Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





4. Бұлшық еттердің құрылысы мен жұмысы



    Бұ лшық еттердің қ ызметі мен физиологиялық қ асиеттеріне қ арай оларды екі топқ а бө леді: кө лденең жолақ ты бұ лшық еттер, бірың ғ ай салалы бұ лшық еттер.

    Барлық бұ лшық еттерге тә н қ асиет – олардың тітіркендіргіштер ә серінен жиырылуы қ асиеті.

    Кө лденең жолақ ты бұ лшық еттер. Олар адамның барлық қ озғ алыстарын қ амтамасыз етеді. Кө лденең жолақ ты бұ лшық еттердің жиырылуынан барлық қ озғ алыстар, қ имылдар жү зеге асады. Кө лденең бұ лшық еттерінің жолақ тары қ осылып, 1, 2, 3-ші реттік шақ тары қ ұ райды. Ә рбір шақ дә некер ұ лпа деп аталатын қ абат арқ ылы бір-бірінен бө лініп тұ рады, ал барлық бұ лшық еттің сырты қ апталғ ан.

    Бұ лшық еттер сің ірлер арқ ылы сү йектерге бекиді. Сің ірлер мен дә некер ұ лпалардың жиырылғ ыштық қ асиеттері болмайды. Орналасқ ан орнына жә не атқ аратын қ ызметіне қ арай бұ лшық еттер тө мендегідей болып бө лінеді:

    - Шең бер бұ лшық еттер (кө з, ауыздың айналасындағ ы бұ лшық еттер);

    - Жалпақ бұ лшық еттер (қ ұ рсақ, арқ а, кеуде бұ лшық еттері);

    - Ұ зын бұ лшық еттер (қ ол мен аяқ бұ лшық еттері);

    - Қ ысқ а бұ лшық еттер (омыртқ а, қ абырғ а аралық бұ лшық еттеріне бө лінеді).

    Бұ лшық еттер атқ аратын қ ызметіне байланысты бү гілдіретін жә не жазылдыратын бұ лшық еттерге бө лінеді. Олар бір-біріне антогонистік немесе синергестік сипатта болады. Қ ол қ арының екі басты жә не ү ш басты бұ лшық еттері орындайтын шынтақ буынның бү гілдіретін бұ лшық еттері синергистік болады.

    Бірың ғ ай салалы бұ лшық еттер. Олар ішкі мү шелердің қ абырғ асын тү зеді. Ішектің, ө ң ештің, қ арынның, қ ан тамырларының кең ірдек қ ырлары (стенка бронхи) бірың ғ ай салалы бұ лшық еттерден қ ұ ралғ ан. Олардың қ ызметі адам еркінен тыс баяу жиырылады. Ішкі мү шелердің кө лемі бірың ғ ай салалы бұ лшық еттердің жиырылуынан ө згереді. Бірың ғ ай салалы бұ лшық еттер ө здігінен қ озғ алыстық жә не қ иырғ ыштық қ асиет кө рсете алады.

    Ересектерде бұ лшық еттердің салмағ ы дене салмағ ының 40-45%, 7 жастағ ы балада 27, 2%, қ арт адамдарда 30%-ғ а тең болады. Бастауыш мектеп жасындағ ы балада денесін тік ұ стауды жә не саусақ қ озғ алыстарын қ амтамасыз ететін бұ лшық еттер ерекше қ арқ ынды дамиды. Қ олдың кү ші біртіндеп ө седі, 10 жастан кейін ерекше артады. Бастауыш мектеп жасындағ ы балаларда тұ лғ а, иек, балтырды жазатын қ асиеті бар бұ лшық еттердің кү ші біршама артады.

