|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3.3 Ой-Қарағай кен орны көмірін экстракциялауКө мірден сұ йық отын мен химиялық ө німдер алу – болашақ тағ ы мұ най ө ң деу ө неркә сібі мен энергетика ү шін маң ызы зор бағ ыттардың бірі. Кө мірден сұ йық ө німдер алу мақ сатында жү ргізілетін зерттеулер оның қ ұ рылысын айқ ындауды жә не практикалық мә селені – табиғ и органикалық шикізаттың мол қ орын пайдалануды кө здейді. Кө мірдің еру дә режесіне қ арай органикалық еріткіштерді келесі топтарғ а бө ліп қ арастыруғ а болады. А тобындағ ы еріткіштер. Мұ ндай еріткіштердің қ айнау температурасы тө мен, сә йкесінше тиімділігі де жоғ ары емес. Оларғ а ацетон, гексан, спирттер, кү кіртті кө міртек, хлороформ, тұ йық тізбекті еріткіштер (бензол, диоксан, тиофен, толуол, ксилол) жатады. Ә тобындағ ы еріткіштер – қ айнау температурасы орташа, тиімділігі жоғ ары заттар. Оларғ а қ ұ рамында біріншілік аминотоптары бар алифатты жә не ароматты қ осылыстар мен қ ұ рамында азот, фенол бар гетероциклді қ осылыстар кіреді. Б тобындағ ы еріткіштер – қ айнау температурасы жоғ ары заттар: антрацен, нафталин, пирен, ретен, тетралин, антрацен майы. Ә жә не Б тобындағ ы органикалық еріткіштермен кө мірді ө ң дегенде оның ісінуі жү реді, ал А тобындағ ы еріткіштерде кө мірдің ісінуі жү рмейді [42]. Кө мірді экстракциялау процесіне органикалық еріткіштер: бензол, толуол, тө рт хлорлы кө міртек жә не пиридин алынды. Аталғ ан еріткіштердің физикалық -химиялық кө рсеткіштері 6-кестеде келтірілген [43-45]. Еріткіштердің қ айнау температурасы 76, 7-115, 30C қ ұ райды, ал критикалық жағ дайдағ ы температураларының мә ндері 115, 4-318, 60C қ ұ райды. Осы жағ дайдағ ы қ ысым мә ндері 4, 00-4, 91 МПа дейін жетеді.
6-кесте - Еріткіштердің физика-химиялық кө рсеткіштері
6-суретте Ой-Қ арағ ай кен орыны кө мірін экстракциялаудың сызба-нұ сқ асы келтірілген. 6-сурет - Ой-Қ арағ ай кен орны кө мірін экстракциялау процесінің сызбанұ сқ асы
Кө мірден сұ йық ө німдерді экстракциялау процесін жү ргізбестен бұ рын бастапқ ы шикізатты процеске дайындау кезең і жү ргізілді. Ол ү шін бастапқ ы Ой-Қ арағ ай кен орыны кө мірі бө лме температурасында кептірілді. Кептіргеннен кейін оны келіде немесе қ андайда бір қ ұ ралдың кө мегімен майдалап ү гітілді. Бұ дан ары майдаланғ ан кө мір диірменде механикалық ө ң деуден ө тті. Бұ л жү ргізілген процестер кө мірді химиялық ө ң деуге дайындау сатысын қ ұ райды (6-сурет). Механикалық ө ң делген кө мір органикалық еріткіштермен араластырылып, еріткіш температурасынан жоғ ары температурада, қ ысым қ олданылып, реакторда экстракциялау процесіне ұ шыратылады. Бұ л кө мірді экстракциялау процесін қ ұ райды. Экстракциялау процесі аяқ талғ аннан кейін реактор бө лме температурасына дейін суытылып, қ атты жә не сұ йық ө німдер центрифуга кө мегімен ажыратылды. Бұ л процестің нә тижесінде экстракциялау процесінен алынғ ан ө нім экстракт пен рафинатқ а ажыратылды. Центрифугалаудан бө лініп алынғ ан қ атты жә не сұ йық ө німдердің қ ұ рамдары физика-химиялық талдау ә дістерімен зерттеледі. Жоғ арыда атап ө ткен процестер бойынша Ой-Қ арағ ай кен орыны кө мірін экстракциялаудың принципиалды сызба-нұ сқ асы қ ұ растырылды. 7-суретте кө мірді экстракциялау процесінің принципиалды сызба-нұ сқ асы келтірілген.
7-сурет - Кө мірден сұ йық ө німдерді экстракциялау процесінің принципиалды сызбанұ сқ асы
Кө мірді экстракциялау процесінің зерттеу нә тижелері 7-кестеде келтірілген.
7-кесте - Ой-Қ арағ ай кен орны кө мірін экстракциялау процесінің нә тижелері
Кестеде кө рсетілгендей бастапқ ы кө мір мен органикалық еріткіштердің қ атынасы 1: 5 қ атынасындай алынды. Жоғ ары критикалық жағ дайда органикалық еріткіштерде кө мірдің термиялық еруі жү ргізілді. Еріткіш ретінде бензолды қ олданғ анда критикалық температура мә ні 289, 50С қ ұ рады, осы кездегі қ ысым мә ні 5, 2 МПа жетті. Процесс нә тижесінде 10, 0 л газ газометрге жинап алынды, сұ йық ө нім шығ ымы пастаның органикалық массасына шақ қ анда 94, 5 % қ ұ рады. Толуолды қ олданып кө мірдің термиялық еру процесін жү ргізгенде сұ йық ө нім шығ ымы пастаның органикалық массасына шақ қ анда 99, 1% қ ұ рады. Процесс температурасы 320, 00С жетіп, қ ысым мә ні 2, 3 МПа қ ұ рады. Термиялық еру процесіне тө рт хлорлы кө міртекті қ олданғ анда пастаның органикалық массасына шақ қ анда сұ йық ө нім шығ ымы 98, 9 % қ ұ рады. Процесс қ ысымы 1, 9 МПа, температура мә ні 283, 10С қ ұ рады. Еріткіш ретінде пиридинді қ олданып, 1150С температура мен 1, 0 МПа қ ысым мә нінде экстракциялау процесі жү ргізілді. Осы кезде сұ йық ө нім шығ ымы пастаның органикалық массасына шақ қ анда 97, 2% қ ұ рады.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|