Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йелдер кеңесі дегеніміз не?



1. Әйелдер кеңесі дегеніміз не?

Әйелдер кеңесі (ӘК) тұрғындарға амбулаториялық емдік профилактика акушерлік гинекологиялық көмек көрсететін

емхананың бір бөлігі болып саналады. Әйелдер консультациясы (кабинеттері) осы заманғы технологияларды, клиникалық хаттамалардың негізінде амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмекті, отбасын жоспарлау және ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау жөніндегі қызметтерді пайдалана отырып, халыққа амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету үшін құрылады.

Әйелдер консультациясы (кабинеті) дербес ұйым ретінде ұйымдастырылуы мүмкін немесе перинаталдық орталықтың, перзентхананың, емхананың бөлімшелік құрылымы болып табылады.

 

2. Әйелдер кеңесінің негізгі функциялары мен міндеттері.

Әйелдер кеңесі бөлімінің негізгі міндеттері:

Тіркелген аймақтағы тұрғындарға білікті акушерлік гинекологиялық көмек көрсету;

Жүктілік кезінде аурудың асқынуынан, босанғаннан кейін де гинекологиялық ауруларды алдын алу;

Заңнамаларға сәйкес Ана мен бала денсаулығын сақтауда әйелдерге әлеуметтік құқықтық көмек көрсету;

Гинекологиялық ауруы бар әйелдерді, жүкті әйелдерді емдеуді және диагностика қоюда аурудың алдын алу туралы жаңа әдістемелерді практика жүзінде жұмысқа ендіру;

Амбулаториялық акушер-гинекологиялық көмек туралы алдыңғы қатарлы форма мен әдістемелерді еңгізу.

Әйелдер кеңесі негізгі міндеттерге сәйкес келесі міндеттірді жүзіге асырады:

Әйелдер арасында санитарлық профилактикалық жұмысты ұйымдастырады және өткізеді;

Әйелдерді профилактикалық тексеруден өткізу;

Жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу үшін контракцепция жұмысын жүргізу;

 

Жүкті әйелдерді, босанатын әйелдерді және гинекологиялық ауруы бар әйелдерді, әйелдер кеңес бөлімінде және үйлерінде босану, балалар кеңес бөлімінде, басқа да емдеудің алдын алу мекемелерінде бір ізбен емдеу және тексеруді қамтамассыз ету.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.