    Бала бұ лшық етінің дамуы. Бұ лшық еттер ана қ ұ рсағ ындағ ы дамудың алғ ашқ ы жартысындағ ы кезең нің ө зінде-ақ ө здеріне тә н тү р мен қ ұ рылымдылық сипат алады. Бұ дан былай олардың ұ зындығ ы мен қ алың дығ ы тез ұ лғ аяды. Олар сү йек қ аң қ асының ө суіне сә йкес бұ лшық еттер талшық тарының ә сіресе, тарамыстардың ұ заруы арқ ылы ұ зыннан ө седі, солардың кө мегімен бұ лшық еттер сү йекке бекиді. Шамалы дә режеде бұ лшық еттердегі алғ ашқ ы бұ лшық ет ұ лпасының қ алың дығ ынан ө су талшық диаметрінің ұ лғ аюы арқ ылы жү реді. Жаң а туғ ан нә рестеде ол миллиметрдің 10-15 мың нан бір ү лесінен аспайды, ал 3-4 жаста 2-2, 5 есе ұ лғ аяды. Келесі жылдары бұ лшық ет талшық тарының диаметрі айтарлық тай дә режеде ағ заның жеке ерекшелігінен, ең бастысы қ имыл белсенділігіне байланысты болады. \

    Жаң а туғ ан нә ресте бұ лшық етінің ү лесіне бү кіл дене салмағ ының 20-22% тиеді, яғ ни ересек адамдікіне қ арағ анда шамамен екі есе аз. Ал ересектердің бұ лшық еттері кө бінесе дене салмағ ының 35-45% қ ұ райды. Демек, туғ аннан ержеткенге дейінгі бү кіл кезең ішінде бұ лшық еттер салмағ ының артуы жалпы дене салмағ ының артуынан екі есе қ арқ ынды болуы тиіс. Алайда алғ ашқ ы уақ ытта, сә би жү ре қ оймағ ан кезде, бұ лшық еттер бү кіл ағ заны тұ тас алғ андағ ығ а қ арағ анда баяу ө седі. Мә селен, туғ аннан кейінгі алғ ашқ ы 4 ай ішінде дененің жалпы салмағ ы екі есе артады, ал бұ лшық ет салмағ ы тек 60% ғ ана ө сіп, дене салмағ ының 16%-ын қ ұ райды. Бір жасқ а толғ аннан бастап табиғ и жаттығ удың ә серінен бұ лшық еттердің ө суі бірте-бірте шапшаң дай береді, ал алты жаста бұ лшық еттің ө суі 14-15-тен 17-18 жасқ а дейін қ арқ ынды болады. Сө йтіп, бұ лшық еттің ү лесіне 14 жаста орташа алғ анда дене салмағ ының 30%, ал 18-20 жаста 40% тиеді.

    Бұ лшық еттің жиырылу қ абілеті ана қ ұ рсағ ындағ ы тіршіліктің екінші айының соң ында пайда болады. Бұ лшық ет тонусы бірте-бірте дамиды, сонымен бірге ана қ ұ рсағ ындағ ы даму кезең інде жә не емшек жасында бү гілгіш бұ лшық ет тонусы жазғ ыш бұ лшық ет тонусынан басым келеді де, оның жатырдағ ы ұ рық тың табиғ и жағ дайын сақ тау ү шін маң ызы болады. Бұ л қ имылдау деп аталады. Ол бірте-бірте жиі болады ә рі соншалық ты айқ ын білінеді, сондық тан оны жү кті ә йел анық сезеді. Аяқ -қ олды бү гіп, жазу ү шін жә не тыныс алу мақ сатында басты қ озғ алту ү шін қ ажет қ имылдардың тек туғ анғ а дейін пайда болатындығ ында кү мә н жоқ. Алайда, қ имыл ө те баяу ө теді.

    Бала ө мірінің алғ ашқ ы кү ндерінде-ақ белсенділігін байқ атады. Бұ л – негізінен алғ анда, аяқ -қ олдың ретсіз қ имылдары. Бала етпетінен жатқ ан жағ дайда басын бұ рады, одан кейін бү кіл денесімен аунап, шалқ асынан жатады. Егер оны тік жағ дайда ұ стаса, басы алғ а қ арай ең кейеді, ө йткені оның салмақ тү су орталығ ы алда, яғ ни бас сү йектің омыртқ амен буындасқ ан жерінде, тірек нү стесінде болады, ал артқ ы мойын бұ лшық етінің тонусы басты дұ рыс қ алыпта ұ стап тұ руы ү шін жеткіліксіз.

