Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





йелдер кеңес бөлімі жоспарлы көмек көрсетеді.



әйелдер кеңес бөлімі жоспарлы көмек көрсетеді.

· Гинекологиялық науқастарды қабылдайды;

· Жүкті әйелдерді қабылдайды;

· Гинекологиялық науқастарды диспансерлік бақылауға алады;

· Кіші жамбас органдарының Ультрадыбыстық зерттеуі;

· Жатыр ішінің шиыршығын алу және салу;

· ӘК құрамында отбасын жоспарлау кабинеті мен «Ламаз» атты аналар мектебі бар.

Әйелдер кеңесі бөліміндегі дәрігердің маңызды жұмысы жүкті әйелдерді есепке алу және қауіпті топтағы әйелдердің емдеу шараларын жүзеге асыру болып табылады.Кеңес беру қызметі участік бойынша жүргізіледі. Әйелдер кеңесінің бөлімінің жұмыс уақыты: 8.00 -20.00 бұл сол аймақта тұратын әйелдерге амбулаторлық акушер гинеколог көмекті шектеусіз уақыт көмек беруді қамтамасыз ету

 

3. Учаскелік қызмет принципінің артықшылықтары.

1) экстрагениталдық патологияларды уақтылы анықтау және диспансерлік есепке алу үшін фертильдік жастағы әйелдерді жыл сайын зерттеп-қарау;

2) созылмалы экстрагениталдық аурулары бар ФЖӘ диспансерлеу және алдағы болатын жүктілікке дайындау;

3) ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша әйелдерге консультация беру;

4) созылмалы экстрагениталдық ауруларды бар ФЖӘ топтарының контрацепциямен қамтылуын ұйымдастыру;

5) жасөспірімдермен ұрпақты болу денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау, ерте жыныстық қатынастың және қалаусыз жүктіліктің профилактикасы, контрпцепциясы мәселелері бойынша ақпараттық жұмыстар;

6) жүктілікті жоспарлау кезінде гравидарлық алды дайындықты жүргізу;

7) жүктілікті уақтылы айқындау және диспансерлік есепке алуды қамтамасыз ету;

8) жүктіліктің 12 аптасында (немесе бірінші рет келген кезде) және жүктіліктің 30-32 аптасында, сондай-ақ көрсетілімдер бойынша басқа да мерзімдерде жүкті әйелдерді міндетті қарап-тексеру жүргізу;

9) анамнезді жинау және жіті және созылмалы экстрагениталдық ауруларды анықтау;

10) жүктілікке дейін және босанғаннан кейін флюрографияны тағайындау және оның нәтижелерін бақылау;

11) жүктіліктің физиологиялық ағымымен жүкті әйелдерді қадағалап қарау. Акушер-гинеколог дәрігер болмаған жағдайда асқынбаған және асқынған ағымымен жүктілікті қадағалап қарау;

12) жүкті әйелдерге және емшекпен сүтімен қоректендіретін аналарға тек қана емшекпен қоректендірудің (туған сәттен 6 айға дейін) және баланы кем дегенде екі жасқа дейін емшекпен қоректендіру ұзақтығының артықшылықтары мәселелері бойынша консультация беру;

13) босанғаннан кейін 10-шы және 30-шы тәулікте, сондай-ақ көрсетілімдер бойынша басқа да мерзімде босанған әйелдерді міндетті қарап-тексеру жүргізу;

14) көрсетілімдер бойынша жүктілік кезеңінде және босанғаннан кейін әйелдерге патронажды баруды жүргізу;

15) асқынған босанулары, жүктілікті өз еркімен үзген, гинекологиялық операциялық араласулардан кейін әйелдерге оңалту іс-шараларын өткізу;

16) акушерлік-гинекологиялық, педиатриялық және бейінді қызметтермен сабақтастықты жүзеге асыру;

17) әйелдерді профилактикалық және скринингтік қарап-тексеру;

18) жылына 1 реттен жиі емес гинекологиялық науқастарды қарап-тексеру;

19) аурулардың профилактикасы және ұрпақты болу денсаулығын нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша халықтың арасында санитариялық-гигиеналық ағарту іс-шараларын өткізу.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.