ішінде шала туған нәрестелерге күтім жасау;

6) жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, медициналық көмек көрсету бойынша консультация беру;

7) медициналық-санитариялық алғашқы көмек медициналық ұйымдарымен, өңірдің акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін стационарлық деңгейдегі басқада медициналық ұйымдарымен; республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен сабақтастық және ақпарат алмасу;

8) акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің статистикалық деректерін жинау және талдау жүргізу;

9) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын, жүктілігі және босануы бойынша, гинекологиялық науқастарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтама беру;

12. Қазақстан Республикасындағы перинаталды көмекті аймақтандыру.

Перинаталдық көмекті өңірлендірудің 1, 2, 3-деңгейіндегі медициналық ұйымдарда жүкті, босанатын және босанған әйелдерде қиын жағдайлар анықталған кезде көрсетілімдер бойынша санитариялық авиация нысанында медициналық көмекке мұқтаж пациенттің медициналық картасынан көшірме жіберіледі.

Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министерлігінің 07.05.2010ж №325 бұйрығында:

« Қазақстан Республикасында перинатальды көмекті аймақтандыруды жетілдірудің нұсқаулары»жайында айтылған

Аймақтандыру - босануға көмекші медициналық мекемелерді үш деңгей бойынша перинатальды стационарлық көмекті әйелдер мен жаңа туғандарға жүктіліктің және босанудың қауіптілік деңгейіне сай көмек көрсетуі үшін аумақ бойынша тарату.

1 дәреже :

1 дәрежедегі көмек шұғыл жағдайдағы физиологиялық босану мен асқынбаған жүктілігі бар әйелдерге көрсетіледі.

1 дәрежедегі көмек көрсетілетін аймаққа келген жүктілер мен босанушылардың қауіп дәрежесі сәйкес келмеген жағдайда,аймақтандыру принціптері бойынша сәйкес босануға көмектесуші ұйымдарға ауыстырылуы қажет. Егер ауыстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, ұрық және нәрестеге диагностикалау, болжау, алдын алу шараларын жүргізу.Баланың туылу әдісі жайлы өз уақытында шешім қабылдау.Бала туылу кезінде немесе шұғыл жағдай туғанда алғашқы комплексті реанимациялық көмекті беруге дайын болу.

1 дәрежелі көмекті көрсететін ұйымда әйелдер мен нәрестелерге реанимациялық көмекті көрсетуге арналған құрал жабдықтар,интенсивті терапия палаталарымен қамтамасыз етілуі керек.

2 дәреже

2 дәрежедегі ұйым Нұсқау ережелерінде көрсетілген белгілі бір қауіпі бар босанушылар мен жүктілер,және гестациялық мерзімнің 34 және одан жоғарғы аптасындағы уақытынан бұрын асқынусыз босанушы әйелдер мен жүктілерге арналған.

2 дәрежедегі көмек көрсетілетін аймаққа келген жүктілер мен босанушылардың қауіп дәрежесі сәйкес келмеген жағдайда,аймақтандыру принціптері бойынша сәйкес босануға көмектесуші ұйымдарға ауыстырылуы қажет. Осы дәрежеге сәйкес келмейтін босанушылар және ауру туылған немесе нәрестенің салмағы 1500 граммнан төмен болған жағдайда сәйкес профильды ауруханаға ауыстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда 2 дәрежедегі ұйым хаттамаға сәйкес интенсивті терапияны және адекватты медициналық көмекті көрсетуі тиіс(хирургиялық араласуларды қажет ететін жағдайлардан басқа кезде).

2 дәрежедегі ұйым реанимация және ренимациялық толық жабдықталумен нәрестелерге интенсивті терапия бөлмесі,ӨЖЖ жүйесі,кувездер және де клиникалық,биохимиялық, бактериологиялық лабараториямен жабдықталуы тиіс.Неонотологтың постта тәуліктік бақылау жүргізуі.

3  дәреже

3 дәрежелі ұйым ( Перинатальды орталық , областтық аурухана және т.б)перинаталды паталогия даму қауіпі бар босанушылар мен жүктілер, гестациялық мерзімнің 22-33 аптасы + 6 күндік уақытынан бұрын босанушыларға арналған.Бұл ұйымға асқынбаған жүктілікпен және босанушыларда жата алады. Дәреже жүктілерге, босанушыларға және арнайыланған акушерлік және неонатальды көмекке мұқтаж ауру нәрестелерге , соның ішінде дене салмағы 1500 грамм және оданда төмен жетілмеген нәрестелерге медициналық көмектің кез келген түрін көрсете алады.

3 әрежедегі ұйым жоғарғы дәрежедегі мамандар және жабдықтармен қамтамасыз етілуі керек.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.