    Бала ө мірінің екінші айында басында жарық қ а қ арай, одан кейінірек дыбыс шық қ ан жақ қ а бұ рады. Етпетінен жатқ анда ол басын кө тереді, ал екінші айдың соң ында, қ олмен сү йеніп, басын ғ ана емес, кеудесін де кө тереді.

    Ү ш айлық бала шалқ асынанетпетінен аунап тү седі. Оның қ олдарының қ имылы бірте-бірте тү рліше болады жә не бесінші айда затқ а кө з тоқ татып қ арай бастайды. Жаң а бір нә рсені кө ргенде бала қ олын созады, ұ стайды жә не ә деттегідей ауызғ а апарады.

Жеті айғ а аяқ басқ анда бала дұ рыс отыра алатындай жағ дайғ а жетеді, ал тағ ы бір айдан кейін ө зі отырып, ә р тү рлі затты ұ стап, аяғ ымен тұ рып кө теріледі. Ол бірте-бірте ең бектей бастайды да, бір жаста немесе екінші жастың алғ ашқ ы айларында бастапқ ыда қ ұ лып-жығ ылып, одан соң неғ ұ рлым еркінірек, ешкімнің кө мегінсіз-ақ бө лмеде жү ретін болады.

Тұ лғ аны немесе бү кіл денені тік жағ дайда ұ стауды игеру қ имыл аппаратында бірқ атар айтарлық тай ө згерістер енгізеді, біріншіден, тонус пен жазылғ ыш бұ лшық еттің қ ысқ ару қ абілеті кенеттен артады, екіншіден, тепе-тең дік сақ тауғ а жағ дай жасайтын, жү рудің, жү гірудің, секірудің икемді болуына ә сер ететін жә не дененің тік жағ дайын ұ зақ т сақ тағ ан кезде бұ лшық еттің жұ мысын жең ілдететін омыртқ а иіндері пайда болады. Жаң а туғ ан нә ресте омыртқ асында ұ зына бойына артқ ы шығ ың қ ы ә лсіз ғ ана білінетін дө ң ес бар, оның тө менгі бө лігінде дө ң естік кү шті білінеді, бұ л – сегізкө з-қ ұ йымшақ иіні.

Мойын иіні екінші айдың соң ында, артқ ы мойын бұ лшық етінің тонусы артқ анда пайда бола бастайды да, алғ ашқ ыда бала етбетінен жатқ ан қ алпында басын кө тереді, содан кейін оны тұ лғ аның тік жағ дайында ұ стайды. Омыртқ аның мойын бө лігінің алғ а шығ ың қ ы дө ң естігі бала ө зінше жә не ұ зақ уақ ыт отыру қ алпын сақ тағ анда едә уір кішірек жақ сы білінетін болады. Сонымен бір мезгілде омыртқ аның орта бө лігінің – кө кірек иінінің артқ ы шығ ың қ ы дө ң ес болуы мү лде анық байқ алады. Жиі отыру, ә сіресе, кө п тұ ру дө ң естігі алғ а шығ ың қ ы бел иінінің пайда болуына жә рдемдеседі. Ә детте, бұ л иін екі жаста байқ алады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда иіндер ә лі де қ алыптаса бастайды да, ол едә уір дә режеде дененің тұ рғ ан қ алпына байланысты болады. Ұ зақ жатудан кейін, мысалы тү нгі ұ йқ ыдан соң, мойын, ә сіресе бел иіні жазылып кетеді де, отыру мен жү рістің ә серінен қ айта пайда болып, жұ мыс кү нінің соң ында кү шейе тү седі. Тіпті, 7-10 жастың ө зінде тү нгі уақ ытта иіндер едә уір жазылып тең еледі. Бұ дан былайғ ы жерде иіндердің ө згергіштігі бірте-бірте жойылып кетеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларда тұ лғ асының ерекше иілгіштігі тә н, мұ ны омыртқ а аралық шеміршектердің аса қ алың дығ ы мен икемділігімен жә не омыртқ а эпифиздерінің кеш сү йектенуімен тү сіндіруге болады. Омыртқ а иіндері пайда болады да, соң ынан дененің жоғ арғ ы бө ліктерінің қ ысымы ә серінен бекиді. Қ ысым бағ ыты дене сымбатына, яғ ни оның отырғ ан, тұ рғ ан жә не жү рген кездердегі қ алпына байланысты болады.

