|
|||
ИББ пәнінде қарастыру керек мәселелер. ⇐ ПредыдущаяСтр 3 из 3 ИББ пәнінде қарастыру керек мәселелер. - инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі; - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде қолдану; - білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту; - еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы; - білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы; - кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет; - мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «тасымалдаушы проблема» болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктеріне әлеуметтік ықпал; - денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзетедамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы. - ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын бейімдеуді (білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды, базалық пәндер бойынша оқытудың пәндік нәтижелері мен дағдыларын, оқу процесін ұйымдастыру шарттарына қойылатын талаптарды); - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқыту нәтижелерін мониторингілеу және бағалау жүйесін әзірлеуді, инклюзивті білім беру шарттарына баланың оқу жетістігін критериалды бағалауды бейімдеуді; - үйден оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеуді; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқыту шарттарына типтік оқу жоспарлары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын бейімдеуді көздейді. - инклюзивті тәжірибені іске асырушы ұйымдардағы қызмет шарттарына педагогтардың дайындығын қамтамасыз ету; - педагогикалық мамандықтары бар жоғары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу жоспарына «Инклюзивті білім беру» және «Арнайы педагогика негіздері» пәндерін қосу; - инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға арналған педагог кадрлардың, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың ерте жастағы балалары үшін дефектолог-мұғалімдер мен педагогтардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасын жетілдіру;
|
|||
|