Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Акушерлік стационардың медициналық құжаттары



4. Акушерлік стационардың медициналық құжаттары

№ 111/е нысаны бойынша жүкті және босанатын әйелдердің жеке картасы,

№ 113/е нысаны бойынша жүкті және босанатын әйелдердің алмасу картасы,

№ 025/е нысаны бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасы

5. Әйелдер кеңесінің медициналық құжаттары.

Жүкті әйелді жеңіл және кәсіби зияндылықпен байланысты емес жұмысқа ауыстыру туралы дәрігерлік қорытынды

№ 907 бұйрығымен бекітілген № 084/е нысан бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия береді

6. Әйелдер кеңесі жұмысының негізгі сапалық көрсеткіштері.

1) әйелдерге жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялы көрсетілетін медициналық қызметтерді, сондай-ақ гинекологиялық көмек көрсету;

2) медициналық көмектің қолжетімділігін және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізу;

3) ұрпақты болу жасындағы әйелдерге отбасын жоспарлау бойынша қызметтерді ұсыну.

7. Ана өлімі.

Ана өлімі дегеніміз - жүктілік, босану кезеңдеріндегі және босанғаннан кейінгі 42 күн аралығындағы өлім жатады.

Ана өлімі %= жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі 42 күн аралығында өлген әйелдердің саны х 100000/

тірі туылғандардың саны

Ана өлімінің көрсеткіші – жылына өлген аналардың 100000 мың тірі туылғандардың санымен анықталады.

       Ана өлімінің «қауіп қатер” тобы

Баллдың жиынтығына қарай жүктілер 3 топқа бөлінеді:

1.    Төмен дәрежелі қауіп қатер тобы:

                            0,8 балл

2.           Орта дәрежелі қауіп қатер тобы:

             0,8-ден артық және 2 баллдан кем.

3.          Жоғары дәрежелі қауіп қатер тобы:

                        2 балл және одан жоғары

Ана өлімінің қауіп қатер топтары

Әлеуметтік- биологиялық деректер

• Жасы 19- 40 жас

• Дененің салмағы

• - жетіспеген 10-15 кг

• -артық -20 кг

Акушерия- гинекология мәліметтері

• Етеккір ,бедеулік ,жатыр миомасы , жүктілік, босану, босану арақашықтығы, аборттар, т.б.

Жүктіліктен тыс аурулар

Жүктіліктің ағымы

 жеделинфекциялар, гестоз, анемия , жүктілік үзілу қаупі т.б

Босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңдердің ағымы

• Қағанақ суының мезгілсіз кетуі

• Клиникалық тар жамбас , босану жолдарының жарақаттары т.б

8. Перинатальды өлім.

Перинатальды өлім — жүктіліктің 22 аптасынан бастап, туылғаннан кейін 7 күн аралығындағы (перинаталдық кезең) нәрестенің немесе ұрықтың барлық өлім жағдайларын көрсететін статистикалық көрсеткіш.

Перинаталдық өлім: Өлі туылған.дың саны+ туылғаннан кейінгі алғашқы 7 тәулік аралығындағы өлгендер саны х1000

                                                                                               нәрестелердің саны

9. Нәрестелер өлімі.

Нәрестелер өлімі = бір жасқа толмай өлген балалар саны/тірі туылған 1000 балаға шаққанда

10. Антенатальды өлім. -жүктілік кезінде ұрықтың өлімі.

Антенаталды өлім:

   антенаталды кезеңде өлі туылғандардың саны х 1000

                   өлі және тірі туылғандардың саны

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.