Қ имыл аппаратының негізгі қ асиеттерінің дамуы. Денені тік жағ дайда ұ стау ү ш жү зге жуық ү лкенді-кішілі бұ лшық еттердің бір мезгілде жақ сы ү йлестіріле ә рекет етуін талап етеді. Ә рбір бұ лшық ет басқ а да бұ лшық еттермен бірге белгілі бір қ алыпта бір-бірімен қ озғ ала біріккен қ аң қ а сү йектерін бекіту ү шін қ атаң тү рде белгілі бір кү шпен жиырылуы тиіс. Бұ лшық еттің 50-ге жуық бұ лшық ет кернеуін ү здіксіз ө згерте отырып, аяқ ты алғ а жылжытуғ а қ атысады. Бір аяқ алғ а қ адам басарда басқ а аяқ тың бұ лшық еті тұ ла бой бұ лшық еттері мен бірге тепе-тең дікті сақ тауды қ амтамасыз етеді, бұ л ауырлық орталығ ының ү здіксіз ауысуымен кү рделенеді.

Баланың тұ рғ ан жә не жү рген кездегі бұ лшық еттерінің жұ мысын ү йлестіру бірден ретке келмейді. Бастапқ ыда бала аяқ тарын алшақ басып, екі жағ ына жайғ ан қ олдарымен денесін тең ұ стай отырып жү реді. Тек бірте-бірте, 3-4 жасында ғ ана қ имыл ү йлесімінің болатындығ ы сонша, сә би тепе-тең дікті жақ сы сақ тай отырып жең іл жү реді.

4-5 жаста бала алуан тү рлі жә не кү рделі қ имылдарды жасай алады. Ол секіріп, бір аяғ ымен қ арғ иды, мұ з жолдарында сырғ анап, коньки тебеді, ә р тү рлі гимнастикалық жә не акробастикалық жаттығ улар жасай алады. Ә рине, жағ а қ имылдар жасауғ а бірден қ ол жете қ оймайтыны даусыз. Ондай қ имылдар дағ дыны, ү немі жаттығ у жасауды талап етеді, сонымен бірге кейбір балалар оларды тез, ал енді біреулер ү лкен қ иындық пен мең гереді.

Қ ол басының ұ сақ бұ лшық еттерінің қ озғ алысы бір жастан соң немесе екі жастан соң немесе екі жастың бастапқ ы кезінде мең геріле бастайды. Мә селен, бала ұ сақ заттарды бас алып, барлық саусақ тарымен ғ ана ұ стап қ оймайды, сонымен қ атар басбармақ пен сұ қ саусағ ымен де ұ стай алады. 3-5 жаста оғ ан саусақ тардың ә р алуан жақ сы ү йлесімді жә не дә л қ имылдары тә н: бала сурет салып, рояльда ойнауды, қ айшымен қ июды ү йрене алады.

Ересек адамдарғ а тә н ә р тү рлі бұ лшық еттер тобының қ озғ алысын ү йлестіру ерекшелігі 6 жаста қ алыптасады деп есептеуге болады. Басқ а да кө птеген қ имыл дағ дыларды шын мә ніндегі мең геруге келетін болсақ, ол ағ заның жеке ерекшеліктеріне, сондай-ақ кө бінесе тиісті жаттығ уларғ а, ү йренуге байланысты болады.

Қ озу толқ ынының ө ту жылдамдығ ы. Жоғ арыда айтылғ андарды алты жаста баланың қ имыл аппаратының дамуы тоқ тайда екен деген қ орытынды жасалмауы тиіс. Бұ лшық ет талшық тарының қ асиеттері алты жастан кейін де ө згереді. Қ озу жағ дайы, демек бұ лшық еттердің жиырылуы белгілі бір жиілікпен жү йке талшық тары бойымен қ озғ алатын импульстердің ә серімен пайда болады. Ә рбір импульс бұ лшық етте кезекті қ озу толқ ының тудырады. Келесі қ озу толқ ыны алдың ғ ылары тоқ тағ ан соң ғ ана пайда болуы ық тимал. Тітіркендіру табалдырығ ының шамасымен аяқ талатын бұ лшық ет талшық тарының қ озуы ө мір сү рген алғ ашқ ы жылдардың ө зінде-ақ ересектердікіне сә йкес дә режеге жететіндігі анық талғ ан. Бірақ кейбір бұ лшық еттердегі қ озу толқ ындарының ө ту жылдамдығ ының артуы бұ лшық ет кү штерін кө птеп жұ мылдыруғ а жағ дай жасайды.

