Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





рпақтың денсаулығын сақтау үшін профилактикалық іс-шаралар.



Ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін профилактикалық іс-шаралар.

“Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған ғой, осы өзгерістер арқылы – мүгедек балалардың ата-аналары балдырғандарының отбасына етене араласуына үміттері қайта оянып, өз балдары ешкімнен кем еместігін, қоғам бұған бей-жай қарамайтынын түсінеді. Бала-адамның бауыр еті, бала десе еміренбейтін жүрек, сыздамайтын балтыр бар ма? Қай ата-ана өз баласының өзгелерден оқшау оқып, білім алғанын қалар дейсің...
Бар тәттісін аузына тосып, бар мүмкіндігін баласына сарп ететін ата-ана өз баласының денсаулығын, болашағын бәрінен жоғары қойып түн ұйқысын төрт бөліп, күйзелетіні, айналасына көрсетпей еріксіз көзіне жас атып, бұлай неге болды деп сарқ ұратыны кімге болса да белгілі. Сондықтан даму мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан қалдырмай, олардың қоғамда бейімделуіне ат салысу қай азаматтың болса да, қай елдің болмасын басты парызы деп санаймын. Әр оқушымен жеке дамуы үшін осындай орталықтар жұмысын жүйелеп отыратын, мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін медициналық-педагогикалық орталықтарды көптеп ашса, кемтар балаларды қуантқан болар еді.
Бүгінде денсаулықты нығайту және мүгедектікке әкеп соғатын патологияларды азайту мәселесінде, ең алдымен балалардың бойындағы ауытқушылықтарды, олардың сәби кезінде уақтылы анықтау көптеген қиыншылықтардың алдын алған болар еді.

*Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.
*Шаршап кетпеуін қадағалау.
*Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру
*Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;
*Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару.
*Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру.
*Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.