Қ имыл қ арқ ыны. Жас ө скен сайын бұ лшық еттің жиырылудан босаң суғ а жә не қ айтадан жиырылуғ а, яғ ни қ имылды алмастыру жиілігіне кө шу жылдамдығ ы артады. Ә ртү рлі бұ лшық еттер тобының қ озғ алыс қ арқ ыны (мысалы, білезіктің, саусақ тардың, аяқ тың тізеден ұ дайы бү гіліп, жазылуы) ә сіресе, мектеп жасына дейінгі ересек балаларда жә не кіші шә кірттік шақ та интенсивтік тү рде ө сіп, 15-16 жасқ а қ арай ө зінің шегіне жетеді.

Бұ лшық еттер кү ші. Бұ лшық еттер кү ші бірдей мезгілде жиырыла отырып, оның барлық талшық тарын дамыта алатын кернеуге байланысты болады. Бұ лшық ет талшық тары неғ ұ рлым ұ зын ә рі жуан болса, ол соғ ұ рлым кү шті болады. Туғ аннан бастап ержеткенге дейін барлық кезең ішінде кө птеген бұ шық еттер талшық тары не бары 2-3 есе ұ зарғ анда, бұ лшық ет кү ші он есе артады. Мұ ның мә нісі мынада: осы кезең ішінде барлық талшық тардың кө лденең қ имасы кейбір бұ лшық еттерде 10-12 есе ө суі ық тимал, ал балтыр тә різді бұ лшық етте бұ дан да едә уір кө бірек ө се алады.

Бұ лшық еттердің жуандауы, яғ ни бұ лшық ет талшық тары диаметрінің артуы (бір-екілі жаң а талшық тардың пайда болуы) оның белсенділігімен тығ ыз байланысты: бұ лшық ет неғ ұ рлым жиі жә не ауырырақ жұ мыс істесе, ол соғ ұ рлым жуан, демек кү штірек болады. Бір жастың ішінде аяқ тың жамбас-сан буыны жазатын бұ лшық еттердің салмағ ы оны бү гетін бұ лшық еттерге қ арағ анда шамамен екі есе ауыр болады. Бала жү ре бастағ анда жә не ұ зақ уақ ыт бойы денесін тік ұ стау жағ дайын сақ тағ анда, созып-жазатын мү шелердің ү лесіне кө п салмақ тиеді. Соның нә тижесінде бір жарым жасар баланың буынды жазатын бұ лшық ет салмағ ынан 3 есе кө п болады.

Кө п қ озғ алатынына қ арамастан мектеп жасына дейінгі балалардың бұ лшық еттерінің жұ мысы кө п кү ш жұ мсағ анына қ арамастан тек қ ысқ а мерзімдік болады. Басқ аша айтқ анда, бұ лшық еттер ө те баяу дә режеде жаттығ ады. Мектеп жасына дейінгі балалардың бұ лшық еттерінің салыстырмалы тү рде алғ анда баяу ө сіп, кү штерінің аз болуын осымен тү сіндіруге болады. Тіпті, 6 жастағ ы баланың бұ лшық еті ү лесіне бү кіл дене салмағ ының не бары 22% ғ ана келеді.

Бұ лшық еттің интенсивті тү рде ө суі жә не оның кү шінің едә уір артуы алты жастан кейін байқ алады. Сегізге жақ ындағ анда бұ лшық еттер дене салмағ ының 27%-ғ а жуығ ын қ ұ райды.

Қ имыл белсенділігінің маң ызы бұ лшық ет кү шінің артуымен шектелмейді. Бұ лшық еттің жиі жә не қ арқ ынды тү рдегі кернеуі сү йектердің жуандауын жә не олардың ішкі қ ұ рылымының қ айтадан қ ұ рылуын шапшаң датады. Атап айтқ анда, бұ лшық ет бекитін учаскедегі сү йек кү шті ө седі, ал сү йек кө піршелерінің орналасу жағ дайы сү йек берік болып, созылып-жазылу жә не қ ысым кү штеріне дұ рыс қ арсылық кө рсете алатындай ө згеріп отырады.

Бұ лшық еттердің тө зімділігі. Тө зімділік – ағ заның орнақ тылығ ы, ұ зақ уақ ыт жұ мыс істегенде оның қ ажуғ а сондай-ақ, ә р тү рлі қ олайсыз жағ дайларғ а қ арсы тұ ру қ абілеті. Жү руге, статикалық кү ш жұ мсауғ а немесе ой ең бегіне қ атысты тө зімділік жө нінде, сондай-ақ суық қ а, тө мен атмосфералық қ ысымғ а, жұ қ палы аурулар микробтарына қ атысты жә не басқ а да ә серлерге тө зімділік жө нінде айтуғ а болады. Ұ зақ уақ ыт бойы динамикалық жә не атқ ару қ абілетін айқ ындайтын қ озғ алыс аппаратының тө зімділігі бірнеше жылдар ішінде баяу жә не бірте-бірте артады. Ол 30-40, ал кейде 50-60 жасқ а дейін арта береді. Жасқ а қ арай тө зімділік артуының негізгі шарты тиісті жаттығ улар болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалар ө те қ озғ алғ ыш келеді, сө йтіп, мұ ның ө зі қ имыл аппаратының табиғ и тү рде айтарлық тай жаттығ уына жағ дай туғ ызғ андай болады. Ә детте бала 3-4 жаста жай, бірқ алыпты қ адаммен ұ зақ жү ре алмайды. Оның бұ лшық еттерінің статикалық кернеуі тек қ ысқ а мерзім ішінде ғ ана ө згермеуі ық тимал. Мектепке дейінгі сә билік шақ та балалардың қ озғ алмай тұ ру алмайтын себебі де, міне, сондық тан. Ол ө з қ алпын ү здіксіз ө згертіп, тү рліше қ имыл жасайды.

Мектепке дейінгі ересек жастағ ылардың қ имыл белсенділігі кө п жә не ә р алуан болады. Шамамен алғ анда, бір кү н ішінде, ә сіресе, жазғ ы мезгілде бала 15-20 шақ ырымғ а дейін жү реді екен. Жү рген кезде оның қ имылы дұ рыс ырғ ақ қ а ие болады, бірақ ол шамалы уақ ытқ а, мысалы, 5-10 минутқ а созылады. Ә сіресе, отырғ ан сә тте қ имылсыз қ алыпты сақ тау қ абілеті артады, бірақ ол ұ зақ қ а созылмайды. Кү штің ең жоғ арғ ы кернеуі тұ рғ ысынан алғ анда тө зімділік ө те тө мен болып қ ала береді.

Шамадан тыс кү ш тү судің зияны. Эмоционалдық қ озудың ә серінен, мысалы, ойынғ а алданғ анда, аса қ ауіпті жағ дай тө нгенде, жарыс кезінде мектеп жасына дейінгі бала, ә деттегі жағ дайда оның ө зіне тә н емес аса кө п кү ш жә не қ озғ алыс аппаратының тө зімділігін кө рсетуі ық тимал. Алайда, ондай шамадан тыс кернеу ағ заның жағ дайына ә сіресе, жү рек-қ ан тамырлары жү йесіне зиян келтіріп, ауыр патологиялық аурулардың тууына себепші болады. Барлық дене кү шін қ имыл-қ озғ алысқ а, спорт ойындарына, гимнастикамен айналысуғ а, серуендеуге жә не т. с. с. белгілі мө лшерде жұ мсау қ ажет.

 

Пайдаланылғ ан ә дебиеттер:

    1. Ш. Набидоллина Бастауыш мектеп жасындағ ы балалардың анатомиясы, физиологиясы жә не гигиенасы. Оқ улық. 2-басылым. «Фолиант» баспасы. Астана-2011. 112-129 беттер

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.